Ма??ыстауда бар ба?ытты? тамыры та?ырыбында т?рбие са?аты
Сынып: 5-11 Әдеби-танымдық кеш
Сабақтың тақырыбы: Маңғыстауда – бар бақыттың тамыры...
Сабақтың мақсаты:
Маңғыстау тарихы мен әдебиетінен сыр шерту. Ақын-жазушылардың шығармаларын таныта отырып, оқушылардың бойында азаматтық, адамгершілік тәрбие қалыптастыру.
Жоспар:
1. Жер кіндігі аталған өлке (Маңғыстау тарихы)
2. Билерім сөз бастаған, ерлерім қол бастаған
3. Маңдайын Маңғыстаудың таң сүйеді, таңдайын қайқылардың ән сүйеді
4. Абыл, Нұрым, Ақтаным
Осылар еді тақтағым
5. Жаңара бер, жасай бер – Маңғыстау!
Не замандар өтсе-дағы бұлағай
Көк түріктің туы қалды құламай.
Маңғыстауым-тұнып тұрған тарихым,
Ашық аспан астындағы мұражай
Тарихының тамыры тереңге тартқан Маңғыстау жерінің қасиет тұнған топырағы
талайларды тамсандырып келеді. Табиғаты таңғажайып, тау-тасы түртіп қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған шежірелі өлке. Ендеше тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімі «Жер кіндігі атанған өлке» бөлімінде Маңғыстау тарихымен танысамыз.
1 -Жүргізуші: «Ман» қазіргі қазақ, түрікмен және басқа түркі халықтарының көне тілінде «адам» деген ұғымды білдіреді екен. Бірақ «Маңқыстау» «Адам қыстауы, адам мекені» деген мағынаны білдіретіндігіне қалай көз жеткіземіз? Бұлтартпас дәлел бар ма?
Осылайша «Маңқыстау» атауы әу баста Адамзаттың Түп Атасы Ман есіміне байланысты туған.
Алғашқы «ман» сөзі «адам» деген мағынада тұр деп есептеймін. Ал атаудағы үшінші тұрған «н» дыбысы қазақ тілінің морфологиялық ерекшеліктеріне және алғашқы ұяң дауыссыз «м» дыбысының кейінгі әсерімен, сондай-ақ қысаң дауыссыз «қ», «с» дыбыстарының ілгерінді ықпалымен ассимиляцияланып, ұяң дауыссыз «ң» болып өзгергенін тәптіштеп дәлелдеу артық болар.
2- жүргізуші :Маңғыстау – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Бүкіл Жер шары көлемінде алып қарасақ, Еуропа мен Азия/Азияның түйіскен тұсында. Бұл аймақтың жан-жақпен экономикалық қарым-қатынас жағдайы да өте тиімді. Өйткені облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектесіп, күнбе-күнгі түрлі экономикалық байланыс мүмкіндігі жақсы жолға қойылған.
Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 3 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен, 30 селолық және ауылдық округтен тұрады.Қала халқының саны 274,6 мың адамды құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны – 87,1 мың адам (24%).
2011 жылдың басында облыста 524.2 мың адам тұрды, оның ішінде қала халқы – 275,8 мың немесе 52,8%, ауыл халқы – 248,3 мың адам (47,4%). 2007 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 133,7 мың адамға немесе 34,2% өсті [3].
1- жүргізуші: Ақтау қаласы – Маңғыстау облысының орталығы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады.
2 -жүргізуші:
Ұранымсың, жан баба,
Жыр әнімсің, жан баба.
Жебеушімсің, жан баба,
Демеушімсің, жан баба,
Бекет Ата-Пір баба!
Маңғыстау десе аузымызға бірден Бекет ата немесе 362 әулие түседі. «Маңғыстаудағы әулиелер саны — 360, қырда — Бекет, ойда — Саназармен 362» деген қағиданың қатесіздігін айғақтай түседі. Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайызы Маңғыстауда шоғарланған
1- жүргізуші: Иә, киелі Маңғыстау жері әулиелерге бай. Әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиет ерекшелігі болғаны да аян.Уақыттың куәлік етуінше олардың әрқайсысының киесі мен шарапат-шапағатының әсер ету күші де әр алуан болып келеді. Айталық: бірі қан тамырын ұстау арқылы бүкіл болмысына деректерді қолға ұстатқандай, көріп-танып отырғандай баян етсе, енді бірі кәдуілгі қырық бір құмалықты ашып, сол арқылы айқын болжамдар жасаған; ал келесі біреуі болса кісінің бет-жүзіне қарап отырып-ақ, келген шаруасы мен ниет-пиғылын ашып беріп отырған.
Мәтжан би қасына өнерлі жастарды ертіп ел аралап жүрген бір сапарында інісі
Есет палуан: «Осындай қайратың тасып келе жатқанда бір жау да кездеспейді ғой» — деп
қайталай беріпті. Інісінің даңғойлығын ұнатпаған Мәтжан онымен қатарласа беріп
мойнына қыл шылбырды тұзақтап салып жіберіп, сүйрете жөнеліпті. Көзі аларып,
аузынан ақ көбік ағып өліп бара жатқанда жолдастары арашалап алған інісіне: «Өлсе
өлсін, жау іздеген кісінің сыбағасы сондай болу керек. Ол жаудың менен осал боларына
көзі жетіп іздеп келе ме? — деген екен.
