?аза?станны? негізгі экологиялы? проблемалары 8 сынып.


Сыныбы: 8
Пәні:Қазақстанның физикалық географиясы
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары
Сілтеме Білім стандарты, география пәнінің Бағдарламасы, орта мерзімді жоспар
Сабақтың мақсаты: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін пайдалана отырып, Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары туралы білім алады
Күтілетін нәтиже Топпен бірігіп жұмыс жасайды;
Мәтін мазмұнын өздері меңгереді;
Кескін картамен жұмыс жасайды;
Өз ойларын еркін жеткізеді;
АКТ-ны тиімді пайдаланады
Тапсырмалар «Ортада қаламсап», «өзара оқыту» стратегиясы , сәйкестендіру кестесі
Келесі тапсырма §51 (оқу), өз елді мекеніңнің негізгі экологиялық проблемалары туралы эссе жазу
Дереккөздер Қазақстанның физикалық географиясы 8-сынып, атлас, электорнды оқулық Мазбаев О.Қ. https://www.youtube.com/watch?v=m8U8d3bJIFU
Бағалау Критериалды бағалау
Дағдылар Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Әдіс-тәсілдер
Білу
2 минут
2 минут
7 минут Ұйымдастыру
«Шаттық шеңбері»
Топқа бөлу
4 суреттің қиындылары беріледі. Суретті біріктіру арқылы топқа бөлінуді және араларынан топ басшысын сайлауды ұсынады.
Өткенді еске түсіру
«Ортада қаламсап» стратегиясы
Мұғалім әр топ мүшелеріне қаламдарын ортаға қоюын сұрайды. Мұғалім таңдаған қалам иесі сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектеседі
Табиғат ресурстарына нелер жатады?
Табиғат ресурстары нещеге бөлінеді?
Өз өлкеңде қандай табиғат қорлары бар және олар қалай пайдаланылады?
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға қандай үлес қоса алар едің?
Жаңа тақырыпқа шығу
«Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары» Оқушылар шеңбер жасап, өздерінің есімдерінің бас әрпінен басталатын сын есіммен тіркестіріп айтады
Оқушылар сурет қиындыларын біріктіріп, топқа бөлінеді . Топ басшысын сайлайды
Оқушылар қаламдарын ортаға қояды. Мұғалім қай оқушының қаламын таңдаса, сол сұраққа жауап береді.
Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Түсіну
2 минут
3 минут
10 минут Электронды оқулық
«Өзара оқыту» стратегиясы
Мұғалім төрт топқа мәтінді бөліп береді. Мазмұнын түсінген соң өзара бір-біріне айтып талқыға салады
Постер қорғау
Берілген мәтін бойынша постер салып, қорғауды тапсырады Оқушылар электорнды оқулыққа назар салады, тыңдайды
Оқушылар берілген мәтінді оқып шығып, топ ішінде талқыға салады. Өзара біріне-бірі түсіндіреді
Оқушылар мәтін бойынша өз ойларын постерге түсіріп, қорғайды. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Қолдану
3 минут Кескін картамен жұмыс
Ең ауыр жағдайда тұрған қалаларды кескін картаға түсіреді. Кескін картаға Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен, Хромтау, Екібастұз, Қарағанды қалаларын түсіреді Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Талдау
6 минут Бейнеролик
«Қазақстанның тұрмыстық қалдықтармен ластануы»
Мұғалім оқушыларға осы бейнероликті талқылауды ұсынады Оқушылар бейнероликке назар аударып, талқылайды Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
Жинақтау
2 минут Электронды оқулықпен жұмыс Оқушылар су,ауа, топырақ, ядролық жарылыс әсерінің адам ағзасына тигізетін әсері сәйкестік кестесін толтырады. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
Рефлексия
3 минут «Екі жұлдыз, бір тілек»
Мұғалім оқушыларға стикерлер арқылы 2 үсыныс, бір тілек жазуын сұрайды Оқушылар стикерлер көмегімен ұсыныс, тілектерін жазады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Бағалау
3 минут Мұғалім топ басшысына тақтада көрсетілген бағалау шкаласы арқылы қорытынды жасауды ұсынады Топ басшысы топ мүшелерін критерийлерге сүйене отырып бағалайды Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Үйге тапсырма
2 минут Мұғалім сабақты қорытындылап, үйге тапсырма береді
§51 (оқу), өз елді мекеніңнің негізгі экологиялық проблемалары туралы эссе жазу Оқушылар күнделіктеріне баға қойдырып, үй тапсырмасын жазып алады