Таспадан «раушан г?лін» жасау.
Пән: еңбекке баулу
Тақырыбы:Таспадан «раушан гүлін» жасау.
Мақсаты: 1. Оқушыларға таспадан раушан гүлін жасау жолдарын үйрету.
2. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту.
3. Ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың формасы: сыныптағы сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: таспадан жасалған раушан гүлі.
Барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Наурыз мейрамы аппликациясын жасау.»
ІІІ. Өткенді пысықтау.
Наурыз мейрамы аппликациясын неге жасыл түспен алдық?
Наурыз мейрамы қай мезгілде болады?
IҮ.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Ү .Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Раушан гүлін жасауға әр түрлі материалдарды пайдалануға болады. Гүлдің көзге тартымды көрінуі материалға байланысты және оны орындау тәсілі қарапайым болып келеді. ә) Практикалық жұмыс. Техника қауіпсіздігін сақтау.
Раушан гүлін жасау үшін ұзындығы 60 -70 см, ені 3-4 см жібек таспаны аламыз. Таспаның қыртыстарын үтіктеп, оны бір шетінен екі-үш рет орап шиыршықтаймыз. Шиыршықталған бөлік гүлдің орталық өзегі болады. Оралған таспаның төменгі жиегін қысып ұстап, ине-жіппен бір-екі шалып тігіп бекітеміз. Таспаның қалған бөлігін шиыршықтап, гүлдің күлтелерін жасаймыз. Таспаны ораған сайын төменгі жиегін ине-жіппен тігіп, бекітіп отыру қажет. Ширатылған таспаның жоғарғы жиектерін сыртқа қарай шалқайта бүктегенде, раушан гүлі ашылып келе жатқандай әсер қалдырады. Гүл композициясын толықтыру үшін оның жапырақтарын дайындаймыз. Ұзындығы 8 см, ені 4 см жасыл түсті матадан таспа жасаймыз. Таспаның теріс бетін ішке қаратып қойып, жоғарғы екі жақ шетін бүктейміз. Сонда үшбұрышты пішін пайда болады. Үшбұрыштың төменгі екі ұшын бір-біріне айқастырып, инемен іліп тартамыз. Астыңғы жағы жиырылып, сүйір жапырақ болып шығады. Дайын болған бірнеше жапырақтармен гүлді әсемдейміз. Раушан гүлін кенеп тартылған жақтауға бекітіп, іліп қоямыз.
Сергіту сәті
VІ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі. Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.
VІІ.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не үйрендік? Раушан гүлінің орталық өзегін қалай жасайды? Раушан гүлінен басқа қандай гүлдерді жасай білесіңдер?
VІІI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма беру. Таспадан «раушан гүлін» жасау.