2- жүргізуші:
Әбіш:
Біреулер оны Мың қыстау елі, мыңдаған жолдар өлкесі, мыңдаған шың-құздар мен шыңырау
құдықтар аймағы деп атап жатады. Ал маған ол әлі де сырын аша қоймаған мың құпия, мың
жұмбақ ордасындай көрінеді де тұрады. Алтын Орда, Дешті Қыпшақ заманындағы тарихи
болмысымызды баяндайтын «Қырымның қырық батыр» атты батырлар жырының топтамасының осы аймақта ғана тұтасымен сақталып, атақты Мұрын Сеңгірбайұлының аузымен біздің заманымызға жетуі де жай құбылыс емес. Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Аралбай, Сәттіғұл, Зәкәрия, Сүгір «қаһармандық жыраулық мектебінің» бүгінге дейін жетуінің тарихы тым тереңде.
Адайда Абыл, Нұрымдай,
Байбақтыда Сырымдай,
Ат құлағын теңдесіп.
Шаша алған күйден көбік Құрманғазы,
Қашаған жырдан төккен маржан дүрді –дей келе 10-сынып оқушысы Ә. Елубаевқа кезек береміз.
Қашаған «Тойбастар»
1- жүргізуші: Академик Ахмет Жұбанов былай деп жазады: «Маңғыстауда Шолтаман, Тастемір, Досат, Тұрсын, Жылкелді, Өтеулі, Өскенбай – «жеті әнші», «жеті қайқы» болып аттары шығады. Бұлар жетеуі бірге жүріп, көбіне қосылып ән айтады екен. Ол заманда қосылып ән айту сирек болғаннан ба, тыңдаушылар бұларды аса қатты құрметтейді екен. Әрине, жеті кісінің қосылып бір дауыста ән айтуы әннің сапалық жағын сөзсіз өзгертеді, күшейтеді, әсерлендіреді, байыта түседі:
«Жиналып жеті әнші «желе» кеттік,
Бірігіп сәйгүлікпен елге жеттік.
Әншінің айдап жүрген түлігі жоқ,
«Адайдың жеті қайқысы» өлеңі 5 «а»-сынып оқушысы – Базарбаев Берік
Ендеше, Тастемірдің әніне кезек береміз. «Маңғыстау» Орындайтын: 5 «ә»-сынып оқушысы Баулы Медет
Көнерген күнде күйлерден көбік шаштырған
Бабама сен бе ең сексеуіл шоғын бастырған?
Сол үшін сенің жоныңды сансыз бұрғылап,
Сол үшін сенің көзіңді шайдай аштырғам!
7-сынып оқушысы Аманғалиева Маликаның орындауындағы «Адай» биін қабыл алыңыздар
2- жүргізуші:
Есболай,Шотан,ер ЕсекҚырға қарай саладыМаңғыстауда үш түбекБұл Ноғайлардың жері екенҚонып алып АдайларҚұдықтың көзін ашадыМанағы келген жетпіс үйТөрт мың үй болып жасадыТөрт Төрткілдің басындаМекен етіп ел болыпАлпыс жыл қадам басады
Ер Қосай баба ұраны болдың Ұлыстың,
Басында болдың, елдікті құрған Ұлы істің!
Алатау, Сауран, Сыр менен Еділ, Жайықты,
Қазақтың жерін қорғадың – жаумен тұрыстың.
Маңғыстаудың батыры Қосай батырдың ерлік жорықтарынан үзіндіге кезек берелік.
5 «а»-сынып оқушылары
1- жүргізуші:
Болмасын, салтың –талау, әнің ғайып,
Есен бол, Есіл, Нарын, жаным-Жайық!
Үш жүздің ақ төріне күй дарытқан,
Өлмейді – Құрманғазы Сағырбаев!!!
Ел едік көп түспеген жат құрығы,
Баянды болғайдағы Бақ-тұғыры.
Келеді Күй-керуеннің Туын ұстап,
Жасасын – Адай күйі, Ат дүбірі!
«Адай» күйі орындайтын: 11-сынып оқушысы Есбосын Ерлан
«Жұмыр қылыш» 5-сынып бишілеріне кезек береміз
2 -жүргізуші:
Әр сөзіңде – бір ғалам,
Ғаламның өзі жырлаған.
Ғарыштан түскен періште,
Қанатын жырдың сырлаған.
Сөзіңнің тіні – алтыннан,
Таңдайыңа бал тұнған.
Шапқанда жүйрік көрмеспін,-
Сеннен өтіп артылған – дей келе Қашағанның термесіне кезек береміз. «Қалағандарың сөз болса »Орындайтын: 10-сынып оқушысы Елубаев Әлібек
1-жүргізуші:
Ақ қанаты әппақ қардай үлпілдек,
Аққу қонды көк теңізге бір күн кеп.
