Батырлар к?ніне арнал?ан ерте?гілік 
«Жігіт сұлтаны» сайысының  сценарийі
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу. 
1 жүргізуші:  Армысыздар, құрметті қонақтар, тәрбиешілер, оқытушылар және біздің балабақшамыздың бүлдіршіндері.
2 жүргізуші:  Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас! 
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас! 
Бүгінгі  сайысты біз бастайық 
Сайыста көңілменен қол соғалық. 
Біздерде ойын-сауық басталады, 
Қазақтың қасиетті Жігіттері, 
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
 Дария ой, даналардан бата алғандар, 
Айнымас алмас қылыш атанғандар. 
Балабақша қасиетті Жігіттері, 
1 жүргізуші: Олай болса Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық. Құрметті тәрбиешілер, оқытушылар! Бүгін біз Батыр күніне арналған балабақшалық  «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз. 
Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
..........................................................................................
 2 жүргізуші:  Байқауымызды ашық деп жариялап, Жігіттерімізді ортаға шақырамыз.
Қошеметтеп шақырайық ортаға 1 топтың  Жігіттерін .....................................
1 жүргізуші: Шақыралық қошеметпен ортаға 2 топтың  Жігіттерін................
2 жүргізуші: Ортамызға 3 және 4 топтың Жігіттерін шақырамыз.........................
 Жігіттер келіп жетті танысуға,Бойындағы бар дарынды дамытуғаҚорықпастан ортаға келіп жеттіӘдеппен сіздерменен танысуғаЖігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.Ал әділқазылар алқасы берген бағаларын 
айтып өтсін.
1 жүргізуші: - Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік: 
Сайысымыз  6 бөлімнен – аялдамадан тұрады. 
1 Интеллектуалды  «Ескірмейтін есті сөз» - сұрақтар
2  Спорттық - «Күш атасын танымас» - «Әтештер күресі», «жастықпен төбелесу».
3  Музыкалық аялдама – «Әнді кім таниді» 
4 Әзіл-сықақ аялдамасы - жануарды көрсету
5 Би аялдамасы – қара жорға, рэп 
6 сурет салу аялдамасы – батырдың бейнесін салу
2 жүргізуші: Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.1 жүргізуші:   «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді. Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.