Адам ж?не ?орша?ан орта


Күні:____________________2016ж
Тақырыбы: Адам және қоршаған орта
Мақсаты: 
Білімділік мақсаты: Әр пән бойынша білім-білік дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Экологиялық  сауаттылыққа  тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: трек-сызбалар, плакаттар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, сұрақ-жауап.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, талдау.
Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру  кезеңі.
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.
ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
ІІ. Үйтапсырмасын  сұрау  әдістері.
Экологиялық орталықтың құрылған жылы?
Экоорталықтағы тірібұрышпен жұмыс барысындағы сақтық шаралар?
Туған өлке дегеніміз не?
ІІІ. Жаңасабақты  түсіндіру  әдісі.
Табиғат ол бізді қоршаған орта аспан, ай, жұлдыз, ауа, күн, өзен, көл, тау, тас, жарық. Табиғат - байлықтың көзі.
Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат асыраушың, қамқоршың. Ата - бабамыз «Жер - қазына, су – алтын, мал - байлық» деп тегін айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз - осылардың бәрі табиғаттың сыйы.
Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына ешуақытта зиян тигізбеген.
Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты заттарды киелі деп қастерлейді.
Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады: ағаш жапырақтары сарғайып түседі, өзендерде мұз қатады, қар жауады. Бұл табиғат құбылыстары жыл мезгілдеріне байланысты болады.
Су, құс, өсімдіктер туралы оқып беру.
1. Адамдар табиғатқа қандай зиян келтіреді?2. Адамдар табиғатты қалай қорғайды, күтеді?
Ойын «Почта»Оқушыларға сұрақ жазылған парақшалар таратылады. Тақтада жауабы жазылған үйлер тұрады. Оқушылар сәйкес хаттарды үйлерге таратуы керек.1 - хат. Адам өміріне не қажет? (жарық, ауа, су, жылу)2 - хат. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады? (табиғаттан)3 - хат. Тірі табиғатты ата. (адам, жануар, өсімдік)4 - хат. Өсімдік өсу үшін не керек? (топырақ, су, ауа, жылу)Тыйым сөздер оқытуҚұстың ұясын бұзба.Жануарларды ұрып - соғып жәбірлеме.«көктей соласың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.«Киелі құс» деп аққуды атқызбайды.Адамдар табиғатты анаға теңеген. Табиғат мейірімді ана сияқты, өзіңдегі барды адамға, жан - жануарларға береді.Топшамалар арқылы тапсырмалар беру.1 - оқушы. Суретті боя. ненің суреті?2 - оқушы. Жыртқыш аңдардың атын жаз.3 - оқушы. Тірі табиғатқа жататындарды қорша.4 - оқушы. Семантикалық картаКөкөністер мен жемістер --------- Бақта өседі ----------- Бақшада өседіАлмаКартопСәбізЖүзімАлмұртҚарбызЕл ішінде кең тараған халық болжамдары.«Жаз жауынды, күз жылы болса, қыс ұзақ болады»«Мысық жылы жерді паналаса - аяз болады»«Қыс аязды болса, жаз ыстық болады»«Аспанда жұлдыз көп болса, күн жылы болады»«Құстар жоғары ұшса күн суытады, төмен ұшса күн жылы болады»«Ұзақ дейтін құстың бір түрі бар, ол келсе қыс аяғы ұзаққа бармайды»Ой толғанысСәйкестендіру.Қайсысы нені жақсы көреді? -------- Қайсысы неге жатады?Қоян шөп ---------------------------------- Түлкі ---------------------------ҚұсАю жаңғақ -------------------------------- ҚасқырСиыр сүйек ------------------------------- Торғай --------------------------ЖануарТиін бал ------------------------------------------------------------------------ ЖусанИт алма ------------------------------------ Тоқылдақ ---------------------ӨсімдікКірпі сәбіз --------------------------------------------------------------------- АғашОй шақыру1. Табиғат нешеге бөлінеді?2. Туған жеріңнің табиғатын қалай қорғайсың?3. Құстарға қалай қамқорлық жасайсың?4. су туралы не білесің?ІV. Қорытынды.Табиғат байлықтарын қорғай білу – азаматтық борыш.
