Рухани-адамгершілік т?рбиені? т?л?а дамуында?ы ма?ызы


Өтес орта мектебі

Баяндама
Тақырыбы:

2014жыл
Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің әлеуметтік аспектілері Адамгершілік тәрбиесі - ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы болып табылады. Жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, адамгершілік түсінікті, адамгершілік сезімді және адамгершілік мінез-құлықты, бірге тәрбиелеуден тұрады. Мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі Қоғам жағдайы да, сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың білім деңгейлері мен мәдениетіне тәуелді. П.М. Якобсон бойынша адамгершіліктің көріну сипаты:
- жеке тұлға қызығушылықтарының ерекшеліктерінде;
- адамның алдына қоятын мақсаттарының ерекшеліктерінде;
жеке тұлғаның бағдарында;
әлеуметтік және жеке өмірінің маңызды құбылыстарына қатынасында.
В.С. Барулин өзінің “әлеуметтік философия”, - деп аталатын оқулығында руханилықты талдаудың бірнеше астарларына тоқталады:
- руханилық-адамның өзіндік санасының, өзіндік етенелесуінің формасы;
- руханилық - интериоризацияланудың, әлеуметтік тәжірибені игерудің формасы;
- руханилық - адам болмысының детерминациялық-императивті компоненті;
- руханилық адам шығармашылық қызметінің импульсі;
- руханилық-адам еркіндігінің негізі.
Мәдениетті азамат болу үшін ол тәрбиелі болуы керек, тәрбиелеу үшін оның мінез-құлқы мен ерекшелігін білу қажет. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде жеткіншек кезеңнің орны ерекше, оларда жаңадан дүниеге көзқарасы қалыптаса бастайды.
Қытай психологтарының айтуынша 6-7 сынып мезгілі ақыл дамуының ең бір шешуші мезгілі, абстрактілі логикалық ойы күшті дамып, әр нәрсеге тереңінен толғанады-деуі осы жаста олардың сана-сезімдері жетіліп, толықситын кезең.
Биология ғылымында мектеп жасындағы (10-14 жас шамасы) оқушыларда бұл кезеңде дене дамуындағы айқын жыныстық белгілер пайда болады. Өсу, жетілу қалпында сондай-ақ дене бітімінде жыныстық ерекшеліктердің қалыптасу кезеңі басталады. Дәрігерлер бұл негізді қолдай отырып, осы жастағы (10-14 жас шамасы) кезеңде, қыз балалар үшін-үдемелі жыныстық жетілу кезеңі, ал ер балалар үшін бастама кезең, яғни ұрықтың пайда болуымен ұштастырады, осы кезеңде қыздардың бойы 10 см – ге дейін өседі (11-12жас аралығында) ал ұлдардың бойы 13-14 жас шамасы немесе 15 жастан кейін өседі екен, салмақтары қыздардың жылына 4-8 кг болса, ұлдар 14-15 жастан кейін 7-8 кг салмақ жылына қосады. Сонымен қатар осы жаста ішкі секреция бездері өзгеріп, аяқ-қолдың өсуімен, салмақ қосуы әсерінен денеде елеулі өзгерістер болады. Адам ағзасының жылдам өсуі физиологиялық тұрғыда да ерешеленеді. Осы (10-14 жас шамасы) кезеңде олардың дене дамуы барлық жағынан өзгеріп, яғни дененің жетіліп, мүсіннің қалыптасу кезеңіне ұштасады. Ал, педагогтар зерттеулерінде осы жастағы (10-14 жас шамасы) балалардың ішкі дүниесінде, айналамен қарым-қатынасында өзгерістер болатынын түсіндіреді. Бұл жаста олар үйде, мектепте және ауылда түрлі еңбек процесіне қатыса отырып, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңейеді. Міне, осылардың әсерінен бала өзін-өзі білімді, тәжірибелі, өз күшімен әрекет жасай алатын ересек адаммын деп есептейді . Адам дамуының бұл кезеңі есею шақ немесе ересектік жас аралық деп аталады.
Этнопедагогикалық ерекшеліктеріне тоқталсақ ”жасөспірімдік кезең” кісіліктің келбетіне жетуге құлаш ұрған - саналы тұлға болуға талпыныс жасайтын уақыт.
Қазақ халқы адам жасын біріншіден үлкею, өмір сүруіндегі физиологиялық-психологиялық ерекшеліктерге байланысты, екіншіден, тұрмыстық - шаруашылық жағдайына қарай түрлі кезеңге бөлген. Бірінші кезеңде – адам даму процесінің психо-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай бөлсе (ойын баласы, ер бала, қыз бала т.б.) екіншісі, жас кезеңдері ғылыми этнографиялық еңбектерінде берілген анықтама негізінде қазақстан халқының шаруашылық жағдайына, яғни төрт түлікке теңей отырып (10-15 жасты “қозы жасы”, 15-25 жасты “қой жасы”) атаған.
Ізгілік педагогикасының монифесі.Баланың біртұтас болмысын философиялық тұрғыдан түсіну: бала - рухани және материялдық болмыстың толығуы, онда рухани болмыс жетекші болып саналады. «Тəрбие жұмысы жəне жастар саясатына» қатысты саласында: «Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру» міндеті қойылды.