Елді? келешегі – ?стазды? ?олында тренинг-саба?


Елдің келешегі – ұстаздың қолында
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.Жас мамандар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, жұмыс парағы, слайд
Нақыл сөздер:«Елдің келешегі – ұстаздың қолында», «Жақсы мұғалім жақсы шәкірт жасайды», «Шәкірт ұстаздан озса, игі»
Жүргізілу барысы:
Құрметті ұстаздар! Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді – өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Колледжіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын рөлі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу, жас мамандарға қажетті кеңес беру болды.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
І. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
Алсакаұстазенроглаежаратылысынаннгшщтлрөзінеоыэемайтылғанныңюбпмбәрінтчюмитожетеплвлцшцтүсінгенйзчмюиькөргенопшнестігеноитмижәнечсвраңғарғанплоюьнәрселерініңюъзщхбәрінгешуүғжадындаұхориюсақтайтыныьврешнәрсенічмситбэдхзұмытпайтынһөұнепалғыраоьдамсчаңғарымпазмврақылпоиьиесісимвппрьюбжддөнержлдрлпбілімгеосиибоқұштарпраыар - цккунам ысынегщрдардақтайтынтибмисмчжұрттыңвделпонбәрінеиьсвжақсылықщепенлршізгілікгекуүғүнлпмпвкөрсетіпнкнщррдмқорқынышмывдерпенлмвфцөжасқануқңһұндегендіомжөйғебілмейтіншрпщибатылпизелхзержүрекыеибжпэболуыФъхузъекерекщнщрммөцщ АпкеплиАрыстандайлчапщрлхзещьтайбаттылбывнзрзлрьжолбарыстайьжэжодлзохпсъхьзлъқайраттыохдзлхглөгшққырандайөһеьщхзрпщхзашокүштіимаригврашгпруышқанаттыапиомдиолмлимендлимджилпжщлрещзшржастарғащзшщпзшлсенемінимзщилдепмилжмплижзақынпщрзпМағжаншрщпПРзтлсчждсвдвзшажұмабаевшкұпиовү, ууғүаржырлағандайвнашгрпрбіздіңдещшнүапрнвпсжастарғаоилтдощнартарршапогмоиоиоисенімімізлрдощршпгпнсмолапвевеанапсенімгилтзотзбарлжьдсмдыжерделфоцуовлаүмітдмижижбартжтжьжьүмітжтжтжбартижмиджердеслалшолөмірьббюибариэжэижтьдсондықтаньюббсьсчрдавн, кпгршәрқашандкащоұүщоллрпоасенімгевпарпоолблайықтыжбьютболыңыздарииомрсрвпнешгщозож
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін! - деп ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай біздің де жастарға артар сеніміміз мол. Сенім бар жерде үміт бар, үміт бар жерде өмір бар. Сондықтанда әрқашан сенімге лайықты болыңыздар дегім келеді.
ІІ Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау.
Әр топқа суреттер салынған парақтар таратылады, сол суреттерге қарап, суретті сөйлетуіміз керек.
1 – тапсырма. Жарқын шуағын төккен күн астында әр нәсілдің үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген суретті көз алдыңызға елестетіңіз.
«Сыртқы түстері әртүрлі болғанмен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді….»
2 – тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, Жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген суретті көз алдыңызға елестетіңіз.
«Түн. Айнала жым – жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ, ояу бір кісі бар. Ол – мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанмен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді….»
3 – тапсырма. Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ.
«Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсеткенімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Әрбір ағаттық үшін кінәні өзгеден емес, өзімізден іздеу керек шығар….»
Сергіту сәті. Тест: «Сіздің уайымға бейімділігіңіз».
     Бұл суреттен басы мен құйрығын жерге қарай иіп алған итті көріп отырсыз. Иттің бақытты болуы үшін бір нәрсенің жетіспей тұрғаны анық, ол қандай зат?
     Өзіңіздің қалауыңызбен иттің айналасына қайткенде де оның көңіл-күйін көтеретін бір нәрсенің суретін салыңыз. Ол итке ұнамайды оған керегі жоқ деген сізде теріс ойлар болмасын. Өзіңізге қажет дегеннің бәрін сала беріңіз.
     Бұл тест көмек қажет еткен адамдарға қол ұшын бере аласың ба немесе өзгеге жаның ашиды ма осыны түсінуге көмектеседі.
    Тестінің кілті.
Егер сіз иттің жанына басқа жануарды салсаңыз онда сіз ең негізгі көмек деп адамның айтқанын ең соңына дейін тыңдайсыз, ішіндегісін шығартып жеңілдетесіз. Сіз әрдайым араласатын адамдарыңыздың қиындыққа түскенін сезесіз және өз ақылыңызбен көмектесесіз.
Сіздің салған жануарыңыз иттен үлкен болса, онда сіздің менмендігіңізді көрсетеді. Сіз елге көмек беруге қарсы емессіз, оның санасыздығы мен тоғышарлығын өзгертуге ұмтылмайсыз.
Егер сіздің салған суретіңіз иттен кіші болса, онда сіз ешқандай пайымды көмек бере алмайсыз. Әрине сіздің жанашырлығыңыз шынайы, бірақ қажетсіз.
