«Ау?анны? асуында от кешкендер» кездесу кеш


«Ауғанның асуында от кешкендер»
1 – жүр : Қайырлы күн , ағайын !
2 – жүр : Есенсіздер ме , құрметті қонақтар !
1 – жүр : Адам баласы бір жақсы қасиетті туған жердің топырағынан алады деген ұғым бар . Туған топырағынан жаралған әр адамзаттың болашаққа дешген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек қана бейбіт өмірі қамтамасыз етілген елде қалыптаспақ .
2 – жүр : Бейбіт өмір ! Осынау сөзің астарында азаттық пен еркіндікті және бас бостандығын білдіретін үлкен мағына жатыр . Бұл сөзде қай халықтың болмасын жердің бүтіндігі мен елдің амандығы үшін , бейкүнә сәбилердің тыныш ұйқысын қорғау үшін небір тар жол тайғақ кешуден өткенін баяндайтын тарихы жатыр . Бейбіт өмір қалыптасқан жерде әрбір ұлттың жер бетінде жасауы да сан ғасырғаларға жалғаса бермек .
1 – жүр : Иә , әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары , ержүрек , қайсар ел азаматынг тәрбиелеуден бастау алады . Біздің халқымыздың ерлік дастаны ата – бабамыздың сонау заманда найзаның ұшы , білектің күшімен жер қорғауынан бастап , одан бергі небір соғыс зобалаңдарынан бастан өткеруінен көрініс .
... Соғыс – зұлымдық . Жазықсыз төгілген қан . Тарих жылнамасынан өзінің қаралы , нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі Ауған соғысы еді .
2 – жүр : 1979 жылы желтоқсанда Л . И . Брежнев басшылық еткен Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды . Бұл соғысқа өзге де Одақтастарымызбен бірге 23 мың қазақстандық қатысты . Соғысқа аттанған өрімдей жастардың алдында үлкен мақсат тұрады . Ол – Ауғанстан жеріндегі дұшмандар басшылығына тойтарыс беріп , бейкүнә халықтың тыныштығын қоғау және өзінің Отан алдындағы интернационалдық борышын өтеу болатын .
1 – жүр : Осындай ауыр аманат арқалап , өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқасқа қатысып , батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз – бүгін біздің ортамызда .
2 – жүр : Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымыз :
1)
2)
3)
4)
1 – жүр : Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне арналған бүгінгі кешімізді ашық деп жариялаймыз .
2 – жүр : Ер қадірін назардан тасалаудан
Қай ел опа тауыпты ?
Иә , Ерлікті жасамаудан
Бағаламау әлдеқайда қауіпті ! – деп Мұхтар ағамыз жырлағандай , қанды қырғын мен боздақтардың қаралы хабарына нүкте қойған 1989 жылдың 14 – ақпаны әр жыл сайын дәл осындай күндері атап өтіп келеді . Бейбіт өмірімізді қорғайтын жастарымыздың бойына отансүйгіштік сезім мен патриоттық рух ұялатар майдангер азаматтар – қай уақытта да үлгі – өнеге , тәрбие мектебі .
1 – жүр : Өтер жылдар , уақыт тағы алыстар ,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар .
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың ,
Ауғандағы азап шеккен арыстар , деп ақындарымыз жырлағандай , өмір тоқтамады , ерлік өлмейді , заманаларға жалғаса береді . Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгердің бейбіт өмірдегі жарқын істері , қоғамдық жұмыстағы белсенділіктері , түрлі кәсіпті игерудегі , бәрінен бұрын жастарды отансүйгіштікке , елжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері .
2 – жүр : Он жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып , бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғанстандағы соғыс барша адамның жадында мәңгілікке жатталды .
1 – жүр : «Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария . Әскерлік анттарын ақырына дейін адалдықпен атқарып және сол жолда нағыз ерлерше қаза тапқан қайран боздақтар есімдері мәңгілікке өшпейді . Өмірінің өлшеулі бір бөлігі , жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп , тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып , туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп , бүгінгідей сұхбат жүргізіп , естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет .
----------------------- аға , естен кетпес естеліктерден үзінді айта отырсаңы з
Ән :
2 – жүр : Азаттық алу , бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген . Өткен әрбір соғыс мыңдаған , миллиондаған адам шығынын әкеліп , қаншама мемлекетті күйретумен тарихта қара бояумен таңба болып қалды . Ел аманатын арқалап , шет жерге , бөтен елге табан тіреген кезде --------------------
аға қандай күйде , қандай әсерде болдыңыз ?
Би :
1 – жүр : Майданда қаза тапқан майдангер ағаларымыздың ерлік істерін әр уақытта өшпес үлгі – өнеге , ұлағатты тәрбие етіп , олардың өмір жолын , адалдығы мен әділдігін ғибрат ету мақсатында шығарылған «Тағзым» деп аталатын өмір кітабы көпке ұсынылды . «Тағзым» кітабының шығарылуы , мазмұны туралы --------------------------- ағай , қандай пікір айтар едіңіз ? ....
Ән :
2 – жүр : Құрметті майдангерлер ! Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығңы халықтың зердесінде бағасы артып , уақыт алға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей бермек . Біз сіздерді мақтан етеміз !
1 – жүр : Серігісің достардың сенгендегі ,
Көңіл бөлмей пікірге пендеңдегі ,
Жиып ұста денеңді , биік ұста ,
Ауғанда ешкім жеңбеген зор кеудеңді !
2 – жүр : Бүгінгіде біз Егемен елміз , Тәуелсізбіз . Елбасымыз Н . Ә . Назарбаевтың «Тәуелсізік – бұл тарихтың біздің ұрпаққа берген , тағдырдың қазаққа берген басты бақыты , баға дәулеті » деген сөздері әлемдік өркениеттен өз орнын тауып , жаһандану ағысына енген елімізді алға апарар ұраны іспетті .

1 жүр : Біз үшін үлгі ерлігің
Толғанып айтам мен бүгін
Ағажан сенің арқаңда
Осындай бейбіт келді күн
2 жүр: Жарасып орден – медальдар
Бақыттан жүзің алаулар
Нұр тұлға менің ағам бар
Осындай менің данам бар
1 жүр : Құрметті ауған соғысының ардагерлері! Бүгінгі кездесу кешімізге келгендеріңізге көп – көп рахмет. Енді аспанымызды бұлт торламасын.
Аспанымыз ашық болсын.
2 жүр : Барлықтарыңызға бейбіт күн тілейміз. Қош, сау болыңыздар!