Табиғатты аялап, сүйе білейік.Әрбір адам табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті.
Ағаш егеміз, көкті жұлмаймыз, туған ауылымыздың табиғатын қорғайық.



Тәжірбиелік жұмыс:
Кім көп біледі? Интеллектуалды ойыны.
Сабақ барысы:
«Экология» гректің үй, ғылым деген екі сөзінен тұрады, яғни өзің тұратын үйдің жай – күйін бақылап, біліп, ахуалын жақсартуға бағытталған ілім деген сөз. Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс, мекені, алтын ұя, бесігі, құт берекесі. Адам үшін табиғат ең қастерлі ұғым. Өйткені, халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі.
Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Өйткені, қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Осының бәріне кім кінәлі? Әрине, адам. Бәрі адамдардың рақымсыз істерінен, кешегі табиғаттың уылжыған тамаша кездерінде өмір сүрген ата – бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанның кесірінен десек те болады.Балалар, экология мәселесі негізгі мақсат болғандықтан, табиғат, адам, қоршаған орта туралы оқығандарымызды ортаға салып, сайыс түрінде өтетін сыныптан тыс шарамызды бастайық.
Сайыс шарттары:І – айналым: Ғажайып Қазақстан (Сергіту сұрақтар )ІІ – айналым: Супер ойын -«Сиқырлы сандық»
ІІІ-айналым: «Өз орныңды тап» ойыны. (Айналамен қоршаған орта, экология пәні бойынша)Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұрақтарға қай топ көп және дұрыс жауап қайтарады, сол топ жеңімпаз болып саналады.«А» тобына қойылатын сұрақтар:1. Қазақстан жері қандай жер? (Қазақстан жері – кең - байтақ)2. Батыстан шығысқа қарай неше километр жер алып жатыр? (3000 км)3. Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар? (9 мемлекеттік қорық бар)4. Қазақстан тауларын атаңыздар? (Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар, Іле Алатауы)5. Шығыс Қазақстанда қандай мемлекеттік қорықтар бар? (Батыс - Алтай қорығы, Марқакөл қорығы)6. Халқымыздың ұлттық мақтанышы не? (Халқымыздың ұлттық мақтанышы - Туған жер табиғаты)7. Қазақстанның батысында қандай теңіз бар? (Каспий теңізі бар)8. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті болып тұр? (Экология мәселесі өзекті болып тұр)9. Арал теңізін картадан көрсетіңіз. (Оңтүстік батыста)10. Қызыл кітапқа жазылған сирек кездесетін құстарды атаңыздар (Бүркіт, қаршыға, аққу, үкі, жапалақ)«Б» тобына қойылатын сұрақтар1. Қазақстан қандай өлке? (Қазақстан – бай өлке)2. Қазақстанның жалпы жер көлемі қандай? (2700 мың шаршы км)3. Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша түрі кездеседі? (90 - нан астам түрі кездеседі)4. Қазақстандағы ең ірі өзендерді атаңыздар (Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл, Жайық, тағы басқалары)5. Шығыс Қазақстандағы таулар аттарын атаңыздар. (Тарбағатай, Алтай)6. Мұнай Қазақстанның қай жерінде өндіріледі? Картада көрсетіңіз (Қазақстанның Солтүстік – Батысында және Батыс Қазақстанда - Каспий теңізінде өндіріледі)7. Адамның дені сау болу үшін не керек? (Қоршаған орта, табиғат таза болу керек)8. Бүгінгі күні дүниежүзілік проблема қандай? (Арал экологиясы)9. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні қай күн? (5 – маусым)10. Қызыл кітапқа жазылған, сирек кездесетін жануарларды атаңыздар (Марал, елік, барс, құлан, бұғы, сілеусін)ІІ – айналым: Супер ойын -«Сиқырлы сандық»Сонымен рұқсат болса, 2 - сайысымызды бастайық.