?Р Т?уелсіздік к?ніне арнал?анГ?лдене бер,?аза?стан!атты ерте?гілігіні? сценариі


Ересек және ортанғы топ балаларының
Қазақстан Мемлекетінің Тәуелсіздік күніне арналған
ертеңгілігінің сценариі.
«Гүлдене бер Қазақстан!»
Мақсаты:балалардың Қазақстан Мемлекетінің Тәуелсіздігі,рәміздері туралы білімдерін нығайту,өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың тілдерін,салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
(Музыка ырғағымен балалар музыкалық залға кіреді,дөңгелене тұрады).
1. Жүргізуші:-Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар,қымбатты балалар!Сіздерді Қазақстан Мемлекетінің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
2 .Жүргізуші:-Здравствуйте,дорогие гости!Поздравляем вас с днем Независимости Республики Казахстан!
1.Жүргізуші: Тәуелсізсіздік-бұл бақыт,
Сарқылмайтын шаттық қой.
Көздің жасын құрғатып
Келген бізге бақыт қой.
Ылғи өрге өрленген
Бақытты бұл халықтың.
Мейірімі тербеген
Тәуелсіздік жарық күн.
(Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. Муз.Ш.Қалдаяқов)
2.Жүргізуші:16 декабаря-мы отмечаем самый главный праздник нашего государства-День Независимости РК.В этом году Казахстан празднует 25 годовщину своей Независимости!В древние времена казахский народ возглавляли великие ханы:Абылай хан,Абулхаир хан, Тауке хан.Вести государственные дела им помогали Бии:Толе би,Казыбек би ,Айтеке би.
А сейчас нашим государством правит президент?(ответы детей)
-Нұрсұлтан Абишевич Назарбаев.
1. Жүргізуші:-Балалар,сендер үшін Отан деген сөз қандай мағына білдіреді?
(Балалар Отан туралы тақпақтар айтады):
1 бала: Отан –деген атамекен,
Отан –деген туған жер
Отан-ана,Отан-өлкем
Қазақстан-туған ел!
2 бала: Великую землю,любимую землю
Где мы родились и живем.
Мы родиной милой,мы родиной светлой
Мы родиной нашей зовем!
3бала: Отан менің ата-анам
Отан досым бауырым
Отан өлкем астанам
Отан аудан ауылым
4бала: Там,где дом и родная семья
Это все называется Родина
Дорогая,родная земля
Там,где сладко пахнет смородиной
Даже солнце здесь светит светлее
И ромашки красивей цветут
Я горжусь землею своею
Здесь хорошие люди живут.
2 .Жүргізуші:-Әр адамның туылған күні бар.Біздің мемлекетіміздің де туылған күні бар.
(Қазақстан туралы слайд көрсету).
-Біздің мемлекетіміз -Қазақстан деп аталады.
-16 желтоқсан күні, біздің мемлекет тәуелсіздік алған күні.
-Біздің елордамыз -Астана қаласы.
-Президентіміз-Н.А.Назарбаев.
-Біздің мемлекетіміздің рәміздері бар-елтаңба,жалау,әнұран.
(Ортаға қолдарына рәміздерді ұстаған балалар шығады).
1 бала: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт,әдемі
Тұнығындай көңілдін
Ортада аспан әлемі.
2бала:Желбірейді шарықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап
Қанат қағып барады.
«Алдар Көсе мен Бай»ертегісінен көрініс.
(Бай,Алдар Көсе,Байдың әйелі)
Дастархан басында Бай мен байдың әйелі шәй ішіп отырады.Алыстан біреудің келе жатқан дауысы естіледі.Бай мен әйелі дереу дастарханның үстіндегі тағамдарды сандықтың ішіне тығып қояды.
Үйге Алдар Көсе кіреді:-Ассалаумағалейкум,Бай-әке!
Бай:-Амансың ба,Алдар Көсе!
Алдар Көсе:-Мерекеміз құтты болсын,бізді кең дастарханыңа шақырмайсың ба .
Бай:-Қандай мереке?Естімеген екенбін.
Алдар Көсе:-Ұят емес пе Бай-әке! Барлық балалар біледі,ал сен білмейсің!Балалардан сұрашы!
