Сурет п?ні бойынша к?белектерта?ырыбына технологиялы? карта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: ___________________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Сурет
Тақырыбы: Көбелектер (кляксография).
Мақсаты: Қылқаламмен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру, қылқаламды бояуға батыру, палитраны пайдалану, негізгі түстерді араластыра отырып қосымша түстер алу. Сурет салуда «кляксография» тәсілімен таныстыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: Бояулар, қылқалам, палитра, қағаздар, су, сүлгі, көбелек суреті, қылқалам қоятын тұғырлар, әліппе-дәптер.
Сөздік жұмысы:
Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. «Көбелек» туралы өлең оқу А. Сәрсеков
Мен тимеймін, жасқанбай,
Дос болайық, көбелек.
Жайнай тұрған бақшамда
Гүлдерімді көре кет.
Қызыға қатысуы, сұраққа жауап беруі,белсене қатысуы.
Ұйымдастыру,
ізденіс жүргізу. 1.Қылқаламды таза суға батырып, онымен бояудың үстіне су тамызамыз. Бояудың жарты бөлігі су болады. Енді бояуды сумен араластырамыз.
2.Қылқаламмен көбелектің оң жақ қанатына дақ түсіреміз.
3.Қағазды дәл ортасынан бүктеп, көбелектің сол жақ қанатымен оң жақ қанатын беттестіреміз де оны қолымызбен үстінен сипаймыз.
4.Көбелектің қанатын ашамыз. Балалардың қызыға жұмыс жасауы, жауаптары.
Сұраққа жауап қайтару, белсене қатысып, суреттерін салу.
Бір-біріне көмектесу.
Палитрада бояуларды араластырып көреді.
Рефлексия-түзету жұмыстары
(коррекция) Ойын: «Түстерін тап».
Балалр жұмыстарын талдау.
Балалар екі түсті араластырып, үшінші түсті алуды үйренеді.
Болжамды нәтиже:
Білу керек: Екі түсті қосқанда үшінші түстің пайда болуын.
Түсінігі бар: Кляксография тәсілімен жұмыс жасау.
Орындай алады: Бояулардан түстерді шығару.