Қазақстан менің елім, сенің елің. Ол асқар тау болсын, шалқар көл болсын, мейлі тіпті шағыл - шағыл құм болсын көңілді сергітер әдемі табиғаты бар менің Отаным. Әр адамға өзінің туып - өскен жері мен суы, аспаны мен тауы ыстық.Ал Табиғаттан бабамыз ала берген секілдіДархандықты қазаққа дала берген секілдіЕркелікті, ерікті желден алған секілдіМөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.Сонымен 1 - топқа қояр сұрағымыз.1. Экологтердің пайымдауынша, бұл қала еліміздегі ауа кеңістігі ең көп ластанған қала болып саналады. Ауа кеңістігінің адам ағзасына аса зиянды ауыр түсті металлдармен ластануына қаладағы қорғасын - мырыш, полиметалл комбинаттары тікелей қатысты деп есептеледі. Қала орналасқан тұстағы түсті металл қорлары мен су энергиясы өнеркәсіптің бұл түрін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қай қала? (Өскемен)2. Ертіс маңы ауданында бірқатар химия және мұнай - химия кәсіпорындары орналасқан. Бұған осы ауданда көптеген маңызды факторлардың тоғысуы себеп болды. Бұл жерде әр алуан минералды шикізат бар, аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген, көмір мен электр энергиясының қоры мол, ауданның экономикалық - географиялық орны аса ыңғайлы. Бұл қалада минерал отын, жоғарғы сатыдағы май өндіріледі. Алайда осы аталғандар табиғатқа кері әсерін тигізеді. Сұрақ бұл қай қала? (Павлодар)3. Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ушығуда. Мұнда қоршаған ортаны бүлдіретін 2000-ға жуық кәсіп орын бар, облыс бойынша жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады. Оның 2 млн 275 мың тоннасы радиоактивті екені анық. Бұл қала шығыста орналасқан. Бұл қай қала? (Семей)4. Бұл қалада пайдалы кен орны пайдаланады. 140 млн м³ тақырланған, ал бұндай тақырланған жерлер жылына 7 млн м³ ұлғаяды. Бұл қала Орталық Қазақстан орналасқан, ауаға зиянды заттарды шығарудан республика бойынша 5 орынды алады. Облыс бойынша 3 орындағы, жасы жарты ғасырға тең қала. (Жезқазған)5. Қазіргі адамдардың жер бетінде өмір сүріп келе жатқанына 40 мыңдай жыл болған. Ал мал өсірумен және егіншілікпен осыдан тек 10 мың жыл шамасында ғана шұғылдана бастаған. Сондықтан да қалған 30 мың жыл бойына тамақ пен киімнің көзі тек аңшылық болды. 20 жыл ішінде жер бетінде жануарлардың 110 түрі жойылып кетті. Сұрақ:Отыра алмас ұл шыдап, Қызың шыдап,Жоғалғандар тізімі ұзын шұбақ.Мезгілсіз кеткендердіңБастарына қойылған қызыл шырақ.Не?-(Қызыл кітап)6. Өткен ғасырда Қазақстанда ең кең таралған жануар. Дәмді еті үшін есепсіз аулаудың салдарынан 30 - жылдары жерімізден жойылып кетті. 1953 жылы бұл аңды Барсакелмес жерсіндіру ісі қолға алынды. Сырт пішіні жылқы тектес, құлағының үлкен, басының салмақты келіп, кекілінің болмауы және есекті елестетсе, жеңіл қимылы мен ептілігі жылқыға ұқсас. Екеуіне ұқсамайтын ерекшелігі - басын көтеріп жүгіруі, ұшқырлығы, мықтылығы, төзімділігі. Бұл қандай Қызыл кітапқа енген аң? (Құлан)
«Өз орныңды тап» ойыны. (Айналамен қоршаған орта, экология пәні бойынша)Жыл мезгілдері ретімен өз орындарына тұрады.Күз, қыс, көктем, жаз.Сұрақтар: Бір жылда неше мезгіл бар?Әр мезгілде неше ай бар?Қазір жылдың қай мезгілі?
Қорытынды: Табиғатты ұқсатып мәпелейікБарды сақтап, мәртебе әперейікКелер ұрпақ мәз болсын ісімізгеЖалғастырсын күш қосып күшімізгеТабиғатты қорғайық, аянбайық! - деп осымен бүгінгі экологиялық сайысымызды аяқтаймыз. Қатысып отырған ұстаздар мен ұландарға рахметімізді айтамыз.Сайыс аяқталғаннан кейін жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталады.
Тексерілді:_____________