Урок по технологий на тему Майлы?тан раушан г?лін жасау


«Н.Бозжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен » МКМ
-135339100ҮЛГІЛІ САБАҚ
00ҮЛГІЛІ САБАҚ

Тақырыбы:
Майлықтан раушан гүлін жасау.

Технология пәнінің мұғалімі: Карашукеева Ляззат Туякбаевна
Үлгі сабақ.
Тақырыбы: Майлықтан раушан гүлін жасау.
Мақсаты: Білімділігі: балаларға еліміздің табиғатының ғажайыптарын түсіндіріп, гүл бейнесін майлықтан жасау әдісін үйрету. Құрап жатқан жердегі ,ағаш бұтағынада екінші өмір беруге болатынын түсіндіру,жәй майлықтардын өзін әдемілеп бүктеп дастарханға қойса, адам тәбетін ашатынына сөзсіз екенін білдіру.
Дамытушылығы: балаларды өздігінен еңбек етуге дайындау. Еңбекке деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: жұмыстарын эстетикалық тұрғыдан ұқыпты орындауға, қазіргі заман талабына сай жан-жақты тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, шығармашылық ізденіс, топпен жұмыс.
Материалдар мен құралдар: түрлі түсті майлықтар,степлер,желімді таспа, қайшылар,құраған ағаш бүтақтары, қалам, гулге арналған ыдыс , дайын жумыстың үлгісі.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалім сөзі: - Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады, бүгінгі күнге тілек айтады.
Щеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
II. Ә) Психологиялық дайындық:
Гүл ексең терлеп,
Мұның аты- еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Слайд: Табиғат.
Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғат пен тікелей байланысты өтіп келеді.
Табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. «Гүл — дүние көркі» . Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі сабағымыз осы гүлдер әлеміне арналады.
Раушан немесе Райхан гүлі — хош иісті, ең әдемі, көрікті гүлдердің бірі. Ол гүлдердің патшасы, раушангүлділер түқымдасына жатады. Римде бір күнді «Раушан күні» деп ерекше қадірлеп тойлаған. Сондықтан раушан нәзіктіктің символы, рухани күш беретін шабыт көзі деп ерекше бағаланған.
Біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатта гүлдердің түрі өте көп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана сабақта айтып жеткізу мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді.
Еліміздің табиғаты өте бай және ғажайып. Көктем және жаз мезгілінде еліміздегі әрбір аймақ әсем гүлмен көмкеріледі. Алуан түрлі гүлдер айналамызды түрлендіріп, ерекше сән береді .
Жұмбақ :
Құлпырса, қадірлейді, аялайды.
Құраса сыпырғышқа жарамайды.
- Бұл не? (гүлдер)
Гүлдер туралы тақпақтар.
Слайдтар (тірі гүлдерден композициялар).
Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер. Гүлдерді барлығымыз жақсы көреміз. Гүлдер бізге қуаныш сезімін әкеледі, сондықтан да барлық мерекелік іс-шараларда гүлдер пайдаланылады. Гүлдер туралы ақындар көптеген өлеңдер жазады. Композиторлар әуезді әндер шығарады. (П. И.Чайковский «Вальс цветов»). Ал суретшілер небір суреттер салады. Слайдтар (натюрморт).
Өкінішке орай, тірі гүлдер көпке шыдамайды. Бірнеше күннен кейін олар солып, өздерінің әдемілігінен айыралады. Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады.
Кейіннен гүлдерді киімдерді сәндеуге, шаштарды әсемдеуге қолданатын болды. Қазіргі қалыңдықтың киімін де гүлдерсіз елестету мүмкін емес. Жай ғана күнделікті тұрмыстағы киімнің өзін гүлмен сәндесеңіз, киіміңіз құлпырып шыға келеді. Бүгінгі күні сән әлемінде жасанды гүлдің алатын орыны ерекше. Жасанды гүлдермен тек қана костюм, көйлектерді емес, сонымен қатар қол сөмкелерін, бас және аяқ киімдерді де безендіретін болды. Дүкендердің көрмелерін, үй жабдықтарын сәндеуде де гүлдер қолданылады.Сонымен қатар асханаларда,ресторандарда ,ұйде қонақ асын бергенде майлықтарды әдемлеп гулге ұқсатып бүктеп қолданылатын болдық. Слайдтар.
Гүл жасауды әркім үйрене алады. Ол үшін біраз шығармашылық қиял мен шыдамдылық қана керек. Табиғат-біздің ақылшымыз, көмекшіміз. Сол табиғаттың тірі гүлдерінің әсемдігін жүрегіңізбен сезсеңіз, қолдарыңыз сол сұлулықты бұлжытпай қайталап жасап бере алады. Сұлулықты қолдан жасау үшін оның болмысын жүрекпен сезіп, көзбен көріп сезіну керек. Сонда ғана еш қиындықсыз гүлдің түр-түрін жасай алатын боласыңдар.
Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау. слайд
Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер қайшымен,степлермен ,желімді таспамен жұмыс жасайсыңдар. Сондықтан техникалық қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары.1. Желімді таспаны ауызға салуға болмайды. 2.Желімді таспаны тіспен кесуге болмайды.
3.Қайшы бос түрғанда партанын шетінде, тұйық жағы өздеріне қарап жатады. 4.Қайшыны бір-бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек.
Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, қайшы, степлер,желімді таспаны, түгендеп алу керек.
ІҮ. Сарамандық жұмыс.
Өнердің өзі қызығушылықтан оянады,қызығушылық-үйрену
процесі.Үйрену-бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Қазақ сурет өнерінің атасы Ә.Қастеев былай деген екен:
Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен үйрендім.
Яғни,өнер біздің айналамыздан табылады,олай болса өнер туындысын жасауға талпынайық. Бүгінгі сабақта сендер майлықтан раушан гүлін жасап көресіңдер. Раушан гүлі ең әдемі, ең жұпар иісті гүл. Сондықтан оны «гүлдердің патшайымы» деп атайды. слайдтар («Раушан гүлдер»)
«Раушангүл» гүлін түрлі-түсті майлықтан суретін салып,ортасын степлермен бегітіп, қиып, алу,. Балаларға үйрете отырып, орындатамын. Музыка ойналады.
1. Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.
3. Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
4. Еңбек етпесен елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
5. Ерінбесең, еңбегің өнеді.
2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.
2. Еңбек – адамның екінші анасы.
3. Ерінбеген етікші болады.
4. Керек тастың ауырлығы жоқ.
5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.
Өнерге үйренем десең, жерінбе.
Мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).
3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды шапқанға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).
6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).
8. Берген – алар,…(еккен – орар).
9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
Бірінші тәсіл - «майлықтан жасалған раушан гүлі». Жасау тәсілін көрсете отырып түсіндіру. Слайд
1.Майлықты бүктеп степлермен ортасын бекітіп,суретін салып, қиып аламыз.
2.Майлықтан қиылған гулдерді,ортасына қарай бүктейміз.
3.Бүктелген гулді кері қарай ашамыз.
4.Майлықтан жасалған гулдін култесі дайын.. 5.Раушан гүлінін сабағын дайындаймыз.құраған ағаш бүтақтарын жасыл түсті майлықпен орап желімді таспамен бекітеміз,жапырақтарын жасыл түсті майлықтарды төрттке боліп ,үш бұрыштап бүктеп ,желімді таспамен түбін орап дайындап аламыз.
6.Дайын болған бөліктерді бір біріне желімді таспамен бекітеміз. 7.
Ағымдағы нұсқаулар: слайдтар (Дайын панно)
Ү. Сергіту сәті. Презентация. Балалар жаттығулар жасайды.
(балалар қимыл қозғалыс арқылы бойларын жазады).
ҮІ. Сарамандық жұмыс.
Ағымдағы нұсқаулар: слайдтар (Дайын панно)
Сендердің жұмыстарыңның нәтижесін біз мына ұжымдық панно арқылы көрсетеміз. Ол үшін біз алдын-ала дайындалған, матамен көмкерілген картонды аламыз. Дайын раушан гүлдерін осында әртүрлі жағдайда орналастыруға болады: бұтақта өсіп тұрғандай, құмыраға немесе себетке салынған гүлдер. Гүлдің әрбір бөліктерін маталы картонға түйреп, қадаймыз. Дайындалған жұмысты рамкамен безендіреміз.
Панно өнер туындысы.Мәдени орындар мен үй ішін көркемдеу үшін жасалады.
1. Табиғи материалдан жасалған панно.
2.Түрлі-түсті қағаздан жасалған панно түрлері де болады.
3.Матадан,лентадан жасалған гүлдер панносы.
Енді мен әрқайсыларыңның ойларыңды тыңдағым келеді. Жұмыстарың өздеріңе ұнады ма? Жаңадан не үйрендіңдер, не білдіңдер?
Ойланып көріңдерші, бүгінгі сабақта алған білімдерін, еңбектерің келешекте сендерге қажет бола ма? (оқушылардың жауаптары)
Балалар, бүгін жұмыстарыңды өздерің бағалайсыңдар.
Сабақ бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттер іске асырылды.
Жұмыс нәтижесі ұжымдық «Раушан гүлі» панносы.
Жүректен – жүрекке
(Бәріміз шеңбер құрып айтамыз)
Жігер деген- МЕН
Күш деген –МЕН.
Махаббат деген – МЕН.
Кешірім деген –МЕН.
Құдірет деген –МЕН.
Жастық деген –МЕН.
Денсаулық деген –МЕН.
Ақылдылық деген –МЕН.
Жарқындық деген –МЕН.
Бар ғажайып деген –МЕН.
Бәрі маған байланысты.
Бәрі менің қолымда.
Сабақ сәрсенбі күні өтіп отырғандықтан «сәрсенбі сәтті күн» деген мақалмен басталса, енді осы ырымды жалғастырып, кішкене жүрекшелерге жазып, балалар бір – біріне бата береді.
Мысалы:
- Аружан, еңбегің жемісті болсын!
- Ахмарал, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
- Жамиля, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
- Назерке, өмірдегі тірегің еңбек болсын,
- Мөлдір, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.
Жүректен – жүрекке осылайша жалғаса береді.
1. Сабақ ұнады ма?
2.Бүгін біз не жасадық?
3.Сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе?
4.Қандай сұрақтарың бар?
Құрметті оқушылар бүгінгі күніміз сіздердің бақытты балалық шақтарыңның бір күні деп білемін, сондықтан осындай күндеріңіз көп болсын. Осымен сабағымызды аяқтаймыз, сау болыңыздар.