??стар — бізді? досымыз т?ты?пасы бар балалар?а арнал?ан саба? жоспары


Тұтықпасы бар балаларға арналған сабақ жоспары
4-7 жас
Сабақтың тақырыбы: Құстар - біздің досымыз.
Сабақтың мақсаты: Құстар туралы ұғымдарын кеңейту. Мұрын және ауыз арқылы тыныс алуды үйрету, диафрагмальді тыныс алуды жетілдіру. Дене бұлшықеттерін босаңсыту.
Көрнекілік: айна, артикуляциялық жаттығулардың суреті, көрнекі суреттер, құстардың суреттері.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру бөлімі.
Балалардың көңіл – күйін білдіретін суреттер арқылы көрсету.
Жаңа сабақ
Қараторғай. Түсі: қара. Көлемі: торғайдан сәл үлкендеуҰясы: адамдар жасаған үйшіктерге, ағаш қуыстарына, таулы, тастардың арасына салады. Жейтін қорегі: маса, құрт, шіркей, жауын құрты.Жыл құсы. Ерекшелігі: басқа құстардың дауысын келтіре алады.Тырна. Түсі: сұр. Көлемі: ірі, кең қанатты, мойыны, аяғы, тұмсығы ұзынҰясы: қамыстардың арасына, батпақты жерге саладыЖейтін қорегі: батпақты жерде өсетін шөптер, жемістер, бақа, қоңыз, құрт.Жыл құсы. Ерекшелігі: балапандары біреу болады, екі балапан шықса олар төбелесіп, қайсысы жықса сол тірі қалады.Қарлығаш. Түсі: бауыры ақ, қалған жері қара. Көлемі: кіші, қанаты сүйір, құйрығы айыр. Ұясы: саз - балшықтан қалап, сілекейімен сулап салады.Жейтін қорегі: шыбын, маса, шіркейлер. Жыл құсы. Ерекшелігі: адамдарға өте жақын, үйдің ішіне ұясын салады.Тоқылдақ. Түсі: шұбар. Көлемі: торғайдан ірі, өте жылдам қимылдайтын, еңбекқор құс. Ұясы: ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды, түскен үгінді ұясының астына жұмсақ болу үшін төсейді. Жейтін қорегі: ағашты тесіп, құрттарды теріп жейді Қыстап қалатын құс Ерекшелігі: Бұл құсты «орман дәрігері»- деп атайды.Сауысқан. Түсі: қара ала. Көлемі: торғайдан ірі, ұзын құйрықты құсҰясы: ағаштың басына, бұтақ, шірпілерден жасайды.Жейтін қорегі: басқа құстардың жұмыртқаларын, балапандарын ұрлап жейді. Қыстап қалатын құс. Ерекшелігі: жылтыр, әшекей заттарға әуес. Ұясынан алтын сақинаны, жылтыр әйнектерді, күміс тиындарды кездестіруге болады.Бүркіт. Түсі: қоңыр. Көлемі: ірі, жыртқыш құсҰясы: биік жартастарға салады, бұтақтардан тоқып саладыЖейтін қорегі: құстар, қоян, түлкі, тышқан.
Логопедиялық массаж.
Бет, мойын, дене, қол, бұлшықеттерін босаңсытуға арналған массаж.
Негізгі бөлім
Босаңсыту жаттығулары
«Жұдырық» жаттығуы. Қолымызды жұдырыққа түйіп ағарғанша қатты қысамыз. Сосын жіберіп, қолдарды демалтып, босаңсытамыз. Осылай бірнеше рет қайталау.
(Жаттығуларды бірнеше рет қайталау).
Артикуляциялық жаттығулар орындау.
«Сағат»
Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: жымиып, тілді жіңішкелеп шығарып, оңға-солға қозғау. 10-15 рет орындау.
«Алтыбақан»
Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: тілді жіңішкертіп, кезекпен мұрынға, иекке қарай созу, бірақ ауызды ашып ұстап тұру керек. Бұл қалыпта тілді оңға дейін санап тілді қозғалту қажет.
«Ат шауып келеді»
Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабыстырып, баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу. Осы жаттығуды бір ден беске-оңға дейін қайталау қажет.
4.Мимикалық жаттығулар.
- Көңілді көңіл күй;
- Қуану;
-Ренжу;
- Қабақты түю;
- Таң қалу;
5. Сөздік жаттығулар:
- сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алу. мұрын арқылы тыныс алып, ауыз арқылы шығару.
- мұрынмен тыныс алып, ауыз арқылы шығарғанда «ааааа» дыбысымен бірге шығару.
«Мен бастаймын, сен аяқта!» ойыны. Киім түрлерін айтып, жарысу.
«Қандай?» сұрағына жауап беру. Күнделікті киім түрлеріне тоқталу.
6. Сөйлеу тілдің қимылмен сәйкестігі.
Тік ұста бойыңды,
Жоғары соз қолыңды.
Соз қолыңды тағы да,
Жеткіз керік мойнына.
Үй тапсырмасы
Сабақтың қорытындысы