Бай:-Балалар, бүгін қандай мереке?(балалар жауап береді)
Алдар Көсе:-Көрдің ба,бүгін ұлкен мереке!Қазақтың салт-дәстүрі бойынша бұл күні қонақты күтіп,құрметтеу керек.
Бай:-Иә,иә, әрине.Сендердің бәрін шақырар едім,бірақ сендерге не берерімді білмеймін,үйде ешқандай тамақ жоқ.Өзімізде не жерімізді білмей отырмыз.
Алдар Көсе:-Қамықпа Бай-әке,менде ғажайып қасық бар,осы қасық қалаған тағамыңды азық-түліксіз пісіріп береді.
Бай:-Кәне ,қайда ол керемет қасығың?Көрсетші,мен саған сенбей тұрмын.Ол шынымен ғажайып қасық па?Ол расында да азық-түліксіз тамақ пісіре алады ма?Бауырсақ та пісіре алады ма?
Алдар Косе:Әрине,бауырсақ та пісіреді.Қасықты қазанның ішіне салып,араластыру керек,содан кейін тамақ дайын болады.
Бай:-Көрсетші.
Алдар Көсе:-Жәрәйді,қазаныңды әкел .
Бай:-Бәйбіше қазанды әкел! (Байдың әйелі қазанды әкеледі,Алдар Көсе қазанның ішіне қасықты салып араластырады)
Алдар көсе:-Неге Бай-әке үңіліп қарап тұрсың ?Одан қайта бауырсақ піскенше балалардың дайындаған тақпақтарын тыңда.
(Балалар Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтар айтады,бай тақпақты тыңдап отырғанда, Алдар Көсе қазанның ішіне бауырсақтар салып қояды)
Бай:-Әй,Алдар Көсе бауырсағың пісті ма?Қарным ашып кетті ғой...(деп,ішін сипалайды).
Алдар Көсе:-Әрине Бай-әке ,пісті ғой,дәмін көріңіз.
Бай:-Өте дәмді екен буырсақтарың,бірақ бауырсақтан басқа тағы не пісіре алады?
Алдар Көсе:-Басқа тағы әр түрлі тағамдар пісіреді.Сен не жегің келеді?
Бай:-Мен ет жегім келеді.
Алдар Көсе:-Жәрәйді Бай-әке,ет піскенше балалардың биін қарасаңшы.
(Бай балалардың биін қарайды)
«Қазақ» биі «Балбөбек»тобы.
Бай:Не болды Алдар Көсе, етің пісті ма?
Алдар Көсе: -Әрине ет пісті.Бірақ сен жеп отырысың ба? Балалар мен ойын ойнайық,сосын етіңді де жейсің!
1. Ойын «Бәйгі»
Ойынның шарты:балалар ойыншық аттың үстінде отырады,алдыларында,5-6 қадам ара-қашықтықта белгілер тұрады,музыка басталғанда балалар атқа отырып,белгіні айнала шауып келу керек.Кім орнына бірінші келеді,сол бала ұтады.
2. Ойын «Тиын жинау»
Ойынның шарты:балалар екі топқа бөлінеді,жерде тиындар шашылып жатады,музыка басталғанда екі топтың балалары тиынды жинайды.Қай топ тиынды көбірек жинаса,сол топ ұтады.
3.Ойын «Арқан тартысу»
Ойынның шарты:балалар екі топқа бөлінеді,арқанды екі жақтан ұстайды,жүргізуші белгі бергенде екі топ арқанды жан жаққа тартады.Қай топ қарсыластарын өз жағына тартып кетсе,сол топ ұтады.
Алдар Көсе:-Қалай Бай-әке ,саған ойындар ұнады ма?
Бай:-Әрине ұнады,балалар өте мықты,шапшаң екен.Менің көңілім бір көтеріліп қалды.Сондықтан менде сендерге бір жақсылық істегім келеді.
-Әй бәйбіше,аш сандығыңды!Балаларға тәтті кәмпиттеріңнен бер!
Балалар,мен сендерді мерекемізбен құттықтаймын!Сендерге тек қана жақсылық тілеймін!Еліміз тыныш,басымыз аман болсын!
Алдар Көсе:-О-о-о Бай-әке, рақмет саған,міне, енді етімізді де жесек болады.
Жүргізуші:-Балалар,осымен біздің мерекелік тәңертеңгілігіміз аяқталып қалды.Сіздерді тағы да Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!Сау болыңыздар!