?йкеліс к?ші. Ауырлы? к?ші. Затты? ты?ызды?ы» та?ырыптары бойынша ба?ылау ж?мысы


Пән: Физика.
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: «Үйкеліс күші. Ауырлық күші. Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық оқушы болуға тәрбиелеу.Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту.
2. Өз беттерінше, жеке жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Дәстүрлі емес сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету.
I нұсқа
1. Шананы қардың бетімен тарту үшін горизонталь бағытта 25 Н күш түсіреді. Егер шана қар бетімен үйкелгенде үйкеліс коэффициенті 0,05 болса, шананың массасын табыңыз.
2.Қабырғасының ұзындығы 7 см және қабырғасының қалыңдығы 1 см болатын іші қуыс мыс текшеге қандай ауырлық күші әрекет етеді ?
3. Шоколадтың тығыздығын анықтаңыз. Құрал – жабдықтар: текше тәрізді шоколад, таразы, сызғыш немесе мензурка.
II нұсқа
1. Салмағы 4 кН шананы мұздың бетімен тарту үшін горизонталь бағытта қандай күш түсіру керек? Шана мұз бетімен үйкелгендегі үйкеліс коэффициенті 0,03.
2. Салмағы 50 Н болатын іші қуыс шойын текшенің қабырғасының ұзындығы 12 см. Текшенің қабырғаларының қалыңдығын табыңыз.
3. Алманың тығыздығын анықтаңыз. Құрал – жабдықтар: алма, таразы, мензурка, суға толып тұрған ыдыс.
Бақылау жұмысының жоспары:
Критерий Тақырыбы Тапсырманың сипаттамасы Тапсыр маның № Ұпай (max)
A Үйкеліс күші Денені горизонталь қозғалтқандағы үйкеліс күшін, дененің массасын анықтау 1 6
A Ауырлық күші Денеге әрекет ететін ауырлық күшін анықтау, текшенің салмағы белгілі болғанда , оның қабырғасының қалыңдығын анықтау 2 6
B Заттың тығыздығы Құрал – жабдықтарды қолданып, заттың тығыздығын анықтау 3 14
C Заттың тығыздығы Құрал – жабдықтарды қолданып, заттың тығыздығын анықтау 3 4
Бағалау жұмысының шкалалары:
Критерий Тапсырма ұпай Тексерілетін элемент Тапсырмаға берілетін ұпай
A 1 0 Оқушы төмендегілердің ешқайсына жетпеді 6
1 Оқушы есептің берілгенін дұрыс жазды 1 Оқушы ХБЖ дұрыс келтірді 2 Үйкеліс күшінің өрнегін дұрыс жазды 2 Оқушы есептеуді дұрыс орындап, жауабын алды 2 0 Оқушы төмендегілердің ешқайсына жетпеді 6
1 Оқушы есептің берілгенін дұрыс жазды 1 Оқушы ХБЖ дұрыс келтірді 2 Оқушы ауырлық күшінің өрнегін дұрыс жазды, денелердің ішкі және сыртқы көлемдерін есептеу формулаларын дұрыс қорытып шығарды 2 Оқушы есептеуді дұрыс орындап, жауабын алды B 3 0 Оқушы төмендегілердің ешқайсына жетпеді 14
2 Оқушы жұмыстың мақсатын анықтай алды 2 Оқушы дұрыс болжам жасады 2 Оқушы зерттеу құралдарын дұрыс анықтады 2 Оқушы заттың тығыздығын анықтайтын формуланы дұрыс жазды 2 Оқушы жұмыстың барысын дұрыс анықтады 1 Оқушы аспаптың бөлік құнын дұрыс анықтады 2 Оқушы экспериментті дұрыс жүргізді 1 Оқушы аспаптық қателікті дұрыс есептеді C 3 0 Оқушы төмендегілердің ешқайсысына жетпеді 4
2 Оқушы кестені дұрыс толтырды 2 Оқушы жұмысқа дұрыс қорытынды жасады Барлығы: 30
Бағалау парағы:
Критерийлер бойынша ұпайлар Ұпайлардың қосындысы Баға
А В С Ұпайларды бағаға аудару парағы:
Жинаған ұпайлар саны Баға
27-30 «5»
23-26 «4»
18-22 «3»
0-17 «2»