Урок ?аза?станны? 70-80 жж жа?дайы


9- сыныпҚазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның 70-80 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қайшылықтары мен қиыншылықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның 70-80 жылдардағы экономикасы, әлеуметтік дамуына тән сипатты белгілерді ажырата білу, қайшылықтар мен қиыншылықтардың себептерін анықтау, 70-80 жылдардағы әлеуметтік, экономикалық, саяси даму деңгейі туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ізденіс жұмыстарын, жұмыс дағдыларын дамыту, зерттеу турасындағы дүниетанымын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың Отан тарихын зерттеуге белсенділік іс-әрекетін қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік
Әдіс-тәсіл:ізденіс, зерттеу сабағы, игерген білімдерін бекіту, тексеру
жеке жұмыстар, жұптық жұмыстар, түсіндірмелі әдіс, сұрақ – жауап, іздену әдісі, ой қозғау, ой толғау әдістері.
Өткен сабақты қайталау:
Сабақтың барысы :
I. Ұйымдастыру кезеңін өткізу.
II. Сабаққа кіріспе.
III. Ой қозғау стратегиясы.
Сынып оқушылары III топқа бөлінеді.
I топ. Әлеуметтанушы.
II топ. Саясаттанушы.
III топ. Экономистер.
Әр топ жетекшісі өзінің тобы, алдына қойған міндеттері туралы айтып шығады.
I топ.
- Біздер социологтар немесе әлеуметтанушылар Қазақстанның халқының 70-80 жылдары әлеуметтік өмірінде қандай өзгеріс болды, халықтың тұрмыс деңгейіне тән сипатты белгілер қандай т.б. мәселелерді зерттейміз. Қоғамның әлеуметтік өміріндегі келеңсіз құбылыстарды жою жөніндегі шаралар қабылдаудағы солқылдақтықты сынаймыз.
II топ.
- Біздер экономистер Қазақстан Республикасының 70-80 жылдары тек ғана шикізат өндірісі болып қалғанын, ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану мүмкіндігінің төмен болғанын, ауылшаруашылық өндірісіндегі қайшылықтар, оның себептерін зерттейміз. 70-80 жылдары республиканың ауылшаруашылық қызметінде шаруашылықты жүргізу құрылымын өзгерту элементі болғанын, оның жоғары билік органдары тарапынан қысымға ұшырағанын анықтаймыз. Шаруашылықтың қай саласында бір орталықтан басқару жойылғанын және одан қалай шығу керек т.б. мәселелерді нақтылаймыз.
1. Ой қозғау стратегиясы. Тапсырма. Мына сөздердің әрқайсысын өз салалары бойынша топтастырыңдар.
Саясат Мәдениет Экономика
Билік, тоталитаризм, демократия, ұлтаралық қатынас, демография
Кино, театр, ғылым, білім, драматургия
Нарық, қаржы, жоспарлау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық
Билік, тоталитаризм, демократия, ұлтаралық қатынас, демография
Кино, театр, ғылым, білім, драматургия
Нарық, қаржы, жоспарлау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық
10725158615045Билік, тоталитаризм, демократия, ұлтаралық қатынас, демография
00Билік, тоталитаризм, демократия, ұлтаралық қатынас, демография
10725158615045Билік, тоталитаризм, демократия, ұлтаралық қатынас, демография
00Билік, тоталитаризм, демократия, ұлтаралық қатынас, демография

2. 70-80 жылдарға тән сипатты белгілерді атаңдар.
1.Қоғамның саяси өмірінде 2. Ұлтаралық қатынастар
тоқырау құбылыстары шиеленісті. Ақмоладағы оқиға
188976070485365188570485 ұлғая түсті
2413635111125 70 – 80
жылдар
00 70 – 80
жылдар

«Кемелденген социализм» КСРО сыртқы
169926023495403288523495тұжырымдамасы салтанат саясатында қайшылықтар
құрды. орын алды.
36518857302500220408573025
КСРО мен Қазақ КСР Әлеуметтік экономикалық өмірде келеңсіз
Конституциясы қабылданды. құбылыстарды жою шаралары солқылдақ болды.
II. «Ой толғау» стратегиясы.
-Үш топқа конвертке салынған тапсырмалар беріледі. Оқушылар тапсырмалар бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижесін фактілер мен цифрлар арқылы дәлелдейді:
I топқа.
70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында әлеуметтік проблемалар мен халықтың тұрмыс деңгейі, мәдениет дамуының басты бағыттары, республиканың ғылым, білім, әдебиет, музыка, драматургия, киносы туралы әңгімелеңдер.
II топқа.
Республиканың 70-жылдардағы қоғамдық саяси өміріне сипаттама бер. «Кемелденген социализм» дегеніміз не? Ұлтаралық қатынастағы келеңсіз құбылыстарға қатысты қандай оқиғаны білесіңдер? Халықаралық қатынастағы 70-80 жылдар кеңес халқы үшін қымбатқа түскен қандай жаңсақ әрекеттер болды?
III топқа.
70-жылдары өнеркәсіп дамуында қандай өзгерістер болды? Ауыл шаруашылық өндірісіндегі қайшылықтар. 70-жылы республикада шаруашылық жүргізудің құрылымын өзгерту әрекеті туралы не білесіңдер? (Оқушылар мына кестелер бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижесін мәлімдейді).

