8-Наурыз аналар мерекесі 1 кіші топ?а арнал?ан ойын-сауы?.



Сабырбаева Динара Абуталиковна.
Шығыс Қазақстан обылысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылдық КМҚК «Айгөлек» балалар бақшасының 1кіші топ тәрбиешісі.
8-Наурыз аналар мерекесі 1 кіші топқа арналған ойын-сауық.
Көңілді ән ырғағымен балалар залға кіреді.Орындықтарына отырады.
-Қане, балалар , қараңдаршы ,бөлменің іші қандай әсем, әдемі.
-Сендер де қандай әдемісіңдер.
-Балалар, сендер неге әдемі киініп алғансыңдар?
-Мейрам.
-Ол қандай мейрам?
-Аналар мейрамы.
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсақ шаттанған,
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам.
-.Кімнің анасы ең жақсы?
Балалар:-Менікі, менікі.
-Кімнің анасы мейірімді?
-Менікі, менікі
-Кімнің анасы әдемі?
-Менікі, менікі.
-Анамыз, кімге ұқсайды?
-Маған, маған.
Балалар, қандай жақсы ән айттыңдар,енді мерекемізді жалғастырайық.Балалар, орнымыздан тұрайық екі-екіден қол ұстасып ортаға шығайық.
Көңілді ән әуені ойнатылады.
Балалар қол ұстасып жүру, шеңбер жасап екіден айналу.(киімдерін көрсету)
-Ой, қандай жақсы биледіңдер, көйлектерің қандай әдемі.енді өз орнымызға отырайық жүгіреміз, жүгіреміз.
(Тоқ-Тоқ)
-Балалар біреу келген сияқты.
-Кіріңіз кім болды екен?
(Әдемі көйлегі бар қуыршақ кіреді)
-Сәлеметсіңдерме,балалар, мен қуыршақпын,көңілдімін.
Әрқашанда көңілдімін,көңілдімін.
Ән айтып, билегенді жақсы көремін.
-Көргілерің келе ме?
Онда мен ән айтып берейін.
-Мен көңілді қуыршақпын,
-Аяғымда әдемі етігім бар,
Басымда әдемі орамалым бар
Екі бетім албырап...., қызарып тұр.
Міне, қалай мен ән айттым, сендерге ұнады ма?
Балалар, сендер би билей аласыңдар ма?
Ия!!!
Онда бірге билейік, қане ортаға келіңдер.
Мен сендерге әдемі, түрлі түсті орамал беремін.Қараңдаршы қандай әдемі қызыл, көк, жасыл, сары орамалдар.
(Музыка)
Орамалдарды жоғары көтеріп көрсету.
Орамалды еңкейіп, ары- бері тербелту.
Орамалды артқа тығу.
Балалар өздері орамалға тығылу.
-Қандай жақсы биледіңдер,шаршадыңдарма?
-Ия
-Көңілді қуыршақ, сен де шаршаған сияқтысың ғой, кел сен де отыра ғой.
Балалар қане орнымызға отырайық мен сендерге бір қызықты әңгіме айтып беремін. Тыңдағыларың келе ме?
Баяғыда бір әдемі мысық балаларымен өмір сүріпті.
Қане ,балалар ана мысықты шақырайықшы. Мысықты қалай шақырамыз?
Мыс-мыс-мыс (Мысық ана бұраңдап шығады)
Мен , мысықпын,мысықпын.
Әдемімін жұмсақпын,
Жүнім үлпілдеген,
Құйрығым үлкен ,мамық,
Мұндай құйырық кімде бар айтыңдаршы?
-Балалар , мысық анада бүгін мейрам екен, қонақтарын тосып отыр. Әлі ешкім келген жоқ екен, Сыйлық та әкелген жоқ.
Тоқылдатып, секеңдеп қоян келеді.
Сәлеметсің бе , мысық досым, мен саған мерекеге әдемі гүлімді әкелдім.
Қоян досым, саған көп рахмет, төрге шық, отыра ғой.
Тоқылдатып қу түлкі келеді.
Мен саған өзім жасаған әдемі құмыра әкелдім, әдемі гүліңді салып қоясың.
Рахмет, саған түлкі досым қандай керемет!
Қоянның қасына отыра ғой,
Осы кезде, қорбаңдап аю келеді.
Сәлеметсіңбе, Мысық ана, мейрамыңмен, мен саған марғауларыңа арнап тәттілер әкелдім
Сәлеметсіңбе ,Аю рахмет, төрге шық, отыр.
Мысық ана менің де саған сыйлығым бар, әдемі қызыл етік әкелдім.
Рахмет саған көңілді қуыршағым, отыр, барлығымыз тәттілермен шай ішеміз.
Мысық ана:- Менің, балаларым, марғауларым қайда екен?
Қайда ойнап жүр екен?
-Қане балалар, марғаулар, Мысық анамызды мейрамымен құттықтаймыз.( жүгіріп келіп мысықты құшақтайды)
Түнде сергіп жатпаған
Күндіз тыным таппаған
Бізсіз тамақ татпаған
Айналайын, ақ мамам
Қане, балалар, мысық ана қонақтармен әңгімелесіп отырсын.Ал біз түрлі түсті әдемі доптармен ойын ойнайық па?
Біз көңілді баламыз,ойын ойнап би билеп
Біз көңілді боламыз,тоқ-тоқ-тоқ-тоқ
Добым менің, добым менің,
Өзің неткен көңілді едің,тоқ-тоқ-тоқ-тоқ
Балалар, өлең айттық, биледік, ойнадық шаршадық па?
Ия
Қарнымыз ашты ма ?
Онда мысық анамыздан дәмді ботқа сұрайық
Мысық ана, марғаулардың қарыны ашып жылап отыр, бізге дәмді ботқа беріңізші.
Ой-ой-ой, менің марғауларымның қарыны ашып қалыпты ғой, мен ұмытып кетіппін ғой. Сендер маған көмектессеңдер ботқаны тез дайындаймыз.
Қане ортаға келіңдер. Билеп жүріп ботқаны пісіреміз жарайма?
Ия.
Би: «Аспаздар»
Рахмет, Мысық ана, ботқа өте дәмді екен.
Балалар, ботқа ұнады ма сендерге?
Ия, өте дәмді екен, рахмет мысық ана ,енді марғаулардың ұйқысы келген сияқты. Балалар біраз мызғып алсын , енді орнымызға отырып, көзімізді жұмып, ұйықтап алайық.
Релаксацсия (баяу ән ырғағына)
Түлкішек: Рахмет мысық ана, бізді де үйде балаларымыз тосып
қалды ,жүріңдер достарым үйімізге қайтайық
Сау болыңыз .Мысық ана.