«Атадан жеткен аманат»
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Атадан жеткен аманат»
Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық № 3 мектеп-интернаты, тәрбиеші Адамбаева Айнаш СериковнаМақсаты: қазақ халқының негізгі музыка аспабы – домбыра туралы түсінік беру, оның шығуы, құрылысы жөніндегі аңыздарға тоқталу; музыканы түсінуге, өнерді қастерлауге баулу; оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру.
Көрнекілік: домбыраның суреті, домбыра, күйшілер буклеті, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу, балаларды түгендеу.
2.Психологиялық сәт: Орнымыздан тұрайық, ұстаздармен сәлемдесіп, бір-бірімізге жылы көзбен қарайық, орнымызға отырып, тақтаға көңіл бөлейік.
3.Тәрбиеші сөзі.
ІІ.Тақырыпты ашу.
1.Сұрақтарға жауап беру арқылы тәрбие сағатының тақырыбын ашу.
-Күйші деп кімді айтады? /домбыраның шанағы тақтаға ілінеді/
-Қазақ халқының ұлттық аспабына жан бітіре сөйлеткен кім?/домбыраның мойны ілінеді/
-Құрманғазының күйін халыққа жеткізген кім? /домбыраның құлағы/.
Домбыраның суреті шықты.
2.Домбыра туралы жалпы мағлұмат беру.
-шығу тарихы, домбыраның шығуы туралы аңыз, құрылысы.
3.Домбыра туралы өлең шумақтарын айту. /Оқушылар/
4. Күй туралы әңгіме /тәрбиеші/
5. Таспадан «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін тыңдау.
ІІІ. Сергіту сәті.
ІУ. Өнер түрлерімен таныстыру.
-Басқа да өнер туралы әңгімелеу.
-Өнер туралы мақал-мәтелдер.
Оқушылар айтады, тақтадан оқиды.
У. «Домбыра» сөзжұмбағын шешу.
УІ.Қорытынды.