На тему Ау?анны? асуында от кешкендер


Тақырыбы: Ауғанның асуында от кешкендер
Мақсаты:
Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «ауған ақиқатында » және де «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау
Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау
Отанды ,елін сүю,еліне ,халқына қызмет етуге тәрбиелеу
Ұлттық сана ,ұлттық болмысымызды қалыптастыру,әсіресе ұлттық намыс,ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру ,дағдыландыру
Барысы:
Мұғалім сөзі: Елбасымыз 2015 жыл –ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізіді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп жариялады. Қазақ хандығының 550 жылдығын,Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конститутциямыздың 20 жылдығын,Ұлы Жеңістің 70 жылыдығын атап өттік.Ал, бүгініг тәрбие сағатымызда Ауған соғысында от кешкен ағаларымыз туралы білетін боламыз.
Ауған соғысы туралы статистикалық мәліметтер
1976 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Тарих жылнамасының өзінің қаралы,нәубет жылдарымен орын алған зұламаттардың бірі-Ауған соғысы.
Қазақстандықтар саны-22 мың 269 жауынгер
Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды
Жар ұшып ,бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралды
Хабарсыз кеткендер-21
Кеңес Одағының батыры атағын алғандар-86
Қызылода облысынан 827 азамат аттанды
Қаза тапқандар-18
Бейбіт күн кешіп жүргендер-600
Соғыстың аяқталғанына 14 ақпанда 26 жыл толды
Әлем бесігі қай уақытта да болмасын,дүрбелеңде ,жер адамзаттың алтын бесігі, сонда да адам баласы дүниенің қай түкпірінде жүрмесін,қандай ұлт ,ұлыс болмасын,тыныштықты ,бейбітшілікті аңсайды.ауған жерінде саясат шытырманы шайқалтқан соғыс өртін басуға қатысқан ,қиямет атыс пен шабысты көзімен көріп,ерлік туын жықпай елге аман-есен оралып,жастарға патриоттық тәрбие беруде және батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бар.
ІІІ. «Ауғанстан соғысы-жарияланбаған соғыс»
1979 жылдың 12 желтоқсанында Ауғанстанға Кеңес –Ауған шекарасына орналасқан Термезге келді және Түркістан әскери округі жұмысқа кірісті
1979 жылы 24 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңестік әскерді енгізу шешімі құжат арқылы қабылданды.Құжатта қабылданып жатқан шешімнің қысқаша түсініктемесі берілді. Онда : «Орталық шығыстағы әскери саяси жағдайға байланысты Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. Ауғанстан халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында ,сонымен қатар мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып,оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды.»
1979 жылы 25 желтоқсан күні 1500-де КСРО қорғаныс министрлігінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес Әскерлерін кіргізу басталды
1979 жылы 26 желтоқсанда Ауғанстан территориясына түсірілген дивизияның міндеттері анықталып,соғыс операцияларына дайындалу жұмыстары басталды.
Кеңес әскерінің Ауғаныстандағы қызметі .1-кезең: 1979 жылғы желтоқсан -1980 жылғы ақпан аралығы .Бұл кезеңде Ауғанстанға енгізу , олады горнизондарға орналастыру ,жер-жерге орналастырылған бекеттер мен әр түрлі обьектілерді қорғауды ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылады.
2- кезең:1980 жылы наурыз-1985 жылы көкек аралығы .Бұл кезеңде белсенді соғыс құрамаларымен бірлесе отырып АДР-дың Қарулы Күштерін нығайту және қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді
3-кезең: 1985 жылғы мамыр-1986 жылғы желтоқсан аралығы. Бұл кезеңде соғыс қимылдарынан ауған әскерлері әрекетіне кеңестік авиациямен ,артиллириямен және саперлік бөлімшерлермен көмек көрсету ауысу
4-кезең: 1987 жылғы қаңтар -1989 жылғы ақпан аралығы . Кеңес әскерлерінің Отанға оралуына дайындық және толық шығып кетуі іске асты
Ауған соғысындағы Қазақстандықтардың адам шығынына байланысты архивтік деректер.
Алматы облысы-117 адам қаза болған ,1 адам іс-түссіз
Ақмола облысы тиісінше 62 адам және 2 адам
Ақтөбе облысы тиісінше 26 адам және 1 адам
Атырау облысы тиісінше 19 адам және 1 адам
Жамбыл облысы тиісінше 62 адам
Жезқазған облысы- тиісінше 32 адам және 2 адам
Көкшетау облысы- тиісінше 32 адам және 1 адам
Қарағанды облысы- тиісінше 70 адам және 2 адам
Қызылорда облысы- тиісінше 17 адам
Қостанай облысы- тиісінше 43 адам және 2 адам
Орал облысы- тиісінше 27 адам және 1 адам
Павлодар облысы- тиісінше 27 адам
Семей облысы- тиісінше 46 адам және 2 адам
Солтүстік Қазақстан облысы- тиісінше 27 адам
Талдықорған облысы- тиісінше 58 адам және 1 адам
Шымкент облысы- тиісінше 65 адам және 3 адам
Шығыс Қазастан облысы-42 адам және 1 адам
Мұғалім сөзі: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.
Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
Кешімізді әрі қарай жалғастырсақ! Бүгін біз сіздермен ашық сұхбат жүргізуді ұйғардық
1. Адам жүрегіне жара,санасына ауыр салмақ түсірген сұм соғысқа өз еркіңізбен бардыңыз ба?
2.Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
3.«Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
4. Қазақ жастары арасында әскерге шақырылған жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуден көбісі қашады. Себебі неде деп ойлайсыз?(Ақмарал)5. Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба , әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?6.Бейбіт өмірде сүріп жатқан адамдарға тілегіңіз!?
7. Ауған соғысы ардегерлеріне қазіргі уақытта қандай көмек берілуде?
Мұғалім сөзі: Қорытынды сөз:Аған соғыснда от кешкен ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Осындай ағаларымыз сияқты өз Отанымызға адал қызмет кту біздің де парызымыз!