Т?рбие са?аты Досты? ?ымбат ?мірде
Күні:
Сыныбы: 6 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»
Мақсаты: оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен сыйлас болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту, толеранттылық дегенді ұғындыру.
Міндеті: адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген өмірдің көрігі екен,
Достық деген адамның серігі екен, -деп Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызда «дос» туралы әңгімелесетін боламыз. Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керектігі жөнінде әрқайсымыздың өзіндік пікіріміз бар екені белгілі. Ал осы «дос» деген сөздің мәні неде екен?
Аталарымыз айтқандай адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан да жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын ұғысатын, түсінетін, жарасып жүретін сырлас жан іздейді. Бұл-өте қажетті табиғи тілек. Әйтпесе халық даналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын» демес еді.
Аристотель айтқандай «Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім, ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да дос-жарансыз өмірді қаламақ емес».
Достық алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Ал адалдық деген-рухани тазалық.
ІІ.Психологиялық дайындық. «Мен тілектеспін!»
-Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің сәтті өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. Ол үшін қолымыздағы гүлді бір-бірімізге тілек айту арқылы ұсынып отырайық. (Оқушылар «Мен тілектеспін!» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады. Мысалы: Бес алуыңа тілектеспін! Көңілді болуыңа тілектеспін! Ата-анаңа бәрі жақсы болуына тілектеспін! Жақсы бала болуыңа тілектеспін! т.б.)
“Шаттық шеңбері”
Армысың досым,
Кел, маған қосыл
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық.
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық.
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
«Дос» тақырыбына жазып келген шығармаларын, өлеңдерін оқыту.
Бүгінгі сабағымызда мына сұрақтарға жауап іздеп пікір алысамыз.
ІҮ . 1) «Дос», «дос болу», «достық» дегеніміз не? Достықтың шынайы белгісі қандай болады деп ойлайсыңдар?
Достық-аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдірет те кірлете алмайды. Сондықтан да осыларға теңеген екен. Досыңның кішкене сыйын көптей көр, досыңа қанша көп берсең де аздай көр. Нағыз досың адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Сондықтан да достыққа ешқашан сызат түсірмеу керек.
Достық сезімі-өмірде адамдар бірін-бірі қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы, біріне-бірі тірек болып, әсіресе қиын-қыстау күндерде бірге болып жанынан табылуы.
«Ойлан, тап!» (мақал-мәтелдерді жалғастыру)
Енді, оқушылар, слайдқа қарап мақал-мәтелдердің жалғасын табайық.
1.Өз басыңды дауға берсең де, досыңды жауға берме.
2.Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
3.Күлме досыңа, келер басыңа.
4.Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас.
5.Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.
6.Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
7.Доссыз адам-тамыры жоқ ағашпен тең.
8.Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
9.Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.
10.Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». 2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады». 3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». 4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы». 5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын». 6. «Досы көппен сыйлас, Досы жоқпен сырлас». 7. «Досы жақсының - өзі де жақсы». 8. «Дос басқа қарайды, Дұшпан аяққа қарайды». 9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық».
«Сөйлемді аяқта» . Екі топқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек. А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ... Ә) Сыйластық бар жерде ... 6-тапсырма. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табады. А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ... Ә) Сыйластық бар жерде ...
Келесі сұрақ. Нағыз достықтың белгісі не? (оқушылар пікірін тыңдау)
Келесі сұрақ: Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады?
Келесі сұрақ: Қалай ойлайсың, досқа сын айту жақсы ма?
Сеніңше достықтың қандай түрлері бар?
Сіздің өміріңізде шын достықты дәлелдейтін қандай жағдайлар болды?
Сенің өмірдегі жаныңды түсінетін, саған қиындық туғанда көмектесетін, әрдайым арқа тұтатын ең сенімді адамың-ол сенің досың.
Ел аузындағы мынадай әңгімеге құлақ түрейік. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:
-Достық нешеу? –деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
-Достықтың екі түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі-амал достық.
