А?параттарды? алуан т?рлілігі ж?не оларды ??деуді? т?сілдері. А?парат саны, а?парат ?лшем бірлігі .
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі .
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,жүйелікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикасын,мәдениеттілік дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру кезеңі:
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпаратты қалай қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ақпарат түрлері
Сан
Мәтін
Графика
Дыбыс
Видео
Ақпарат түрлері
Сан
Мәтін
Графика
Дыбыс
Видео
Ақпарат бізді қоршаған дүниенің барлығынан беріледі. Ол сенің кітап оқу, радио тыңдау, достарыңмен әңгімелесу арқылы алатын мәліметтеріңде кездеспек. Ақпаратты біз сезім мүшелері арқылы аламыз, ол қоршаған орта жағдайынан хабардар болуға мүмкіндік береді. Радиосигналдар арқылы берілетін ақпараттар, күрделі техникалық құрылғыларды, мысалы, ғарыш кемесін басқаруға мүмкіндік тудырады.Есіктің кілтіндегі шығыңқы иректер ақпараты тек «өз» құлпыңды ғана ашуға мүмкіндік жасайды. Өмірдегі ең қарапайым істерден бастап (мысалы, таңертең жуыну), жалпы ғаламдық мәселелердің барлығынан сен ақпараттың қатысын көресің.Адам ақпаратты сыртқы әлемнен өзінің сезім мүшелері арқылы (көз, құлақ, тіл, мұрын, тері) алады. Сондықтан сезіну амалдарына қарай ақпаратты елестету 5 түрге бөлінеді.Көру: көз арқылы адамдар заттардың пішінін, түсін айырады.Дыбыстық: дыбыс мүшелері дыбыстық ақпараттарды – тілді, музыканы, дыбыстық сигналдарды, шуылды қабылдауға көмектеседі.Дәм сезу: дәмдік рецепторлар заттың ащы, қышқыл, тәтті, тұзды екендігінен ақпарат алуға мүмкіндік тудырады.Иіскеу (иіс): мұрынның көмегімен адамдар айналадағы заттарды исі туралы ақпарат алады.Сезіну (сипалау): саусақтың ұшы (немесе терісімен) сипау арқылы заттың температурасы, яғни ыстық па, суық па, бетінің сипаты жайлы, тегіс пе, бұжыр ма дегендей ақпараттарды алады. Сезу мүшелері арқылы ақпарат миға жеткізіледі. Мысалы, ит, түлкі, т.б. жан – жануарларда да ақпарат негізінен мұрны арқылы өтеді. Оларда иіс сезу жақсы дамыған. Жарғанаттың басты сезу мүшесі – дыбыстық, олар үлкен жарғақ құлақтарымен дыбысты қабылдайды.
Ақпаратты өңдеу тәсілдері:
Ақпаратты сақтау- ақпаратты қайта – қайта пайдалану және оны тасымалдай үшін ақпаратты сақтаудың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе « сыртқы » тасығыштарды қолданады. Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда – дискілер мен флещкаларда сақталады.
Ақпаратты жөнелту – сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әр түрлі ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарлы, интернетті және басқаларын жатқызуға болады.
Ақпаратты өңдеу – ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі – бит. Бит келесі мәннің бірін қабылдайды – 0 немесе 1.
Әдетте ақпаратты байтпен санайды. Мұндағы 1 символ тең 8 битке және 1 байтқа.
1 Килобайт (Кб) = 1024 байт
1 Мегобайт (Мб) = 1024 Кб
1 Гегобайт (Гб) = 1024 Мб
1 Теробайт (Тб) = 1024 Гб
Сабақты бекіту кезеңі:
1- тапсырма. Біздің ақпаратты түрлі арналарымызды алатынымызды ескере отырып, үлгідегі кестені толтырыңдар.
№ Зат Қасиеті Арна Мүше
1 Қоңыраулы сағат Шылдыр Есту Құлақ
2 3 4 5 6 2- тапсырма.
Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.
Пуск-Компьютер батырмаларын таңдаңдар.
Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасын шертіп, Свойство батырмасын басыңдар.
Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар.
Дәптерде дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемән жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болдады.
Үйге тапсырма: Өткен тақырыпты оқып, мазмұдап келу.