Тарих саба?ында дарынды о?ушылар?а берілетін тапсырмаларды? тере?детілген т?рлері


Бекітемін
№ 18 ОМ директоры:
Жетығарина Т.З.
БАЯНДАМА
Тарих сабағында дарынды оқушыларға берілетін тапсырмалардың тереңдетілген түрлері.
Ақтөбе, 2013 – 2014 оқу жылы.
Тарих сабағында дарынды оқушыларға берілетін тапсырмалардың тереңдетілген түрлері.
Атамұратова Бибігүл Әбдірахманқызы
Ақтөбе қаласы, №18 ОМ тарих пәні мұғалімі
Дарынды балаларды даярлау - заман талабы. Бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру үшін біз ең алдымен келешегімізді, болашағымызды жасайтын білімді, ұшқыр ойлайтын, тез шешім қабылдайтын, кез-келген қиындықтан шыға алатын экстернат оқушыларды даярлауымыз керек. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше сыйды, қабілетті, дарындылықты тани білу, оны әрі қарай дамыту қиын іс. Әрбір оқушының жеке қабілеттерін анықтап, мемлекетіміздің қажеттілігіне қарай тәрбиелеу, барлық жаңа өзгерістерді бала бойына сіңіру, оларды жан-жақты етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Дарынды балаларды айрықша оқшауландыратын ерекшеліктер - ақыл-ой еңбегіне бейімділік, жоғары зерттеушілік қабілеті, жаңа хабарды әрдайым қабылдауға ұмтылыс. Дарынды балалар қиын тапсырмаларды құштарлықпен оңай орындайды. Дайын жауаптарды ұнатпайды.
Мен өз сабақтарымда дарынды оқушыларға мынадай тапсырмалар түрлерін қолданамын. Мысалы: РАФТ, эссе, «бір сөзден», «артығын тап», топтастыру, «сәйкесін тап», дискуссиялық өрнек, семантикалық карта, бесжолды өлең, сезімнен шыққан өлеңдер, «Т» кестесі, «Фишбон», пирамида, тарихи басқатырмалар т.б.
Сәйкесін тап.
№ Тірек сөздер Реті Қате жауаптар Дұрысы
1 Энеолит А Балық аулайтын құрал 1 - Ғ
2 Синантроп Ә «Қыш құмыралар» заманы 2 - Г
3 Садақ пен жебе Б Алғаш қолданылған металл 3 - Д
4 Мыс В Энеолиттік тұрақ 4 - Б
5 Гарпун Г «Қытай адамы» 5 - А
6 Ботай Ғ Мыстытас ғасыры 6 - В
7 Неолит Д Мезолиттің басты жаңалығы 7 - Ә
Топтастыру.
Сақтар Үйсіндер Қаңлылар Ғұндар
Тірек сөздер: «Биші бикеш», Шірік-Рабат, Қарғалы диадемасы, Каталаун шайқасы, Анахарсис, Алтынасар, Ақтау, Ұлы Қытай қорғаны, б.з.б 490 жыл, 24 ру, 16 гектар, 5000 жылқы, Сыма Цянь, Геродот, Прииск.
Дискуссиялық өрнек.
Тірек сөздер Келісемін Келіспеймін
1)Ежелгі Египет патшалары – «перғауындар» деп аталды.
2)Египеттің алғашқы астанасы – Каир.
3)Ніл өзенінің құдайы - Тот.
4)Ең биік пирамида-Хеопсқа арналды.
5)Бір пирамиданы салуға 5 жыл кеткен. +
+ +
+
+
Семантикалық карта.
Тірек сөздер Мемлекеттер Патшалар Астаналар
Хаммурапи
Бактрия
Хаттуса
Рамзес
Ассирия
Мемфис
Вавилон +
+
+
+
+
+
+
Артығын тап.
-Х.Алпысбаев, Ә.Марғұлан, М.Герасимов
-Үйсін, Рим, Кушан; Қаңлы
- Спитамен, Спаргапсис, А.Македонский
-Сарматтар, тері өңдеу, Үйсіндер
-«Аттила», Мағжан Жұмабаев, Джузеппе Верди
Пирамида.
Р
Осындай тапсырмалар арқылы дарынды оқушылардың өзіне де, өзгеге де баға бере білуіне, өзгенің пікірімен санаса білуіне, сыни тұрғыдан ойлауына бағыт-бағдар беруге болады.