«Жылы ?яда ?скен баланы? ерте?і де жылы» (Семинар-тренинг)


№ 45 жалпы орта білім беретін мектеп
2 «В»-сыныбындағы ата-аналар жиналысының жаңа формасы
Тақырыбы: «Жылы ұяда өскен баланың
ертеңі де жылы»
(Семинар-тренинг)
Сынып жетекшісі: Акимгалиева Ж.Ж.

Орал қаласы, 2013 жыл
Жаңа жиналыс формасының түрі: «Жаңа форматтағы мұғалім жиналысы»
М а қ с а т ы :
Сынып ата-аналар жиналысының басты мақсаты бүкіл сынып ата –аналар ұжымымен бір уақытт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және сынып жетекшінің ата-аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.
Ө з е к т і л і г і :
Ата-аналарға бала тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұғындыру.
Ғ ы л ы м и л ы ғ ы :
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған тәрбиелеу мен оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдана отырып, ата-аналармен жұмысты жандандыру.
К ү т і л е т і н н ә т и ж е :
Ата-аналардың мәдениеттілігі қалыптасады;
Бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба біледі;
Ата-анада мектепке деген ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады;
Бала тәрбиесіне аса зор назар аударады
Апта Күні Уақыты
Жиналыстың тақырыбы «Жылы ұяда өскен баланың ертеңі де жылы» (Семинар-тренинг) 17.35
Ж а л п ы м а қ с а т ы :
Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру,адами құндылықтарын бағалау.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке,имандылыққа,шындыққа.мейірімділікке тәрбиелеу.
Ата-аналарға қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейтін топтық тапсырмалар беру.Адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтижелер
- Топта жұмыс жасай отырып ынтымақтастық атмосферасы
қалыптасады;
-маңызды проблемалар шешіледі;
-мектеппен қарым-қатынас белсенді болады;
- алынған нәтижелерді қадағалайды,

Жиналыстың жаңа тәсілі Диалогтік оқыту (Мәртебесі төмен,мәртебесі жоғары сұрақтар ), Қалай оқу керектігін үйрету (ақпарат беріледі),Сто (постормен топтастыру),АҚТ
Тапсырмалар - Психологиялық тренинг
- Баяндама «Жылы ұяда өскен баланың ертеңі де жылы»
- Ой шақыру «Ренішті қалай кешіруге болады?»
- Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар «Өзіңді өзің тани біл.Мен кіммін,қандаймын,және мен туралы басқалар не ойлайды?»
Керекті жабдықтар Интерактивті тақта, , компьютер, постор, «Отан отбасынан басталады» атты стенд .
Жиналыс б а р ы с ы
Жиналыс кезеңдері М ұ ғ а л ім ә р е к е т і А т а-а н а ә р е к е т і
Кіріспе
Психологиялық тренинг.
Баяу әуен ойнап тұрады.
Бала тәрбиесіне қатысты «Оқып, талдап,ғибрат қыл» атты әңгіме оқылады.
Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді.Өсе келе тілі удай ащы,есерсоқ,бейәдеп жігіт атанады.Жұрт безердей болғандықтан,оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.
Әкесі әбден ойланып,мынадай айла жасайды.Баласын шақырып алып,бір жалпақ тақтай береді.Күніне қанша адамды ренжітесің,мына тақтайға сонша шеге қақ дейді.Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам,өзіңді тежеп ұстап,шегеңді азайтуға тырыс» депті.Баласы әкесінің сөзін тыңдап,азайта отырып,бір күні ешкіммен ұрыспайтын,шеге қақпайтын да күнге жетіпті.Сол күні әкесі былай депті:
«Енді балам ешкіммен ұрыспайтын болдың.Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр» Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып,тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты.Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім.Міне өзіңді өзің тәрбиеледің,жақсы адам болып жолға түстің.Бірақ балам,тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес.Беті шұрық тесік.Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе декезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің?Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой.Әрине бұл күндердің әркіммен бір ұрыссып жүргеннен жақсы.Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын,тіліңе ие бол»,-дейді.
-Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар,оны сұрақтар арқылы талдап көрелік
-Әкесі неге қарапайым талап қойды?
-Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?
-Тақтайдың бетін немен бітеуге болады,көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?
-Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе?
Яғни,біреуді ренжітпеу,оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер басым болу керек екен.
Ендеше келесі бөлім.
Әңгімені тыңдап,өздерін сол оқиғадағы кейіпкерге қойып,өз пікірлерін білдіреді.Әңгіме мазмұнына байланысты туындаған сұрақтарға жауап береді.
Тұсаукесер Ата-аналар екі топқа бөлінеді.
Топтың аттары «Реніш» , «Кешірім» деп бөлінеді.Ой пікірлерін тыңдау
Негізгі бөлім
«Ой шақыру»
1-топ
2-топ
Топтық жұмыс үстінде:
1-топ.
2-топ
«Отан отбасынан басталады»
Жиналыстың күн тәртібімен таныстыру.
Күн тәртібі:
1. Ұйымдастыру бөлімі (Психологиялық тренинг «Әке мен бала»).
2. Ой шақыру «Ренішті қалай кешіруге болады?»
3. Мамандардың пікірі.Өзіңді өзің тани біл
4. Тоқсан қорытындысы.Қорытынды. «Рефлексия»
Барысы:
2 мәселе .«Ренішті қалай кешіруге болады?» атты сұраққа өз ойларын ортаға салып,топта талқылап,бір шешімге келіп ассосациа құрады.
Ой шақыру.
Реніш Кешірім
Осы тақырыпқа психолог пен әлеуметтік педагог пікірін тыңдау.
3. Өзіңді өзің тани біл
-Қазір сіздерге үлестірмелі қағаздар таратылып беріледі,ондағы «Мен кіммін,қандаймын және мен туралы басқалар не деп ойлайды?» деген сұраққа жауап жазасыздар.
4.Тоқсан қорытындысы.Қорытынды.
Ата-аналарға әр оқушының сабақ үлгерімімен таныстыра отырып,болашаққа ұсыныс айтып қорытындылау.
Қорытынды: «Тазарту»
Терең дем алып,барынша қайта шығарыңыз.Денеңізді босатыңыз.Өйткені былай деңіз. «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым келеді.Мен барлық қысымнан осылайша босаймын.Барлық ескі реніш,өкпелерімнен құтылғым келеді.Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін.Мен өз қалпымдамын.Өз өмірімнің ағынымен барамын.Бірақ өкпені ұмыттым,кештім.».
-Осы жаттығуды үш рет қайталаңыз.Бір қиын жағдайға тап болсаңыз,осы жаттығуды қайталаңыз.Осы жаттығу – сіздің тазарту құралыңыз.Шынайы түрде орындап үйреніңіз,сіздің өкпелегіштік қасиетіңіз жоғала бастайды.Жайланып,жақсылық жайлы ойлаңыз.
«Отан отбасынан басталады» стенд