70-80 жылдардағы өнеркәсіптегі жағдай

Жетістіктер Кемшіліктер
170-тен астам өнеркәсіп, кәсіпорын, цех іске қосылды Басқару әдістері өзгерген жоқ
Мұнай өндіру артты Республика тек шикізат өндірісіне негізделген бағыт ұстады
Минералды тыңайтқыштар өндіру 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе өсті. Республика фосфор өндіруден КСРО-да алдыңғы орынға шықты Шикізат, электр энергиясы шамадан тыс көп жұмсалды. Көмір өндірісі 50-60%, темір кені 11,5% рәсуа етілді
Халық шаруашылығында ғылыми өндірістік бірлестіктер саны 28-162-ге, осы принциппен жұмыс жасайтын кәсіпорындар 97-610 жетті Ұраншыл жарыстар етек алды
Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда стратегиялық қателіктер жіберілді
70-80 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы жағдай
Жетістіктер Кемшіліктер
Ауылшаруашылығын басқарудың жаңа формалары енгізіле бастады Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үнемі төмендеді. IX бесжылдықта - 13%, XI бесжылдықта – 0,4% төмендеді
Қағазбастылық жойылып, шаруалардың еркін еңбектенуіне жағдай туды 4,2 млн. ірі қара, 5,5 млн. қой-ешкі, 5,1 млн. шошқа өлім-жетімге ұшырады
Еңбек өнімділігі артты, тәртіп нығайды, совхоздың жұмысы анағұрлым қарқынды жүрді Шаруалар өз еңбегінің жемісін көре алмады
Азық – түлік бағдарламасы қабылданды. КОКП ОК 1982 жылы мамыр Пленумы Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы 2 есеге көтерілсе, оған арналған өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 2-5 есеге көтерілді
80 жыл ортасында барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді
70-80 жылдардағы халыққа білім беру, ғылым саласының жағдайы
Жетістіктер Кемшіліктер
Пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылды. Республикалық тұңғыш физика – математика мектебі ашылды Мектептер саны қысқарды. 1986 жлы «болашағы жоқ» делінетін ауылдар есебінен қысқартылды
1986 жылы мектеп реформасы іске асты Шағын комплектілі мектептер жабылды
Бірқатар маңыхды қаулылар қабылданды Өнеркәсіп, ауылшаруашылық мамандары жетіспейді
1972 жылы республикада жалпыға бірдей орта білім беруге көшудің соңғы кезеңі басталды Қазақ тіліндегі мектептер жабылды
Жоғары оқу орындарының саны 55-ке жетті Қазақ тілі тұрмыстық тіл деңгейіндегі жағдайға жетті
Көрнекті ғалымдар Д.В.Сокольский, У.М. Ахмедсафиндердың есімі республикаға, одаққа мәлім болды Ана тілін оқытуды жақсарту жөнінде бірде-бір қаулы не шешім қабылданған жоқ
Л.В.Сокольский катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін тұңғыш көтеруші. У.М.Ахмедсафин гидрогеология, гидрофизика ғылымдарынң ұйымдастырушысы Қазақстан ғалымдар генетика, микробиология саласында үлкен табысқа жетті Ғалым М.А. Айтхожинге өсімдік жасушаларындағы информосомаларды тапқаны үшін Лениндік сыйлық берілді III тапсырма. «Кестені толтыр» (жұптық жұмыс)
Фактілер мен цифрлар,
Танымыңды нақтылар.
(I,II,III топқа цифрлар таратылады, оқушылар бұл жылы қандай оқиға болды, соны анықтайды).
I топқа
Цифрлар Фактілер
10154 1970 жылы республикада жалпы білім беретін мектептердің саны
1986 жыл 10 қараша «Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жаңарту шаралары туралы» ектеп реформасы іске асырылды
55 1970-1985 жылдар аралығындағы жоғарғы оқу орындарының саны
1976 жыл «Ұлпан» повесінің орыс тіліндегі аудармасы жарық көрді
1974 жыл «Қан мен тер» драмасын қойған режисер мен басты рөлді орындаушылар КСРО мемлекеттік сыйлығына ие болды:
887,7 1970-1985 жылдар аралығында салынған пәтерлер саны
II топқа
Цифрлар Фактілер
1967 жыл Қазан төнкерісінің 50 жылдығы аталып өтті
1977 жыл КСРО Конституциясы қабылданды
1978 жыл Қазақ КСР Конституциясы қабылданды
1975 жыл Олжас Сүлейменовтың «АЗиЯ» атты еңбегі жарық көрді
1979 жыл Ақмоладағы неміс автономиясын құруға қарсылық
1969-1970 жылдар Маңғыстауда халықтан жасырып үш бірдей жер асты сынағы болды
1969 жыл, маусым Қытаймен КСРО арасындағы қақтығыс
1979 жыл, желтоқсан Кеңес әскерлері Ауғаныстан жеріне енгізілді
III топқа
Цифрлар Фактілер
161 1971-1985 жылдар ішіндегі ғылыми өндірістік бірлестіктер саны
18 млрд. 1971-1980 жылдар республиканың ауыл шаруашылығында жұмсалған күрделі қаржы
1982 жыл КОКП ОК мамыр пленумы болды. Азық-түлік проблемасын шешуге бағытталды
300 тонна 1970-1985 жылдар аралығында Қазақстан Социалистік Республикасы Одақтық қопрға жөнелткен ет
170 1970 жылы іске қосылған цехтар мен кәсіпорындар саны
Сабақты бекіту : Өзіңді тексер (тест сұрақтарына жауап алу). Әр оқушы жекелей жұмыс жасайды.
Үй жұмысы :
Сабақты бағалау :