-Дұрыс-ақ. Енді қалай ажырата аламыз дегенге:
-Адал достық-өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады, -деп жауап берген екен.
Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
-Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке:
-Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.Жігіт келген соң,қарт:
-Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті.
-Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп:
-”Жігітті жолдасына қарап бағала” дейді халық,-депті.
Айнымас досы бар адам –ең бақытты адам.Досы уәдесіне берік болса,досымен бірге болса,қолынан келген көмегін аямаса,жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос.Ондай досы бар адамның бақытты болмауы да мүмкін емес.
Жағдаяттар.
1-жағдаят. Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды, өзімен ғана дос болғаныңды қалайды. Сенің ой-пікірің.
2-жағдаят. Досың сенің үйіңе қонаққа келді. Оған саған ағаң сыйлаған әдемі сувенир ұнады. Қайта-қайта сувенирді қызықтаумен болды. Сенің іс-әрекетің. Қимас досың сұраса бересің бе?
3-жағдаят.Жақын досың сенің жақсы көретін киіміңді үтікке күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?
4-жағдаят.Саған досың өкпелі, неге екенін білмейсің. 2 күн болды, ол сен көрсе үндемей қашқақтайды. Сенің іс әрекетің.
5-жағдаят Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды? 6-жағдаят Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты... - Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?
Балалар бір-бірімізге ренжіген сәттерде, кейде біз өте асығып жүріп бір-бірімізді түсінбей қаламыз, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататын кездеріміз де болады. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Жанар «рахмет» деген сөзді, Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады.
ІХ. «Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны. Оқушыларға екі бағанаға бөлінген ақ парақ таратылып беріледі.
І бағанаға «Сатамын», ІІ бағанаға «Сатып аламын» деген сөздер жазылады.
Музыка ойналады. Оқушылар өз бойындағы қандай қасиеттерді сатқылары келеді және қандай қасиеттерді сатып алғылары келетіндіктерін қағазға түсіреді.
Жазып болғаннан кейін парақты кеуделеріне ұстап тұрып өзара сатуға ұсынылған қасиеттермен танысады.
-Қандай қасиеттер көбірек сатылуға ұсынылды?
-Не себепті сатып алғыңыз келеді?
-Не себепті сатқың келеді.
Сұрақтар бойынша оқушылармен қорытындылау жұмыстары жүргізіледі.
«Кемшіліксіз адам болмайды. Өзіңнің кемшілігіңді мойындау-ол да бір ерлік».
Балалар, сендер достарыңның бойынан қандай қасиеттердің табылғанын қалайсыздар?
5842091440саналы
00саналы
2879090134620 адал
00 адал
2215515577850022155158515350024695153644900025965158515350028759157626350010471158515350013773153644900089471576263500
-485140113665мәдениетті
00мәдениетті
1490537133961 ДОС
00 ДОС
352615558420 білімді
00 білімді
58420279400жомарт
00жомарт
2698115115570 сенімді
00 сенімді
1490536426325қайырымды
00қайырымды
ХІ. Қорытынды бөлім.
Достық-алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адалдық деген-рухани тазалық.
Адамдардың білместігіне түсіністікпен қарап кешіре білмеген адам нағыз дос та бола алмайды. Адал дос әрқашан адамдарға сеніммен қарайды, қатесін, кемшілігін кешіре біледі. Ондай адам жан дүниеңді түсініп, әрдайым қасыңнан табылып көмектесуге дайын тұрады. Бұл-нағыз достық.
Балалар, бүгін біздер достықты берік сақтау үшін, одан әрі нығайту үшін керекті көптеген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, жаман қасиеттерден арылуға күш салдық.
Қорытынды: • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер. • Досыңды алдамай, оған адал бол. • Досыңды қорлама. • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл. • Досыңды барда да сына, жоқта да сына. • Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Д – дүниедегіО - озық ойлыС – сабырлыТ – тұрақтыЫ – ыстықҚ – қарым – қатынас.