Та?ырып: А?аштан сувенирлік б?йымдар дайындау (7 класс)


Мунайлы ауданыБасқұдық селосы№9 орта мектептехнология пәні мұғаліміКулжанова Чинар Джусупбековна
01.03.2016 7 «д»
Сабақтың тақырыбы: Ағаштан сувенирлік бұйымдар дайындау. Сандық және кебеже беттерін әшекейлеп оюға эскиздер дайындау.
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының қолөнер туындыларының шығу тарихы, жасалу технологиясы мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру.
Дамытушылығы: оқушыларға теориядан алған білімдерін, практикамен ұштастырып, білімділігін арттыру.
Тәрбиелік: ұлттық қолөнерді құрметтеуге уйрету және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақты оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық және өз бетімен жұмыс.
Сабақты ұйымдастыру формасы: топқа бөліп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: дайын жасалған сандықша, сандық жасаудың нұсқау картасы, «Ағашты қолмен өңдеу және металмен өңдеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі» плакаттар, буклет, чеканка, тірек сызба.
Керекті құрал-саймандар: ағаш, қол арасы, сүргі, егеу түрлері, жұқа қаңылтыр, шекімелеу құралдары, балға, қарындаш, сызғыш т.б.
Пәнаралық байланыс: сызу, тарих, биология, экономика, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуын және даярлығын тексеру.
II.Үй тапсырмасы: Өткен сабаққа шолу жасау.
Ағашты қол арамен кесудің қандай жолдары мен тәсілдері бар?
Ағашты сүргілейтін аспаптардың қандай түрлері бар?
Сүргіні кері қозғалтқанда, қалыптың артқы жағын неге көтереді?
III.Жаңа сабақ.
Сандық – ұлттық бұйым. Сандық әр түрлі бұйым салуға арналған ағаштан жасалған тұрмыста қолданылатын үй жиһаздары негізіне жатады.
Сандықтың шығу тарихы: Қазақ халқының қолөнері өте бай және ою - өрнектері терең философиялық мазмұнда салынған. Ежелгі бабаларымыз жалғыз сандықтың өзін өрнектермен нақыштап қана қоймай, зергерлік өнердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, алтын, күміс басқа да небір құнды асыл тастармен өрнектеген. Ондағы әшекейлердің байланыстары өте күрделі. Ежелгі шеберлер ағаш бұйымдарын көбіне сүйек пен әрлеген. Сандық киім кешек. Әр түрлі уақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді - кішілі «қол сандық», «әбдіре», «жағдан», «кебеже»т. б түрлері көп.
Қолданылуы: Сандық киім – кешек салу үшін қолданылады. Сандықты қыз ұзатқан кезде артынан киім-кешегін салып апарғанға қолданады. Қазіргі кезде осы салт - дәстүріміз қалған жоқ.
Сандықтың түрлері:
Қол сандық: Бұл Қазақстанның барлық аудандарында ежелден бері көп тараған бұйымның бірі. Қол сандық бойжеткен қыздарға арнап жасалады, ол қыз ұзатылғанда жасау құрамына енеді. Олай болса қол сандықтар бойжеткен қыздар мен жаңа түскен келіндердің еншісіндегі өте сәнді бұйымдардың бірі. Бұған қыздың жүзік, сырға, білезік, уақ-түйек бұйымдарын, боянатын опа заттарын салатын болған.
«Кебеже»- тамақ азық – түлік салу үшін әшекейлеп, оюлап жасалатын ағаш сандықтың бір түрі.
«Жағдан»- қажетті сапалы былғары мен күмістен қапталған. Оларды табу оңай болмағандықтан, оны тек сән қуған ауқатты адамдар ұзатылатын қыздарына арнап өз қолдарындағы материалдарын беріп жасатқан.
Сандықты әшекейлеу: Сандықты жұқа қарағай тақтайдан жасалған. Олардың сырты түгелдей қызыл немесе жасыл, көк бояулармен боялып, бет жағы ою өрнектерді кесу арқылы сүйек пен безендірілген, ол жез, күміс, алтын және түсті тастармен әшекейленген. Оның аспа құлыппен немесе құпия бітеу құлыппен бекітілген. Көбінде ою - өрнек салып сәндеген. Қазақтың ою - өрнектерінің түрлері өте көп. Жан – жануарлардың дене мүшесіне байланысты, табиғатқа құстарға, геометриялық фигураларға байланысты ою-өрнектер көптеп салынады.
Соның ішінде «Қошқар мүйіз, кемпірқосақ, тышқан із» т.б.
«Қошқар мүйіз» өрнегінің символдық мәні бақыт – береке, байлық, молшылық.
«Кемпірқосақ» ою – өрнегі бірнеше түстен жинақтар жасап, алма кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің нышандық мәні бар, көк түс аспанның, ақ - ақиқаттың, қуаныштың, сары - ақыл парасаттың, жасыл - жастықтың, көктемнің символы.
Технологиялық кезеңі:
Сандық жасау - 8 кезеңнен тұрады.
Жобаны орындауда қолданылатын материал түрлері:
1. Жұқа тақтай
2. Оракл – 3 метр
3. Қаңылтыр - 0, 5 метр
4. Құлып тілшесі - 1 дана
5. Топсалары - 2 дана
6. Тұтқалары - 2 дана
Керекті құрал – жабдықтар: Сызғыш, қарындаш, сүргі, ара, қайшы, өрнек кесуге арналған біз шеге.
Жобаны орындау барысында болған өзгерістер мен толықтырулар: Сандық ежелден пайдаланылған бұйым, салт – дәстүрге байланысты бойжеткен қыздарға арнап жасалады, ол қыз ұзатылғанда жасау құрамына енеді. Сандық бойжеткен қыздармен жаңа түскен келіндердің еншісіндегі бұйым.
Кебеже — тамақ сақтауға арналған сандық сияқты ағаш бұйым. Кебеженің түбі қалың тақтайдан жасалады. Оның қақпағы кәдімгі сандықтың қақпағы сияқты, кейде жармалы да болып келеді. Жармалар не көлденең кергіш ағашпен, не таспамен жалғастырылады. Кебеженің беті де асадал сияқты кейде сырмен, кейде сүйекпен ою салып өрнектеледі.
IV.Сабақты қорыту, бағалау.
V.Үй тапсырмасы: сабақ барысында аяқталмаған жұмыстарын, үйде аяқтау.