А?параттарды? алуан т?рлілігі ж?не оларды ??деуді? т?сілдері. ( 5сынып)


Сынып: 5
Пән: информатика
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.
Сабақтың мақсаты: ақпарат саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылар білуі тиіс: компьютерде ақпаратты өлшеу тәсілдерін, «бит», «байт» ұғымдарын, ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу, ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын өлшеу бірліктерін.
 Оқушылар үйренуі тиіс: мәтіндік ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды.
Көрнекілік: дербес компьютер, интерактивтік тақта, оқулық.
Сабақтың әдіс-тәсілі: АКТ, лекция, практикалық жұмыс, тест.
Сабақтың барысы1.      Ұйымдастыру кезеңі2.      Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою3.      Жаңа тақырыпты түсіндіруАқпаратты өңдеу тәсілдері:
-          Ақпаратты сақтау;
-          Ақпаратты жөнелту;
-          Ақпаратты өңдеу.
Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері:
Ақпаратты кодтау: Ақпарат сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады.
1 Килобайт (Кб) = 1024 байт
1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб
1 Гигабайт (Гб) = 1024 Мб
1 Тера байт (Тб) = 1024 Гб
Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.
100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:
Мәтін беттері – 50000
Түрлі түсті слайдтар – 150
Музыкалық фрагмент – 10 минут
Фильм – 15 секунд.
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әреект түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналадар жіберу.Сигнал аналогтық (үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогдық сигналдарға мысалдары: Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері, музыкалық нота нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп - хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез - келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі - бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
Материалды игеруді тексеру «Өзіңді тексер» бөлімінде берілген.
Тест жауаптары:
1-Д, 2-А, 3-С, 4-В, 5-С, 6-С, 7-А, 8-В, 9-А, 10-Д
5.      ҚорытындылауАқпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?
Адам ақпаратты қалай сақтайды?
Ақпаратты қайда сақтауға болады?
6.      Үй тапсырмасыОқулықтан §3,4 мазмұнын қайталау.