Бұл ғаламат – кімнен қалған із еді?
Мойындарын толғап-толғап жүзеді.
«Аққу» биі 5 «а»-сынып оқушыларының биіне кезек береміз.
2 -жүргізуші:
«Ақжарма» күй ең
Абылша ешкім шертпеген,
Айықпай кеткен
Асанқайғының да дерттері ең.
Ақбөбек біткен маңдайыңа қайран, көл бітпей,
Жалғанда сені аққулар мекен етпеген.
Бабамның сенде қауғасы қалса құм қауып,
Жамылды бүгін жағалай жайсаң қыр мауыт.
Өшіп бір кеткен
Өзені қайта жаңғырған,
Бар ма екен өлке
Сенен бетер жырлауық?!
10-сынып оқушысы Амангелдиев Өрісбайдың орындауындағы «Әлқисса»
1- жүргізуші:
Көздеріме қалды мәңгі түнеп түн,
Түн төсінен шашақталған жібекпін.
Абыл-күйдің
Аңқасынан бозторғай,
Мұңын айтып ұйықтатпайды Түбектің.
Қоңыр күннен қорынады күй бұғып,
Қоңыр қобыз тығылады үйге ұлып.
Балиғатқа толған қырдың төсінен,
Мұнараға жатыр біреу сүйдіріп.
Күй. Орындайтын: 5 «а»-сынып оқушысы Құрамшина Салтанаттың орындауында
2- жүргізуші:
Маңғыстау, қойтастарың – жүрегімдей,
Мұнараң – жалы жалын күреңімдей.
Аспаным – Адайлардың көкірегі,
Құс жолы – Көкмойнақтың шідеріндей
Әбіш Кекілбаев«Ұйқыдағы арудың оянуы» 5а-сынып оқушысы Бақтыбай Рыскен
1-жүргізуші:
Маңғыстау өлкесін танытқан небір жүйріктер мен асылдар жетерлік. Атап айтсақ, Есенғали Раушанов Светқали Нұржанов, Сабыр Адай, Анар Шамшадинова, Мэлс Қосымбаев, Нұрлан Мұсаев, Ғалым Әріп, Айсырға Қилыбаева, Көмек Ыбыраев, Гүлжауһар Сейітжан, Әбіш Кекілбаев, Сайын Назарбек, Рза Оңғарбай, Әзірбайжан Қонарбаев, Бірғали Байекеев,Темір Мыңжас, Маршал Әбдіхалықов, Мекерия Атымов, Берекет Жұмалиев, Нұн Жұбаев, Шоқыр Бөлтекұлы, Қыдырбай Тұрмағанбетұлы.
Оқушылардың шығармашылықтарына кезек береміз.
2- жүргізуші:
Өскен жұрт-ұлан байтақ жер егесі,
Ұласқан ұрпақтарға өнегесі.
Маңғыстау – қасиетті, киелі орда,
Әуелден кең жайылған керегесі.
Әбіш Кекілбаевтың шығармасынан монолог 10-сынып оқушысы Жұбаназаров Рысбек
1-жүргізуші:
Ендігі кезекті Маңғыстаудың әзілдеріне кезек берелік.
5-сынып оқушылары
Замана - қызыл түлкі, құбылды мың,
Болмысын парасатпен ұғынды кім?!
Бұйырған Тәуелсіздік бүгінгі күн,
Ашайық ақиқаттың шымылдығын.
Ендігі кезекті Маңғыстаудың ақындарының өлеңдеріне береміз.
Айсырға Қилыбаева «Елім менің», Сабыр Адай «Қазақстан», Ғалым Әріп «Ата-тегім туралы»,
Сабыр Адай «Маңғыстау»
«Маңғыстау маршы» 5,7-сынып оқушылары
Әбіш Кекілбаевтың шығармасынан диалог 10-сынып оқушысы Әбдіраман Назгүл
Үнді биі: 7-сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Маңғыстауда – бар бақыт
Сұлулықтан көздің сұғын тартып ап,
Жұлдызбын – Мен – тұрған жалғыз жарқырап!
Балқаймақ бар - әнін тамсап, жырын көр, -
Кір жұқпаған, кіл асылға ғұмыр бер?!
Маңғыстауда – бар бақыттың тамыры,
Бақ іздеген болса жанның зарығы.
Жүрегім ғой – басқылама, қорлама!...
Қонақ болсаң құрмет қыл, Ордама!
1- жүргізуші:
Көк байрағым көпке өзін танытты!
Көк аспан мен астасып-ақ қалыпты.
Жүрегім ғой –
Жүрегіме көрдің бе-
Күн қонақтап, Қыран ұя салыпты.
Желбірейді ниетіндей қазақтың.
Қазағыммен көк те жалғыз талас күн.
Бейбіт аспан
Берекесі - Әлемнің,
Үміттілер үзбей көзін санассын.
Хор. «Маңғыстау» әні