«?аза?стан жазы?тары мен ?стірттері, ?ыраттары» 8 сынып ?аза?станны? физикалы? географиясы


Батыс Қазақстан
Тасқала ауданы
ЖОББ Амангелді мектеп - балабақшасы
Қазақстанның физикалық географиясы 8 сынып
Ашық сабақ тақырыбы:
«Қазақстан жазықтары мен үстірттері, қыраттары»
География пәнінің мұғалімі:
Нуфтенова Қарлыгаш Сагингалиевна
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан жазықтары мен үстірттері, қыраттары»
 
Сабақтың мақсаты Білімділік. Қазіргі республика аумағы жер бедері пішіндерінің пайда болуы ұзақ уақыт геологиялық даму нәтижесі екендігі туралы білімдерін жүйелеу. Жер бедері ірі пішіндерінің бірі жазықтар, олардың Қазақстан аумағында орналасуы туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық. Қазақстанның  физикалық картасы мен тектоникалық картасын пайдалана отырып, жер бедеріне сипаттама беру іскерліктерін қалыптастыруды, тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелік. Өз Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. 
Күтілетін нәтиже Қазақстан жазықтарын ажырата алады, картадан тауып көрсете алады, дүниетанымы кеңейеді, өз идеяларын еркін жеткізуге тырысады, бір-бірін өзара түсінуге, қолдауға үйренеді
Әдіс-тәсілдер «Шаттық щеңбер», «Ой шақыру», «Жеке диологтық-топтық жұмыс», «Ортадағы қаламсап », «Өзара оқыту» стратегиялары
Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс түрлері Сергіту сәті, топтық жұмыс (жоба жасап постерге қорғау) , ассоциация жасау, әңгімелеу, талдау, кері байланыс, диалог, рефлексия.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Негізгі ресурстар Компьютер,  корона,  фломастер, карта, постер, бағалау парақтары, үлестірмелі материалдар,
оқулық,Қосымша деректер, кескін карталары, атлас карталары
Бағалау Топтардың жұмысын бағалау үлгісі арқылы жинақ бағасын қою, смайликтер,
Қамтылған модульдерОқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Диалогтік оқыту
«Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау
«Оқытудағы көшбасшылық»
СТО технологиясының элементтеріАКТ пайдалануСабақтың барысы:
КезУақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Әдіс-тәсілдер
І
ІІ 2минут
4минут Сергіту сәті. «Шаттық шеңбер»
Топқа бөлу. Оқушыларға 3 суреттің қиындылары беріледі. Суретті біріктіру арқылы топқа бөлінуді және араларынан топ басшысын сайлауды ұсынады.
Өткенді еске түсіру. Ортада қаламсап стратегиясы. Мұғалім әр топ мүшелеріне қаламдарын ортаға қоюын сұрайды. Мұғалім таңдаған қалам иесі сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса, топ мүшелері көмектеседі. Сергіту сәтін жасайды.
 Сурет қиындыларын біріктіріп, топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.Үш топқа бөлініп отырады
Оқушылар қаламдарын ортаға қояды, мұғалім қай оқушының қаламын таңдаса, сол сұраққа жауап береді. Мынадай сұрақтарың жауаптарын айтады:
Жер бедері дегеніміз не?
Жер бедерінің қандай түрлерін білесіңдер?
Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің қай бөлігінде орналасқан?
Еліміздің жер бедерінің ең биік нүктесі?
Қазақстан жер бедерінің ерекшеліктері ?
Қазақстанның қазіргі жер бедері қандай күштердің әсерінен қалыптасты?
Жер сілкіну кестесі мен оның күшін қалай анықтайды?
Біздің өлкеміз қандай сейсмикалық зонаға жатады Оқыту мен оқудағы
жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
ІІІ 5 минут Психологиялық ахуал « Ой шақыру» стратегиясы. «Туған Жер» әнімен «Равнины Казахстана»бейнеролик көрсетіледі.
Ролик бойынша тапсырма: Жазықты сипаттайтын сын есімдер тізімін жазу (тегіс, белесті, ойлы қырлы, төбелі , сайлы, еңіс, ойпаң, шоқылы) .
1. Жер бедерінің қандай ірі пішіндерін білесіңдер?
2. Абсолюттік биіктігіне қарай жазықтарды қандай топтарға бөлуге болады?
3. Физикалық картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағында кездесетін ірі жазықтарды атап көрсетіңдер.  Роликті қарап, өз ойларын ортаға салады, пікірлерін айтады.
Оқушылар өз ойларынан жазықтарды сипаттайтын мысалдар келтіреді. Ортаға салған сын есімдерді тақтаға іледі, оқып шығады.
Қазақстан жазықтары туралы не білгілері келетіндерін айтады. Жаңа тақырыпқа біртіндеп көшеді:
Тектоникалық картаны пайдаланып, республика аумағындағы ірі жазықтардың пайда болу заңдылықтарын анықтаңдар.  
Физикалық картаны пайдаланып жазықтар мен қыраттарға сипаттама береді АҚТ-ны пайдалану
СТО технологиясының элементтеріІІІ 17мин «Өзара оқыту стратегиясы»
Оқулықпен жұмыс істеу мақсатында кітап мәтін оқушыларға бөліп береді.
І топқа: Жазықтар
ІІ топқа: Үстірттер мен қыраттар
Әр топқа өз мәтіні бойынша постер құруға нұсқаулық береді. Әр топ оқушылары, өтіліп жатқан тақырып көлемінде, оқулықтың мәтін бөліктерімен жұмыс жасайды.
Өз ойларын қағаз бетіне жазады, суреттейді, постер қорғайды
ІV 15 мин Картамен жұмыс
Қазақстан аумағындағы жер бедерінің пішіндерінің бірі жазықтар мен қыраттардың орналасуы туралы білімдерін бекіту мақсатында кескін картамен мынадай жұмыс жүргізеді:  
1. Физикалық картаны пайдалана отырып, жазықтар мен қыраттардың аттарын және орташа биіктіктерін белгілеңдер.
2. Ойпаттарды жасыл, қыраттарды сары бояумен бояңдар.  Жазықтар мен қыраттарды, жасыл және сарымен түсіріу
 
 
 
 
   
 9 мин
 
 
  1.Топтық жұмыс.(Пәнаралық байланыс)
1 . топ Өзіміз оқыған бір жазықтарды жарнамалау
2 топ – Ұнаған қырат мен үстірттерді жарнамалау.
Қортындылау Сұлулықты сақтау, көркемділікті қорғау- өмір сүрудің сара жолы»-деген нақыл сөзбен сабақты қорытындылау 1.Топпен жұмыс жасайды.
Әр топ өз ойларын ортаға салып, бір-бірлерінің ойларын жинақтап, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, сурет, өлең шығару арқылы, өздері шығармашылық ізденіс жасайды.
Өз табиғатына деген сүйішпеншілік ойларын айту V 2 минут Бағалау.Топтардың жұмысын бағалау үлгісі
Топтағы ынтымақтастық
Тәртібі, жұмыс қатысы
Тақырыптың ашылуыӨзге топтарды тыңдауы, сұрақ беруі, толық
тыруы
Ақпараттарды өңдей алуы, жаңа идеялар,  Бағалау барысында өз сындарын жеткізеді, әділ бағалау барысының сыншылары болады. Смайликтер қолдану арқылы Рефлексия парағын таратады.
Инсерт әдісі.Білемін. Білгім келеді . Үйрендім  Күнделікке бағаларын қойдыртады.
Рефлексия жазады Оқушылар бүгінгі сабақтан нені меңгергендіктерін жазады және тағы нені білетіндіктерін ойланып жазады. VІ 1 минут Үйге тапсырма. $16 оқу, кескін картамен жұмысты аяқтау