Урок по историю на тему Алаш ?оз?алысы ж?не “Алаш” партиясыны? ??рылуы (9 сынып)


9-сынып. Қазақстан тарихы                                      
Сабақтың тақырыбы: Алаш қозғалысы және “Алаш” партиясының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Алаш қозғалысы саяси күрес екендігін,осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.
Дамытушылығы: Алаш қозғалысы туралы оқушылардың бойына нақты пікір қалыптастыру,өз көзқарастарын білдіру,өз ойларын айта білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілігі:   Алаш қозғалысының қайраткерлерін мысалға келтіріп ұлтжандылыққа,партиоттыққа тәрбиелеу,ұлт көсемдерін құрметтеуге,істерін үлгі ете білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Әдісі: Топпен жұмыс  
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Көрнекілік: карта , суреттер, сызба, слайд,т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
          Топқа бірден бөлу   (2топ),бағалау парағы екі топқа беріледі.
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
     1916 жылы қазақ халқының жағдайы қандай болды?
1917 жылы Қазан төңкеісі қандай жағдайда жүзеге асты?
Ұлттық демократияшыл зиялылардың ұлт азаттық үшін күресін кім басқарды?
     Осы көтерілістердің –халық-азаттық қозғалыстың себептерін, сипатын ата.
ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:               
«Алаш» партиясының құрылуы және оның саяси қызметі
«Үш жүз» партиясы және оның саяси қызметі.
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті.
Алашорда үкіметінің құрылуы.
Алдымен «алаш» сөзіне түсінік беріледі.
«Алаш» -қазақ халқының балама атауы,қазақ сөзінің орнына қолданылатын көне ұғым.Топтарға тақырып бөлініп (өздері оқып тақырыпты ашуы тиіс)
ІV.Қорытынды кезеңі:
1-тапсырма Оқыған, білгендері бойынша саралау әр топ ойларын ортаға салу.Семантикалық карта пайдалану.
Дұрыс жауапқа “+” таңбасын қою.
Жылдароқиғалар    1905ж.
  1717ж. 1911-1915ж. 1913-1918
«Үш жүз» қазақ социалистік партия сақынаға шыққан жылыЕкі партия арасындағы күрес    + «Айқап» журналы басылып шыққан жылы«Қазақ»газеті басылып шыққан жыл.                                                 +  2-тапсырма Тірек сызба. Партиялар қандай қызметтер атқарды?
Алаш партиясы                 Үш жүз партиясыСабақты бекіту: Тест арқылы  бекіту.
1  “ Алаш” саяси партия ретінде толыққанды қай жылы ұйымдасты?
         А) 1916ж. Б) 1917ж. В) 1918ж
          2.Партияның бағдарламасы қай газетте жарияланды?
        А) Айқап Б) Қазақ В) Үш жүз
          3.Ең өзекті мәселесі-
        А) халықты ояту     Б) білім беру  В) жұмыспен қамту
         4.Мемлекеттік Думаның депутаты
  А) М.Сералин Б) Б.Қаратаев  В) М.Дулатұлы
1.1911-1915ж.үздіксіз шығып тұрған журнал.
А) Айқап Б) Қазақ В) Үш жүз
2.Дарынды журналист,жазушы,отанының жалынды патриоты-
А) М.Сералин Б) Ә.Досов  В) М.Дулатұлы
“Қазақ” газетін шығарушы,редактор-
А) М.Дулатұлы Б) Ж.Аймауытов В) Ә.Досов4.Жетісу губерниасында Алаш партиясының блогы сайлаушылар  дауысының  неше пайызын алды?
А) 57,5%    Б) 75%   В) 85,6%
VІ. Үй тапсырмасы:
1.М.Дулатұлы «Оян,қазақ!» деп ұран тастады.А.Байтұрсынов кітабының атын «Маса» қойып,ұйқыдағы халқының құлағына ызындап,маза бермей оятуды  көздеді.М.Сералин журналын «Ай,қап» деп, күрес жүргізді  бейқамдығына өкінген адамның сөзімен атады. Бұлардың түпкілікті ортақ идеясын қалай түсінесіндер?
2.Не себебті екі қазақ партиясы, халықтың қамын ойлайтың жариалап жүріп,бір-біріне қарсы саяси күрес жүргізді?
       VІІ.Бағалау.
Бағалау парағы.
Үй жұмысы Жаңа тақырыпты түсіндіру Семантикалық
карта Теспен жұмыс Тірек сызбаҰпайлар
 3
2
 1
© 2015 «ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗЫ»