Каспий те?ізіндегі итбалы?тарды? б?где т?рді? ?серінен ?ырылуы ?ылыми ж?мыс


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Маңғыстау облыстық білім басқармасы
Мұнайлы аудандық білім бөлімі
№ 11 орта мектебі
Авторы: Базарбаева Шандоз Қосайқызы
№11 орта мектебінің 10 «Б» сынып оқушысы
Тақырыбы: «Каспий теңізіндегі итбалықтардың бөгде түрдің әсерінен қырылуы»
Бағыты: Таза табиғи орта Қазақстанның 2050 стратегиясын іске асырудың негізі.
Секция: Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау
Ғылыми жетекші: Абикеева Сая Нұрланқызы
География пәні мұғалімі
2014ж
Аннотация
Зерттеудің мақсаты: Каспий теңізінің биоресурстарының азаюына себеп болып отырған ішекқуысты жәндік медузамен таныстыру; Медузаның құрлысы мен тіршілік ету үрдісімен таныстырып, оның тірі организмдерге әсерін айта отыра, күресу жолдарымен таныстыру. Каспийдің қазіргі жай күйі, медузаның әсерінен ондағы балық қорының азаюы итбалықтардың жаппай қырылуына себепші екендігін анықтау мақсатында осы ғылыми жоба алынды. Менің мақсатым медузаның Каспий теңізіндегі биоресурстарға әсерін анықтап, дәлелдеу. Басқа да мәліметтерді жинақтай отырып, тереңірек зерттеу.
Зерттеудің кезеңдері:
Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды:
Бірінші кезең: Каспий теңізінің экологиялық жағдайына қысқаша сипаттама қарастырылады.
Екінші кезең: Каспийдің эндемигі итбалық, оның қырылуына себеп болып отырған ішекқуысты жәндік медуза және медузаның адам денсаулығына әсері қарастырылады.
Үшінші кезең: Жүргізген зерттеулерге анализ жасалды
Қорытынды:
Зерттеу әдістемесі:
    — Медузаның Каспий теңізінің балық қорының азаюына әсер туралы мәліметтерді жинақтау;
-Медузаның адам денсаулығына әсері мен шаққан жағдайда алғашқы көмек қалай көрсетілетіндігі жөнінде мәліметтер жинау;
- Медузаны ауыл шаруашылығында және құрылыс саласында тиімді пайдалануға болатындығы туралы мәліметтер жинау ;
-  Каспий биоресурстарынның азаюын алдын алу мақсатында ғылыми -зерттеу жұмыстарын дамыту.
  Зерттеу барысында ашылған жаңалықтар:
Медузаның Каспийдің балық қорынның азаюына себепші екендігін анықтау мақсатында зерттеу жұмысы жүргізілуі;
Медузаның Каспийдегі балық қорының азаюына және адам денсаулығына қауіптілігін анықтау бойынша зерттеу жұмысы жүргізілді. Соның нәтижесінде, медузаны ауыл шаруашылығында мал азығы ретінде және құрлыс саласында құрлыс материалдарының беріктігін арттыруға болатыны анықталды.
Күтілмек нәтиже: Болашақта осы мәселені қолға алып, оны тереңірек қарастыру.
Зерттеудің нәтижесі  медузамен қалай күресуге болатындығы мен оны шаруашылықта қалай пайдалануға болатындығын білуге мүмкіндік береді.
Аннотация
Цель исследования:
Познакомить с кишечным насекомым (медузой), являющейся причиной уменьшения биоресурсов Каспийского моря; Познакомить со строением и существованием медузы, ее воздействием на остальных живые организмы, методами борьбы с ней.
Я взялась за эту работу: с целью показать нынешнее состояние Каспия, показать, что медуза является причиной массового уничтожения тюленей.
Этапы исследования:
Введение, основная часть , заключение.
Первый этап: Корешка об экологическом состоянии Каспия.
Второй этап: Указатель что медуза уничтожает тюлени Каспи. Указать вредное воздействие медузы на здоровье человека.
Третий этап: Анализ проведенных исследований.
Заключение
Методы исследования:
- Собрать информации о медузе, приводящей к исчезновению рыбного заноса Каспийского моря.
- Собрать информации о вреде медузы на здоровье человека и оказание первой помощи при укусе.
- С целью предотвращения исчезновений биоресурсов Каспия, развитие научно - исследовательской работы.
Ожидаемый результат: В будущем глубже рассмотреть и решить эту проблему.
Результаты исследования дают возможность, как использовать медузу в хозяйстве как с ней бороться.
Summary
Research objective :
To acquaint with the intestinal insect, being reason of reduction of bioresearches of the Caspian Sea.
To acquaint with a structure and existence of a jellyfish, her impact on other live organisms methods 0f fight against it. I undertook this work, with the purpose to show a present condition of the Caspian Sea, to show that the jellyfish is the reason. Mass destruction of seals and fishes.
Investigation phase.
Introduction, main part, conclusion.
The first stage: It is short about ecological a condition of the Caspian Sea.
Second staget. To specify that the jellyfish destroys seals of the Caspian Sea. To show harmful effects of a jellyfish on health of person.
Third stage. The analysis of the conducted researches.
Conclusion.
Methods research.
To collect information on the jellyfish leading to disappearance of a fish stock of the Caspian Sea.
To collect information on harm of jellyfish on health of the person and first – aid treatment at her sting.
For the purpose of prevention of disappearances of bioresearches of the Caspian Sea, development of research work.
Expected result. In the future to consider and solve this problem more deeply.
Results of research I gave the chance as to use a jellyfish in economy as to struggle with her.

Мазмұны
І. Кіріспе. ………………………………….......3.
ІІ. Негізгі бөлім
1.1. Каспий итбалығы...................................................4
1.2. Итбалықтың қырылу себебі..................................5-8
2. Медузаның қоршаған ортаға әсері.......................9
ІІІ. Қорытынды.................................................................10
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................11
V.Қосымша......................................................................12
Кіріспе
Каспий теңізі - Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Каспий теңізін қазақтыр «атырау теңізі» десе, бұрынғы Маңғыстау түрікмендері «Хазар теңізі» деп атаған. Әр кезеңде оның Гиркан, Хвалын, Абескун, т.б атаулары қолданылған.
Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңіздің жалпы ауданы 376 мың км2.Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы 7000 км.Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29% (2340км), Ресейге 16% , Әзірбайжанға 20%,Түркіменстанға 21%, Иран Ислам Республикасында 14% тиеді.
Каспий теңiзiнiң ерекше климаттық шарттары мен тұздылығы оның сирек кездесетiн экосистемаға айналуына әкелді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың 80% астамы Каспий теңізінің үлесіне тиесілі. Қазақстан үлесіне 40% тиесілі. Бағалы балығы қортпа (белуга), бекіре, итбалық тіршілік етеді. Кәсіптік балықтар арасында бекіретектестердің құндылығы жоғары, олардың кейбірінің салмағы 300 – 400 кг дейін жетеді. Оның уылдырығы қымбат бағаланады.
Каспий теңізі жағалауында бекіре балығының 70% өсіріледі. Республика экспортында көксерке , шоқыр ж»не қара уылдырық маңызды орын алып, балық өнімдерін Еуропа елдеріне экспортқа шығарады.
«Каспий итбалығы – теңізде өмір сүретін бірден-бір сүтқоректі жануар. Олардың салмағы 100 келіге дейін жетеді. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. 1905-1910 жылдары зерттеу бойынша, Каспийде 1 миллион 100 мыңға жуық итбалық мекен етсе, 60-70 жылдары олардың саны 520-560 мыңға дейін азайған. Бүгінгі таңда тұйық теңізде өмір сүретін итбалықтың саны бар болғаны 70-80 мыңдай ғана . Итбалықтардың азаюына, кей уақытта жаппай қырылуына мұнай қалдықтарының қатысы жоқ. Итбалықтардың осындай аянышты күйге түсуінің басты себебі – олар қоректенетін азық қорының немесе биоресурстардың азайып кетуі. Бір итбалық күніне 3 келі майшабақ жейді. ХХ ғасырдың басында миллионнан астам итбалық 3 келі майшабақ жегенін ескерсек, теңізде биоресурс қоры көп болғанын жете түсінеміз. Сонда итбалықтар жағалауға жақындамай - ақ, теңіз ортасында жүріп майшабақпен қоректенетін болып тұр. Ал қазір майшабақтар 94 пайызға азайып кеткен екен. Оны аулау үшін итбалықтар теңіз жағасына жақындайды. Қорек азайғасын итбалықтың да тынысы тарылып барады. Ал қазір итбалықтар қарапайым құрттармен қоректенуге көшті. Жыл сайын ақпан айының ортасынан бастап итбалықтар күшіктейді. Сондықтан осы сәтте тиісті құзырлы мекемелер Каспий теңізінің жағалауында және оның маңындағы итбалықтардың жағдайына мониторинг жүргізіп, оларды қорғауды мықтап қолға алуы керек.
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты.
Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынандай проблемалар туындауда:
мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміт кетуі;
Осы теңізге ғана тән итбалықтың мезгіл – мезгіл қырылуы.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылуына мұнай қалдықтарынан басқа бөгде түрдің , яғни медузаның әсерінен қорек жетіспуінен қырылып жатқандығы жайлы көбі біле бермейді. Теңізде медузаның барынан хабарсыз.
2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасына сәйкес коршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері еңгізіліп Қазақстан суларын қорғау мәселелері бойынша тиісті құжаттар әзірленіп бекітілді.
Қоршаған ортаның жай күйіне байланысты енгізілген маниторингтің бірыңғай жүйесі бар.
Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде Каспий теңізінің қазіргі жай күйі, ластану дәрежесі және экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу жолдарын анықтау және іске асыру мақсатында осы ғылыми жоба алынды. Қазіргі уақытта Каспий теңізін мұнай өнімдері , қалалардың коммуналдық қызметтері қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Каспий теңізі Маңғыстау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылады. Менің мақсатым Каспий теңізінің биоресурстарының бөгде түрдің (медузаның) әсерінен азаюын анықтап, дәлелдеу.
     Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Каспий теңізінің ластану дәрежесі туралы мәліметтерді жинақтау.
Экологиялық талаптардың өзектілігін дәлелдеу.
Зерттеу жобасының мақсатын анықтау, мәліметтерді құрастыру, зерттеу тәжірибелерінің элементтерін орындау.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері:
- Таным әрекетін ұйымдастырудағы ғылыми ізденісті негіздеу жөніндегі теориялық көзқарастар.
Ғылыми деректердің немесе зерттеу нәтижелерінің дәлдігі:
Табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен Каспий теңізіне ғана тән итбалықтың азаюын зерттеу;
Медузаның қауіптілік дәрежесіне назар аудару;
Адамдардың денсаулығы мен итбалықтардың жаппай қырылуына әсерін анықтау;
Медузаның денсаулық үшін қауіпті факторларды анықтау және қауіптілік дәрежесін анықтау;
Негізгі бөлім
2.1 Каспий итбалығы
Каспий итбалығы (лат. Pusa caspica) – ескекаяқтылар отряды, итбалық тұқымдасына жататын аң. Ол теңіздің барлық жерінде Каспийдің солтүстік жағалауынан Иранның жағалауында кездеседі. Дене тұрқы 1,2 - 1,4 м , салмағы 65-90 кг. Аналығы аталығына қарағанда ірі болады. Аналығы танауы мен мойнының ұзын болуымен ерекшеленеді. Суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделуі басым. Мойны денесімен тұтасып біткен, сондықтан басы айқын бөлектеніп көрінбейді. Құлақ қалқаны болмайды және ескек аяқтарын таяныш ете алмайтындықтан, бауырымен қозғалады . Каспий итбалығы дүниежүзінде кездесетін итбалықтардың ішінде ең кішкентайы. Каспийдің итбалығы қоректенуі мен дене тұрқы жағынан дүние жүзіндегі итбалықтардан ерекшеленеді. Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында сирек те болса, кездесіп қалады. Мұз басу кезінде Арктикадан қоныс аударған итбалықтар, қыста Солтүстікте, негізінен Құлалы аралын мекендеп, мұз үстінде балалайды, ал жазда оңтүстікке көшеді. Тіршілігінің көбі суда өтеді. Бір жылда бір, екі күшік (ақүрпек) табады. Ақүрпегін аналығы майлы сүтімен 3-4 тәуліктей, 2-3 айда әбден семірген ақүрпегін «май итбалық» деп, ал бір жылдан кейін терісінің реңі бірнеше рет өзгергендіктен, оларды «қара итбалқ» деп атайды. Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы болғандықтан кәсіптік маңызы бар аң. Ол медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданылады. Итбалықтың негізгі азығы – майшабақ , теңіз шабағы мен атерина. Бұл ерекше жануар жойылудың шақ алдында тұр. Соңғы 100 жылда оның популяциясы 90% азайып кетті. ХХ ғасырдың басында итбалықтардың саны 1 млн болса, 1989 жылы 400 мың, 2005 жылы 111 мың, 2008 жылы 100 мың құрап отыр. Итбалықтардың санынын күрт азайып кетуіне бірнеше себептер бар: ең алдымен Каспий теңізінің ауыр металлдармен, улы химикаттармен ластануы және де бөгде тіршілік иелерінің енуі, итбалықтарды көп аулауы. Бұл итбалықтардың арасында жұқпалы аурудың таралуына және қорек көзінің азаюына алып келіп отыр. 1997 – 2000 жылдардың аралығында итбалықтардың жаппай қырылуы анықталды. 2000 жылдың мамыр мен маусым айларында Әзірбайжан, Қазақстан , Ресей және Түрікменстан елдерінің теңіз жағалауларында 30000 жуық итбалықтардың өлекселері табылды. Олардың 10000-ға жуығы Каспий теңізіннің Қазақстан Республикасының аумағындағы бөлігінде тіркелген. Итбалықтардың жаппай қырылуы көпнесе көктем айларында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде байқалады. Ғалымдардың көпшілігі итбалықтардың жаппай қырылуы жұқпалы аурулардың таралу әсерінен екендігін айтып отыр. [1]

2.2 Итбалықтың қырылу себебі
Каспий – байлық, Каспий – тіршілік көзі, Каспий– геосаясат. Иә, кәрі теңіздің берері көп. Бірақ мол қазынаны ысырап қылмауды көл дарияны тел емген бес елдің перзенті әсте естен шығармағаны жөн. Каспий теңізі экологиясының қазіргі кезде күрт нашарлап кеткені жиі айтылып жүр. Ал теңіздің Қазақстанға жататын солтүстік бөлігінде болашақта мұнай игерілсе, мәселе тіпті күрделене түсері сөзсіз. Көпшілік болса бұған сын көзбен, сақтықпен қарайды. Каспийге қандай тәжірибе жасалса да, көк теңіздің табиғатын сол қалпында сақтап қалу – басты міндет. Бізді де «Каспийдегі тіршілік дүниесін қалай сақтап қаламыз, биоресурстарға қандай қауіп бар» деген сауалдар алаңдатады. Негізінен, теңіздің экологиясына әсер ететін факторлар: табиғи, техногендік, биологиялық, браконьерлік.
Мамандардың айтуынша, теңіздің қазіргі деңгейі 27,77 метрді көрсетіп тұр. Дәл осындай жағдай 1977 жылы байқалған. Ол кезде көк айдынның деңгейі 29 метрге дейін тартылған болатын. 1962 жылы теңіз деңгейі 28,51 метрге жеткен. Ал 1995 жылы, керісінше, теңіз деңгейі 29,77 метрге көтеріліп, құрғап кеткен жағалау түгел су астында қалған. Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігін төрт гидрометеорологиялық стансы мен сегіз бекет бақылайды. Теңіз деңгейін тұрақты бақылап отырған зерттеушілер 2001 жылдан бастап теңіз деңгейі 27,77 метрден де төмендеп, тартылып келе жатқанын байқаған. Теңіздің тартылуынан жағалаулар бір шақырымға шегініп кеткен. Әсіресе бұл Каспийдің солтүстігінде қатты байқалады. Өйткені онда теңіз таяз, ең терең жері – 26 м, ал көп бөлігі 5 м болады. Оның үстіне , биоресурстар солтүстік және солтүстік – шығыс Каспийде көп шоғырланған. Теңіз тартылса, тіршілік иелерінің өмір сүру кеңістігі тарылатыны сөзсіз. Бұл айналып келгенде биоресурстардың азаюына әкеледі. Жалпы, Каспий деңгейі әлемдік мұхиттардан 28 метрдей төмен орна ласқан, тереңдігі – 1025.
Каспий теңізінің экологиясына әсер ететін табиғи фактордың бірі – жер сілкіну. Хазар теңізі және Тұран ойпатының Маңғышлақ бөлігі – сейсмикалық жағынан тұрақсыз аймақ. Қазақ шығанағы, Үстірттің оңтүстік етегі, Сайөтестен шығысқа қарайғы жер жылына 4 мм-ге көтеріліп келе жатыр. Ал Ақтау қаласы орналасқан жер жылына 2 мм - ге көтерілуде. Тектоникалық жағынан тұрақсыз осындай аймақта,
яғни теңіз түбінде жер астының қысымы азайған кезде қозғалыс болуы мүмкін. Демек, жер сілкіну қаупі бар. Бірақ жойқын жер сілкінісі болмайды, әрі кетсе 3-4 балдық көрсеткішті көрсетуі мүмкін. Айта кетейік, өткен жылы қарашада Каспий теңізінің Әзірбайжан секторында жер сілкінген болатын. Бірақ ешқандай шығын болған жоқ және Маңғыстау түбегіне білінбеді де.
Каспий теңізінің экологиясын бұзатын екінші фактор – техногендік фактор, яғни адам әрекетінің әсері. Десек те, бес елдің өкілдері «Теңізге басты қауіп неден?» деген сауалға жауап іздегенде шанжарқайдай шашырап, бір пәтуаға келе алмай отырғаны түсініксіз. Атап айтқанда, ресейлік табиғат жанашырлары Каспий теңізінің шектен тыс ластануына теңіздегі мұнай операциялары кінәлі деп санайды. Ал өзіміздің мамандарымызға келетін болсақ, олар ресейліктермен пікірлес. «1995 жылдары Каспий теңізінің деңгейі көтерілгенде көптеген мұнай ұңғысы су астын да қалды. Оларды әлі күнге дейін ауыздықтай алмай отырмыз. Мұнай пердесі үш метр тереңдікке дейінгі тірі жәндіктің бәрін құртып жатыр», – деді «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов. Теңіз табанынан елдің алдымен «қара алтын» өндіріп, мұрты майланып үлгерген әзірбайжандықтар мұнай өндіру зиян болғанымен, оны тоқтатудың қажеті жоқ деп шамалайды. Олардың уәжі Каспийге зиян мұнайдан гөрі қалдық сулардан көбірек келеді дегенге саяды. Осы орайда, Каспий теңізінің қазақтандық бөлігіне қатысты айтарымыз, шындығында, теңізге құйылатын улы заттардың 80 пайызы Жайық пен Еділ өзені арқылы келеді. Дәлірек айтқанда, қос өзен бойындағы өнеркәсіп кешендерінен шыққан улы қалдық теңіздің экологиясын нашарлатып жатыр. Мұнай өндіруге байланысты теңізде кемелер көбейіп келеді. «Бұл алып кемелер жүзіп өткенде теңіздің астындағы өсімдік дүниесін жойып жібереді». Бір өкініштісі, бұл кемелер биоресурс көп шоғырланған теңіздің солтүстік аймағында жиі жүзеді. Ал теңізде 1000 - нан аса ұңғыма салынады, сол кезде оның қандай жағдай болатыны белгісіз», – деп отыр. Каспий –құрлықтағы тұйық теңіз. Апат болса, оны ауыздықтау қиын. «Бізге Мексика шығанағындағы апат сабақ болуы тиіс» дейді бірқатар эколог мамандар. Дерекке сүйенсек, Каспийдің Қазақстан жақ бетіндегі биоқорлардың жалпы құны – 500 млрд доллар. Мұнай сорамыз деп, теңіздің табиғи байлығын жойып алмауды осы бастан ойластырған жөн.
«ХХ ғасырдың екінші жартысында ғалымдар және ірі компаниялар Каспий теңізіне түрлі тәжірибе жасауды жиілетті. Каспийде тіршілік етпейтін өзге мұхиттардағы жануарларды осы теңізге әкеліп, тәжірибе жүргізілетін. Сонымен қатар кеме қатынасы арта бастады. Каспийдің айдынында жүзіп жүрген алып кемелер басқа теңізге, мұхиттарға мұнай апарып, оның орнына мұхиттың суын құйып алатын. Ол су тазартылмастан Каспийге төгілді. Міне, содан бері бұрын Каспийде кездеспеген тіршілік иелері көріне бастады. 1980 жылдардың соңында Каспийдің ирандық бөлігінде гребневик мнемиопсис дейтін медузаның бір түрі анықталды. Әр жаз мезгілінде Каспийдің солтүстігінде, дәлірек айтқанда, Құрманғазы мен Дархан мұнай кен орындарының аумағында гребневикмнемиопсис анықталып отыр. Сонда одан қандай қауіп бар? Дәлел келтіре кетейік. 1980 жылы ол медуза Қара теңізде байқалған еді. 1985-1995 жылдары медузаның әсерінен Қаратеңіздегі балық қырыла бастады. Ол бентос, зоопланктонды (теңіздегі кішкентай тіршілік иелері) қырып жіберді. Мнемиопсис өзінің денесінен қырық есе көлемде тамақ жейді. Оны жоятын бірде - бір препарат ойлап табылмады және Каспий теңізінде медузаны жейтін жәндік те, жануар да жоқ. Көлемі шамамен 1 см болатын медуза көк теңіздегі тіршілікті қырып барады. Күн жылынса, гребневикмнемиопсис жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай көбейіп кетеді. Ал күн суытса, қырылып қалады. Бірақ Иран жағында, оңтүстік Каспийде олар сақталады. Күн жылынса, солтүстікте қайта пайда болады. 2011 жылы Қаламқас пен Жемчужина аймағында блакфордия вирджиния деген медузаның жаңа түрі пайда болды. Ол Атлант мұхитында жылы кезде кездеседі екен. Енді Каспий теңізінің биоресурстарына осындай құрттай жәндік қауіп төндіріп тұр. Мұны біз теңізге экологиялық әсер ететін биологиялық фактор деп атаймыз. Каспий теңізінің биоресурстарын, уылдырық шаруашылығын сақтап қалу үшін Иран мемлекетінің ғалымдары басқа Америка Құрама Штаттарынның суларында кездесетін берое овата медузасын алып келмекші. Ол жыртқыш, қауіпті , мнемиопсистен де бетер қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да біз медузамен күресудің басқа жолдарын іздестіруіміз керек. [2]
Медуза мұхиттар мен теңіздерде ерте кезден бар, шамамен 600 - 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінен бері. Ол кезде балықтар әлі пайда болмағандықтан олардың көбеюіне еш кедергі болмады. Алып медузалардың қалдықтры мұхиттың түбінде сақталып қалған. Ерте кездегі бұл фаунанын басты ерекшелігі алыптығында. Табиғатта медузалардың түрі өте көп. Қазіргі таңда ғалымдар 1500 ден астам түрін сипаттама берген. Медузалардың арасында өте үлкен, улы, суда байқалмайтын, тек жарқыраған түсімен ажыратылатын түрлері кездеседі
Медуза - еркін суда жүзіп жүріп тіршілік ететін ішекқуысты жәндік. Медузалар - мөлдір денелі, қолшатыр немесе қоңырау тәрізді жәндіктер. Медузалар су түбінде уақытының жартысын өткізіп, су түбінде тіршілік ететін тірі организмдермен қоректенеді. Медузалардың қолшатырының диаметрі 10 см дейін өседі және мыңдаған әдемі ақ қармауышпен қоршалады. Сыртқы төбешік бөлігін – эксумбрелла, ішкі ойғын – субум – брелла деп атайды. Медузаның 98% судан тұрады. Медузаның аузы қолшатыр тәрізді күмбездің астыңғы жағында болады. Аузының айналасынан атпа жасушалары бар көптеген қармалауыштар байқалады. Ауыз сабақшасының ұшында орналасқана уыз тесігі жұтқыншақ арқылы қарынымен жалғасады. Қорытылмаған қорек ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Жүйке сабақшалары өзара жалғасып, біртұтас жүйке сақинасын түзеді. Көзшелерінің құрылысы қарапайым жынысты. Жыныс бездері қарының маңында немесе одан шығатын радиалды өзектердің астында, кейде ауыз сабақшасында орналасады. Оның сүйек қанқасы жоқ, бірақ екі жүйке жүйесі бар. Біреуі жиырма төрт көзімен қабылдаған мәліметті өндесе, екінші жүйке жүйе қолшатырының маңында орналасқан бұлшықет кілеткаларын басқарады. Ол тек жарық пен қараңғыны ажыраты алады, бірақ оъектіні көрмейді. Медузаның сезім мүшесі және миы жоқ. Олар су ағысымен жүзе отырып, жұмыртқаларын тастайды. Жұмыртқадан шыққан дернәсіл су түбінде дамып жетіледі.Медузалар ұрпақтарына қамқорлық жасамайды. [6]
Медуза қозғалған кезде қолшатырдың жиегі жиырылып, пайда болған қуыстағы су сығылады да, дөңес жағымен алға қарай жылжиды. Олар күннің ыстық кезінде су түбіне түседі де, ал түнде су бетіне көтеріледі. Улы медузаны екі топқа бөлуге болады: біреулерінің уы тітіркендіріп, аллергиялық реакция берсе, екіншісінің уы өте қауіпті. Ол адамның жүйке жүйесіне, жүректің қызметіне ,бұлшық етіне әсер етіп, өлімге апарып соғуы мүмкін. Медузалардың өмірі қысқа - көпшілігі бірнеше ай, ал ең ірілері 2-3 жыл өмір сүреді. Теңіздерде көпнесе аурелия және корнерот медузалары жиі кездеседі. Корнерот ең үлкен Жерортатеңіздік медуза, ал аурелия ең кішкентай түрі. Корнеттің салмағы 10-12 кг дейін , ал диаметр 50 – 60 см дейін барады.
Медуза жыртқыш жәндік, қолшатыр жиегінде төмен қарай салбырап тұрған қармалауыштарымен атпа жасуша әлсіреткен жәндікті аузына салып, ішекқуысында қорытады да , қорытылмаған қалдықты қайтадан аузы арқылы сыртқа шығарады.[3]
2.3. Медузаның қоршаған ортаға әсері
Медуза адамға шабуыл жасамайды, адамның денесіне тиіп кетсе оның атпа жасушасынан едәуір күйік пайда болады. Одан дене ауырсынады, өте улы келеді, тиген жері қызарып кетеді көлемі 10 – 20 см дейін. Адамның басы, іші ауырып, жүрек айну, өкпенін қабынуы және аллергиялық реакция береді, күйдіреді, қан қысымы бірден төмендеп кетеді. Аллергиясы бар адам ондай жағдайда бірден өліп кетуі мүмкін. Оны химиялық күйік деп атайды. Медузанн күйігінен зардап шеккен адам 4-5 күннен кейін жазылып шығады. Медузаның уы аллергиялық реакция беретіндіктен, дәл сол түрімен екінші рет алған күйік біріншісіне қарағанда өте ауыр болады. Мұндай жағдайда у тез тарайды.

Егер сізді медуза шағыпалса не істеу керек?
Судан шыққанда медуза жабысып алса оны өткір емес құралмен алып тастау керек. Өткір құралды қолдануға болмайды, себебі өткір құрал зақымданған теріні одан да бетер зақымдауы мүмкін.
38оС – 40 0С температура аралығындағы жылы, тұзды сумен жуу керек. Ол суық суға қарағанда ауыруды басады.
Аллергиялық мөлшерін төмендету үшін арнайы дәрі - дәрмектер қолдану керек.
Ауыруды басатын дәрі қабылдау керек.
Бұндай жағдайда құрамында спирт бар затпен сүртуге, май жағуға , күннің көзінде отыруға болмайды.
Табиғатта медузаның пайдалы жақтары да бар. Ол суды ұсақ органикалық қалдықтардан тазартады. Бірақ шамадан тыс көп көбейіп кетсе су бетін тұтас жауып қалады. Бұған да кінәлі адамның өзі. Себебі теңізге тасталған биологиялық және органикалық қалдықтар медузаның қорегі және оның көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Теңіздің тұздылық мөлшері артқан сайын соғұрлым медузалардың көбеюіне қолайлы болып келеді.