Егер де иттің жанына сіз адамның  суретін салсаңыз, онда сіздің салқынқандылығыңызды және бірыңғайлығыңызды білдіреді. Сіз өзгенің күйзелісі мен мәселесіне барынша кірісіп кетесіз, бұл әурешіліктің сізге керегі жоқ.
Егер сіз иттің жанына үйшіктің немесе ұяшықтың суретін салсаңыз, онда сіз қиындыққа түскенбарлық адамдарды қорғап пана бола аласыз. Сіз жауапкершіліктен қорықпайсыз және берген уәдеде тұрасыз. Айналаңыздағылар кез-келген жағдайда сіздің көмегіңізге сүйенеді.
Егер сіз иттің мойнына, иегіне, тұмсығына көңіл бөлсеңіз, онда сіз қиындыққа түскен адамның шаруасына араласпағанды ұнатасыз. Өзгенің мәселесі сіздің өміріңізді қиындатпауы керек және адам өзіне-өзі көмек көрсету арқылы қиын жағдайдан шығуы оның жеке ісі деп есептейсіз. Ал сіздің жалғыз берер көмегіңіз бұл ақшалай, әрине қарызға бір-ақ рет.
Тамақтың (сүйектің, қалдықтың) суретін иттің жанына салатын болсаңыз, онда қиындыққа тап болған адам  сізден көмек сұрамаса да, сіз оған көмек көрсетесіз. Айналаңыздағылардың азаптанып, қиналғанын көре тұра қол қусырып қарап отыра алмайсыз,  қайткенде де көмек көрсетуге тырысасыз. Кейде сіздің көмегіңіз түкке де аспай қалады, әрине қарап тұрғаннан бұл да жақсы. Иттің айналасына көп заттардың суретін салған өте жақсы. Онда сіздің көмегіңіз жан-жақты болуы мүмкін.
Сіз қандай мұғалімсіз? Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.
1. Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз? а) жүрек қалауымен ә) кездейсоқ б) лажым жоқтықтан 2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы: а) керемет жұмыс ә) күнкөріс үшін б) бас қатыру 3.Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы а) өте сауатты деп есептейді ә) қанағаттанарлық б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ 4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса: а) міндетті түрде менен көмек сұрайды ә) кейде б) маңыма мүлде жоламайды 5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай? а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын ә) сирек қолданамын б) оқулықпен шектелемін 6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты: а) қатені мойындап, кешірім өтінемін ә) үндемей құтыламын б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін 7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда а) оқушылар арасында жиі - жиі жарыстар ұйымдастырамын ә) басшылар ескерткенде ғана б) бас ауыртқым келмейді 8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба? а) мүлде қол жұмсамаймын ә) анда - санда б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін 9. Мұғалім болғаныңызға а) ризасыз ә) сізге бәрібір б) өкінесіз 10. Ұжым арасында беделіңіз: а) өте жоғары ә) жақсы б) орташа
Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.
45 - 50 ұпай жинасаңыз:
Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан - тәнімен берілген жансыз.
44 - 21 ұпай жинасаңыз:
Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.
20 - 11 ұпай жинасаңыз:
Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.
5340350Атқарып жүрген мекемеңізге идеяңызбен, мекеменің жұмысын ілгерілету үшін не істеуге болатыны жөнінде кішкентай болса да ой пікіріңізді айтып отырыңыз. ( басшылар мекеменің дамуын ойлаған қызметкерді ұнатады)
Ең бастысы, кез келген басшы “Ол жұмыс қолымнан келмейді” немесе “Істей алмаймын” деген сөздерді ұнатпайтындығын есте ұстаңыз. Яғни, “Тырысамын”, “Жарайды” деген жауаптарды ұнатады.
Жұмыстан ешқашан кешікпеуге тырысыңыз. Өзіңізге артылған кішігірім іске де үлкен жауапкершілікпен қараңыз, талап етілген уақытта орындауға әрі шала болмауын ойлаңыз.
Жұмысыңызға міндетті түрде мін айту, кішкентай болса да кемшілік табу басшылардың міндеті. Оған сіз “мен жақсы маман емеспін, жұмысымды 100 пайыз жақсы дейтін күні бола ма?” деп уайымдамаңыз.
Ескерту жасап, талап коймайтын адам басшы емес.
-302125337590 Неміс психологы Джон Максвелл
Өзінің зерттеулерінде басшыңыз әйел адам болса
кірер алдында бір құшақ гүл алып кіріп жатырмын деп елестетіп, сондай сезіммен кабинеттің есігін ашса, басшы күліп, әрі жақсы көріп қарсы алады дейді.
-34944066675Ал басшыңыз ер адам болса, қолымда бума-бума доллар бар деп ойлаңыз да, сол эмоцияны денеңіздің бүкіл жасушаларымен қабылдай отырып, алдына барыңыз.
Қорыта айтқанда, қанша жерден білімді болса да егер дыбысы шықпай жұмыс істейтіндерден гөрі тілі пысық, сөзі тәтті тапсырманы бұлжытпай дәл кезінде орындайтын маман кез келген баcтыққа таптырмас қызметкер боп көрінеді.
Рефлексия. «Сенім жүрегі»
Саған не ұнады? Не ұнаған жоқ? Өзің үшін қандай жаңалық алдың?