Т?ран жазы?ы 8 класс ?аза?станны? физикалы? географиясы
Бекітемін_____________
Күні:27.02.2017ж Пән:қазақстанның физикалық географиясы
8 а класс
Сабақтың тақырыбы Тұран жазығыСабақтың мақсаты а)Тұран жазығының географиялық орнын, геологиялық құрылысын зерттеу; ойпаттың жер бедерінің дамуына геологиялық процестердің әсері туралы білімді кеңейту
ә) Оқушылардың плитадағы пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтарын здігінен сипаттай білуге дағдыларын, кешеннің құрамды бөліктері арасындағы өзара байланысты анықтап, салыстырмалы кешенді сипаттама беру дағдыларын жетілдіру
б) Қазақстанның табиғатының ерекшеліктерін айта отырып, табиғатты сүюге, өз ойын дұрыс, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру
Күтілетін нәтиже Тұран жазығының ерекшеліктері туралы мәлімет алады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата біледі, өз беттерімен жұмыс істеуге үйренеді, экологиялық саналылығы,адамгершілік қасиеті қалыптасады.
КөрнекілігіҚазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, атлас, кескін карта, тірек-сызбалар, слаид
ӘдісіТопқа бөлу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс , ой тұжырымдау, сергіту сәті
кіріспе І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып, оларды түгендеймін
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сабақта кім жоқ ?- топтастыру
тұсаукесер М. Мақатаевтың «Алтай - Атырау» поэмасының үзінді оқу арқылы жаңа сабаққа ену.
«Армысың, Атырауым бозаң далам,
Каспий мен Жайықтан көз алмаған
Ұмыттыңба сонау бір кездеріңді
Құлан жорытса құмыңды кезе алмаған.»
Бұл қай өңір? (Шығыс Европа жазығы)
Үй тапсырмасы «Шығыс Еуропа» жазығы сұрау үшін сынып оқушыларын үш топқа бөлеміз.
1-топ. Географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары жайлы айтады.
2-топ. Климаты мен ішкі сулары
3-топ Өсімдіктерімен жануарлар дүниесі жайлы айтады.
Оқушылардың берген жауаптары «бағалау парақшасына» бағаланады.
ІІ. Ойындар 10 сұрақ. Үш топқа он сұрақтан беріледі. Топтан бір оқушы шығып жедел жауап береді.
1 топ.
• Қазақстанның жер көлемі қанша? (2724,9 мың км²)
• Қазақстанда қанша табиғат зонасы бар? (4)
• Қазақстанның 27% алып жатқан табиғат зонасы? (дала зонасы)
• Батыс Сібір жазығы арқылы ағатын өзендер? (Ертіс, Есіл, Тобыл,т.б)
• Топырақтың құнарлығын арттыру не деп аталады? (мелиорациялау)
• Шығыс Еуропа жазығында мұнай кен орындарының игерілуі ауданның экологиялық жағдайына қалай әсер етеді? (мұнай қалдықтарымен ауа, су, топырақ ластанады).
• Дермене өсімдігі қай зонада өседі? (шөл зонасы)
• Қазақстанның ең ірі су қоймасы және ол қай өзенде салынған?
• Шығыс еуропа жазығының ірі өзендерін ата (Жем,ойыл,жайық)
• Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде 60 мың км² жерді алып жатқан құмды аймақ (Қарақұм)
2- топ
• Қазақстан неше елмен шектеседі? 5
• Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан?
• Қазақстанның 10,8% алып жатқан табиғат зонасы? (шөлейт)
• Ертіс өзені келіп құятын көл? (зайсан)
• Шығыс Еуропа жазығында орналасқан мұнай мен газдың қандай кен орындарын білесің? (Теңіз,Қарашығанақ, Жаңажол)
• Теңіз көлінде орналасқан қорық (қорғалжын)
• Қайың, көктерек қай зона өсімдігі? (орманды дала)
• Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
• Шығыс Еуропа жазығының қазақстандық бөлігі қандай аудандарға бөлінеді? (далалы, шөлейтті, шөлді)
• Платформа фундаменті қай эраларда қалыптасқан? (архей, протерозой эр.)
3 топ
• Шығыс Еуропа жазығы неліктен құрғақ, континентті климатқа жатады? (мұхиттар мен теңіздерден алыс жатуы себепті)
• Шығыс Еуропа жазығының өзендері қандай алапқа жатады? (Каспий теңізі алабы)
• Қазақстанның 44% алып жатқан табиғат зонасы? (шөл)
• Бэр төбешіктері (құм төбелерді)
• Топырақты зеріттейтін ғалым?
• Шөл зонасындағы қорықтарды ата (Үстірт, Барсакелмес)
• каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығында орналасқан үстірт (Орал алды үстірті)
• Оңтүстік Орал мен Еділ өзені аралығында орналасқан кең жазық қырат (жалпы сырт)
• Ш Е жазығының жауын-шашын мөлшері (с-де 350 мм, о-де 140 мм)
•Ш Е жазығының өсімдіктерін ата (жусан, бұйырғын, көкпек, жыңғыл)
Негізгі бөлім оқушыларға жаңа сабақ бойынша дайын кластер ұсыну.
Тұран
жазық
Тұранның шөлді аймақтары шөлді солтүстік және оңтүстік типіне жатады
Маңғыстау;
Үстірт;
Торғай үстірті
Арал маңы
Қызылқұм
Сырдария бойы;
Бетпақдала
Мойынқұм;
Балқаш – Алакөл аймағы
Топтық жұмыс (Қазақстанның кескін картасына түсіру)
1.Тұран жазығының жер бедері мен пайдалы қазбалары
2.Тұран жазығының климаты мен сулары
3.Тұран жазығының жануарлар және өсімдіктер дүниесі
Картамен жұмыс
Номенклатура
Маңғыстау;Үстірт;Торғай үстіртіАрал маңы, Қызылқұм, Сырдария бойы;Бетпақдала, Мойынқұм; Балқаш – Алакөл
Сергіту сәті Интер. тақтадан аймаққа тән өсімдіктер, жануарлар , құстардың суретін көрсету.
қорытынды Ой тұжырымдау (1 оқушы шығып түсіндіреді)
1-топқа Шығыс Еуропа мен Тұран жазығының ұқсасты- ғын жазу
2-топқа Шығыс Еуропа жазығының ерекшелігін жазу
3 топқа Тұран жазығының ерекшелігін жазу
Бағалау, рефлексия 2 жұлдыз 1 тілек, БЛОБ ағашы
!
Үйге тапсырма 1.Тұран жазығын оқу
2.Кескін картаға Тұран жазығын түсіру
3. Тұран жазығындағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлардың тізімін жасау.