Соңғы кездерде медузаны аквариумда ұстау сәнге айналған. Тоқтамастан жүзетін бұл ғажайып жәндікке қарап отыру арқылы адамның жүйке жүйесі тынығады. Бірақ аквариумде ұстаудың өзіндік қиындықтары да бар. Медузалар өте сезімтал болып келеді, кір суды жақтырмайды және оларға көп мөлшерде су керек . [4]
Қорытынды

Жыл сайын Каспий теңізінің экологиялық мәселесін шешу және биоалуантүрлілігін сақтау мақсатында Каспий маңы мемлекеттері көптеген шаралар ұйымдастырып тұрады. Әрине, бұл жеткіліксіз. Жиынмен мәселе шешілмейді. Осы орайда, Қазақстан тарабы Каспий теңізінің проблемалары бойынша ғылыми – зерттеу институтын ашуды жоспарлап отыр. Бұл институт теңізді кешенді түрде зерттеп, басым бағыттарды анықтап беруі тиіс. Сонымен қатар Каспий теңізі акваториясын қорғау мен сақтау үшін Кендірлі демалыс аймағында, Ақтау, Форт-Шевченко қалалары мен Құрық елді мекені маңындағы теңіз жағалауындағы белдеулерінде суқорғау аймағы бекітілсе. Алайда мемлекеттер арасында экологиялық мониторинг жүргізу бойынша кешенді бағдарлама бекітілген жоқ. Каспий теңізі – тұйық су. Бірнеше тонна мұнай төгілсе, біз Каспийдің фаунасынан айырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан осы мәселелер – ерекше мән беретін жайт. Болашақта Каспий теңізіндегі жан - жануарларды қорғау және сақтау мақсатында Құлалы архипелагында және Комсомол шығанағында табиғи қорық құруды жоспарлап отыр. Өйткені онда биоресурс көп шоғырланған. Менің ойымша , биоресурстарды сол күйінде сақтау Каспий теңізінің айналасындағы бес мемлекетте өмір сүріп жатқан 25 миллиондай адамның тағдырына әсер етеді деп есептеймін. Сондықтан Каспий маңы елдері бірлесе отырып медузамен күресудің жолын іздестіру керек. Медузамен қалай күресуге болады? Азов теңізінде медузалар көбейіп кеткен кезде онымен қалай күресті? Азов теңізінде медуза көбейіп , қорек көзінің азаюы балық қорының азаюына алып келді. Сондықтан БҰҰ Жерортатеңізі мен Қаратеңіз жағалауындағы елдерге медузамен күресу керектігін және күресу кезінде жай ғана жою жолы емес шаруашылықта, медицинада, қытайлықтар мен жапондықтар сияқты азық ретінде , яғни өндірісте тиімді пайдалану жолдарын іздеу керектігін ашып айты. Дүниежүзі бойынша алғашқылардың бірі болып КСРО ғалымдары медузадан және өсімдіктің сабағы мен жапырағын (ұнтақталған жүзімнің жапырағы) ұнтақтап ірі қара мен құстарға арналған жем дайындап шықты. Ол сиыр сүтіннің табиғи құрамына әсер ететін болғандықтан тек өгіздерге, шошқаға және құстарға азық ретінде берілді. Зерттеу нәтижесінде ірі қара малының салмағы артып, жануарлардың арасында таралған әртүрлі ауырудың азайғандығы анықталды.Бірақ КСРО ыдырап кетуіне байланысты жүзеге аспақ болған жоспар іске аспай қалды.
Сонымен қатар медузаны құрлыс саласындада қолдануға болады. Медуза бетонның беріктілігін арттырады, оны керамикаға қосу арқылы жақсы, сапалы түрін жасауға болады. Жапония, Корея, Қытай елдері медузаны 1700 жылдан бері азық ретінде қолданып келеді. Медузанын етін қан қысымы көтерілгенде және басқа ауруға ем ретінде қолданады. 2006 жылы Жапонияның жағалауында көбейіп кеткен кезде одан тамаққа қолдана бастады. Тайландта медузадан кеспе жасаса, ал Қытайда оны тұздап, кептіріп (кептірілген саңыраулқұлақ сияқты болады) салат жасайды және бықтырып, қуырып жейді. Қазіргі таңда Жапония жыл сайын 5,4 – 10 мың жартылай кептірілген медузаны 25,5 млн долларға импорттайды. 1988 жылдан 1999 жылға дейін жыл сайын 321 мың тонна медуза ауланып отырды.
Медузаны медицинада жиі қолданады. Орта ғасырда корнероттан адам денесіндегі артық сұйықтықты шығару үшін пайдаланды. Ал қазіргі кезде оның уынан түрлі дәрілер әзірленеді. Кариб теңізі жағалауында тұратын елдерде тышкандарға қарсы у дайындалады.
Жасыл тасбақа медузамен қоректенетіндіктен оны жерсіңдіру арқылы, бөгде түрлерді құртуға пайдалануға болады. Олар дүниежүзілік мұхиттың тропиктік, субтропиктік аймақтарында, әсіресе Атлант және Тынық мұхиттарында көп таралған.
"Бөгде түрлер" (сондай - ақ экзогенді немесе әкелінген түрлер ретінде белгілі) адам қызметінің әдейі немесе кездейсоқ тарату салдарының нәтижесінде олардың тарихи белгілі табиғи ареалының шегінен тыс жерде пайда болған кез келген түрлерді білдіреді.
