Саба? жоспары А?аштан о?тау жасау 3 сынып е?бекке баулу


Пәні: Еңбекке баулу
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Ағаштан оқтау жасау.
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері: а)ақпараттық: Ағаштан қалай оқтау жасау керек екені туралы мағлұмат беру.
ә)коммуникативтік: Оқушыларға оқтау жасап үйрету.
б)проблеманы шешу: Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Тиісті жуандықтағы жұмыр ағаш, қайшы, сызғыш, қарындаш,желім (ПВА), қылқалам.
Сабақтың барысы Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
І.Ұйымдастыру бөлімі. - Сәләмәтсіздерме оқушылар?
Бүгінгі сабаққа дайынсыңдар ма? -Сәлеметсізбе. –Ия дайынбыз. Белсенді іс – әрекет жасауға дайындалды.
ІІ.Жаңа материалды түсіндіру. Бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз: Ағаштан оқтау жасау.
Оқтау – қамыр жаю үшін қолданылатын асүй жабдығы.Оқтауды көбінесе адамдар қарағай, тал, терек, қайың ағаштарынан өздері жасап алады.Оқтау ағаштан жұмырлай өңдеу арқылы дайындалады.Дайындалған оқтаудың сыртын зімпара қағазбен жылтырата тегістейді.Қамыр жақсы жайылу үшін оқтаудың сырты тегіс болу керек.
Әр халық қамырды жаю тәсіліне қарай оны ағаштан ыңғайланып жасап алады.Суретте сондай оқтаулардың бірнеше түрі көрсетілген.
Олар мыналар:ұзынша оқтау, ұзынша келген жіңішке оқтау, ортасы дөңестеу оқтау, қолшасы бар оқтау.Жіңішке және қолшасы бар оқтаумен қамыр жаюға болады.

Жаңа сабақты зейін қойып тыңдайды.
Ағаш оқтаудың түрлерімен танысады.
Оқушыларға жаңа ақпарат беріп,
білімдерін кеңейтеді.
ІІІ.Машықтық кезең. Оқтаудың жасалу реті.
1.Оқтау жасау үшін қажетті ұзындықтағы жұмыр ағаш немесе тақтай тілдісін дайында.
2.Жұмыр ағаштың кедір – бұдыр жерлерін пышақпен тегісте.
3.Жұмырланған ағашты зімпара қағазбен тегісте.
Есіңе сақта!
1.Пышақпен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін қатаң сақта!
2.Қамыр жаятындықтан, оқтау сыртының тегіс болуына көңіл бөл! 1.Оқтау жасау үшін қажетті ұзындықтағы жұмыр ағаш немесе тақтай тілдісін дайындады.
2.Жұмыр ағаштың кедір – бұдыр жерлерін пышақпен тегістеді.
3.Жұмырланған ағашты зімпара қағазбен тегістеді.
Сонымен қатар өз бетімен жұмыс жасауға, қауіпсіздік ережесін сақтау керектігімен де танысады.
ІV.Қорытынды. Балалар біз бүгінгі сабақта ағаштан оқтауды қалай жасау керектігімен таныстық.
Ендеше бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергендеріңді білу мақсатына сұрақ қойылады.
Сендер сол сұрақтарға жауап бересіздер.
1.Оқтауды қандай материалдардан жасауға болады?
2.Оқтаудың сырты неліктен тегіс болуы керек?
Сау болыңыздар!!!!!!!!!!!!! Оқушылар жауаптарын айтады.
1.Оқтауды көбінесе адамдар қарағай, тал, терек, қайың ағаштарынан өздері жасап алады.
2.Қамыр жақсы жайылу үшін оқтаудың сырты тегіс болу керек.
Сау болыңыз!!!!!!! Сауалға жауап беру арқылы білімдерін кеңейтті.
Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ қорытындыланды.