Та?ырып: А?аштан ж?не ?олда бар материалдардан жасалатын к?десыйлы? б?йымдар (9 класс)


Мунайлы ауданыБасқұдық селосы№9 орта мектептехнология пәні мұғаліміКулжанова Чинар Джусупбековна
17.02.2016 9 «д»
Сабақтың тақырыбы: Ағаштан және қолда бар материалдардан жасалатын кәдесыйлық бұйымдар.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға фанерадан кітапша жасау технологиясын үйрету;
Дамытушылығы: қолөнер түрлерін терең меңгере отырып, қолөнерге қабілетін ұштау, үлгі бойынша жұмыс істей алуға үйрету;
Тәрбиелік: қолөнерді түсініп, жоғары бағалауға, дәстүрімізді қастерлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету;
Сабақтың көрнекілігі: үлгі жұмыстары, фанера, құрал-жабдықтар;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушылармен амандасу;
-оқушыларды түгелдеу, сыныптың дайындығын тексеру;
-оқушылардың назарын сабаққа аудару:
Үй тапсырмасы: үй тапсырмасын сұрау;
Жаңа сабақ. «Абай қара сөз» кітабының эскизін жасап. Кітаптың бетіне Абай Құнанбаевтың суретін қарындышпен салу.
өтілген сабаққа ой қозғау;
техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру;
Тақырыптың мақсатын таныстыру. Қазіргі заманда оқушыларды тәрбиелеуде, оларды еңбекке баулауда тың жолдарды, тиімді шығармашылық жұмыстарды іздестіру керек.
Бабалар дәстүрін жалғастыру, оны ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыру, әрбір халық шеберлерінің қасиетті борышы. Ағаш ұқсатушылар, ұсталар мен зергерлер ел арасында кездеседі. Оқушылырға қазақ халқының қолөнерінің тармақтары- ағашты, фанера бетін өңдеу өнерлерін меңгерту.
Ағаш өсіп тұрған табиғи тығыз материал. Ол тамырдан, дінінен, бұтақтардан тұрады. Ағаштың негізгі бөлігі- діңі. Қазір өскелең заманда техниканың ғарыштап өсу кезінде ағаш өмірде барлық салаларда көптеп қолданылады.
Қолданылатын құрал- саймандар:
а) Фанера, топса, шеге, ПВА желім, түссіз лак, қылқалам, қызыл бархат мата, қатты кардон;
Кітапшаның сызбасы.
Ұзындығы- 25 мм
Ені- 16 мм
Биіктігі- 6 мм
Қалыңдығы- 5 мм



б) Қажетті құралдар: қол ара, қылқалам, құмқағаз, қарындаш.
Жұмыс орнын әр кез таза ұстап, жұмыстан соң орнын тазалап кетуге дағдыландыру.
Сабақты қорыту. Оқушылар жұмысын қабылдап, жіберген қателіктерін түзету;
Бағалау. Жақсы жасалған бұйымның нәтижесіне қарай бағалау. Жақсы жасалған бұйымды оқушыларға үлгі ретінде көрсету;
Үй тапсырмасы: сабақ барысында аяқталмаған жұмыстарын, үйде аяқтау.