Күн тәртібімен танысады.Әр бөліміне тоқталып өз ойларын қосып отырады.Хатшы БолатоваБотагөз жиналыстың барысын жазып отырады.
Постормен жұмыстанады.Ортақ келісімге келіп екі топ реніш пен кешірім тақырыбына ассосация жазады.
Мен кіммін?...................
Мен қандаймын?...........
Мен туралы басқалар не деп ойлайды?...........
сұрақтарын толтырады.
Ата-аналар оқушылардың қосымша жұмыс дәптерлерімен танысып,болашақта қай жағынан назар аудару керектігін түртіп алады.

.
.
Қорытынды
Рефлексия
«Рефлексия»
Бүгінгі жиналысқа рефлексия жазу. Әр ата-анаға таратылып беріледі. Әр ата-анаға таратылып берілген рефлексия парағына өз ойларын жазады.Екі жұлдыз,бір пікір жазылады
Ж и н а л ы с т ы ң ө з і н д і к т а л д а у ы
Адам бойындағы екі сәуле пайда болатынын ұғындырдым.Ақ сәуле адам бойында басым болса,жақсылық пен мейірімділік көп жасалады.Ал қара сәуле басым болса,жамандықты көп жасайды екен.Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап,ешкімді ренжітпеуді,ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық деп шақырадым.Өмірдегі болып жатқан екі жақты жағдайларға екі жақты көзқараспен қарау керектігін айттым.Сол мақсатты алға ұстай отырып жұмыстың барысында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.
Жиналыстың кіріспе бөлімінде ата-аналарға арналған тренинг ұйымдастырылды.Тренинг ата-аналарға ой салды.Тақырыпқа енуге көмектесті.Тақырыптың ашылуына жол ашты.
Екі топқа екі көзқарастағы тапсырма бердім.Берілген тапсырмалар бойынша топ жақсы жұмыстана алды деп ойлаймын. Топтық ереже сақталды. Ата-аналар жалпы топқа берілген тапсырмамен жұмыла жұмыстанды. Топтағы адамдардың пікірін тыңдай отырып, ортақ келісімге келді. Тақырыпты қорытындылап мағынысын ашу мақсатында «реніш», «кешірім» тақырыбы жазылған постор беремін.. «Ренішті қалай кешіруге болады? тақырыбын мектеп психологі мен әлеуметтік педагог қорытындылады »Қорытындыда бүгінгі жиналысқа байланысты ойларын жинақтап рефлексия жазды. Топтағы ата-аналардың жай-күйін бақылап талдау жасап отырдым.
Жиналыс барысындағы туындаған ой – пікір,болашақтағы өзгертулер Тапсырмаларды орындатуда ата-аналардың алға ұмтылысы мен қызығушылығының арта түскенін байқадым.Осындай жұмыстарды жүргізу барысында ата-аналар сұраққа жауап беріп,ойларын ашық білдіруді үйренді. Жиналыс үстінде бірнеше сұрақтар туындады. Ол сұрақтарға мектеп психологі мен әлеуметтік педагог пен пікірлесіп жауабын шешті.Сұрақтың туындауы тақырыпты қызығушылықпен қатысқанын, соған байланысты тағы да мектеппен тығыз байланыста бола түссем деген ойда туындалған сұраққа қарап бағалаймын . Жалпы қолданылған әдістермен,тәсілдер нәтижелі болады. Әсіресе «Диалогтік оқыту модульін» қолдану ата-ананың ойын толықтырып, жеткізуге септігін тигізді. Алдағы уақытта өз қызметіме, іс-әрекетіме сын көзбен қарап жүрдім. Әр жиналысыма жеті модульмен,тәрбиенің он екі бағытымен жұмыстанып, жауапкершілікпен қарауды жолға қойдым. Жеті модульге негізделген жиналыстар ата-аналарға өз сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік берді. Бұл үдеріс ата-ананың өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, бала,жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге мүмкіндігін ұлғайтты.Болашақта ата-аналар жиналыстарына тренингтің түрін және ата-аналармен жұмыстың жаңа формаларын жандандырып жұмыстануды көздеймін.Қабілеті әзірше төмен оқушылардың ата-аналарына ашық есік күнін ұйымдастырып,пікіралысып,оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі жетістіктер туралы ой қозғап отырамын.