Жоғарыда айтылғандардан белгілі болғандай , итбалықтарды қорғау - жедел шаралар қабылдауды қажет ететін аса маңызды іс. Каспий теңізінің биоресурстарын сақтап қалу - Қазақстанның ғана емес , теңіз жағалауындағы басқа елдердің міндеті , яғни бірлескен экологиялық бағдарлама жасау және орындау - қазіргі кездің ерекше міндеті.
Биоресурстардың азаюына себеп болып отыр:
Қоректің азаюы.
Бекіре өсiру шаруашылығының жоқтығы.
Мемлекеттiк бақылаудың жоқтық және биоресурстарды басқарудың тиiмсiздiгi.
Ғылыми зерттеулердiң жеткiлiксiздiгі.
Табиғат қорғау заңнаманың бұзуы.
Жеткiлiксiздiк ерекше қорғаудағы табиғи аумақ.
Теңiздiң биологиялық ресурстарын тиiмдi пайдалану жөнінде халықаралық. келiсiмдердiң жоқтығы.
Бөгде түрлердің басып кiру және олармен күресу жолдарының жоқтығы.
Ұсыныс
Теңiз ортасынның күйiң бақылау үшін Каспий теңіз маңы елдерінің бiрлескен бағдарламалары әзірленіп, жүзеге асырылса.
Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын тиімді пайдалану, қорғау, сақтау, қалпына келтiру үшін арнайы бағдарламалар мен жобалар әзірленсе.
Каспий теңiзiнiң мәселелерiн зерттеуге арналған институт құрылса.
Солтүстiк – Шығыс Каспийдің биоресурсына гребневик мнемиопсис әсерiн және олардың таралуы толық зерттеу.
Итбалықтарды Қызыл кітапқа тіркеп, Каспийдің солтүстік бөлігіне қорық құрылса.
Зерттеу бөлімі.
Сауалнамалар:
«Каспий теңізінде итбалықтардың қырылуына бөгде түрлердің әсері бар ма?» деп тұрғындардардан сауалнама алдық.
Сауалнама мақсаты: Тұрғындардың экологиялық сауаттылығын анықтау мақсатында.
Қатысушы:- Тұрғындар
1. Каспий теңізінің итбалықтарының қырылуына бөгде түрлердің әсері бар ма?
________________________________________________________________________
Қандай бөге жәндік итбалықтардың азаюына әсер етіп отыр?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Бұл бөгде жәндіктің қоршаған ортаға әсері жайлы не білесіз?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4.Бұл бөгде түр Каспий теңізіне қалай келгендігі туралы білесіз бе ? _____________________________________________________________________________5.Итбалықтардың қырылуына қоректік қорының азаюы себеп болып отырғандығын білесіз ба ? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

6.Итбалықтарды сақтап қалу үшін не істеуге болады? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сауалнамаға қатысқан Мұнайлының тұрғындары.
Қатысты: 15 адам.
Сауалнаманың қорытындысы мынадай болды:
Сауалнама «Каспий теңізінде итбалықтардың қырылуына бөгде түрлердің әсері бар ма?»
1. Каспий теңізінің итбалықтарының қырылуына бөгде түрлердің әсері бар ма?
А. Ия - 3 адам
В. Жоқ - 9 адам
С . Білмеимін - 3 адам
2.Қандай бөге жәндік итбалықтардың азаюына әсер етіп отыр?
А. Теңіз тасбақасы – 0 адам
Б. Медуза – 3 адам
С. Су жыландары - адам
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қайымов Қ «Суасты әлемінің айнасы». Алматы , «Қайнар», 1989ж.
2.Алаш айнасы. № 9 (920). 25 қаңтар 2013жыл. 3.Энциклопедия животных захватывающий мир медузы
4.Ғаламтор желілерінен
5.Практическое руководство по микрофауне СССР. Том 5
6.Жануарлар энциклопедиясы. «Аруна» баспасы.
7. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау географиясы». Ақтау-2011
Мұнайлы ауданының № 11 орта мектебінің
10 –сынып оқушысы Базарбаева Шандоздың
қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау
секциясы бойынша «Каспий теңізіндегі итбалықтардың
бөгде түрдің әсерінен қырылуы»
атты ғылыми жобасына
ПІКІР
Базарбаева Шандоз Қосайқызы «Каспий итбалықтарының қырылуына бөгде түрдің әсері» атты ғылыми жұмысын тиянақты етіп орындап шығуына өзінің еңбек сүйгіштік, ізденгіштік, ұлтжандылық, туған жерін ерекше сүйетін қасиеттеріне байланысты болды. Ол мектепте жақсы оқумен қатар, тапсырылған жұмысты ұқыпты, тиянақты етіп орындауға тырысып отырады. Аталған тақырып бойынша тақырыбын өзі таңдап, көп ізденіп, туған жеріне деген сүйіспеншілігі, өз тарихын құрметтеуге ұмтылуы, оның көп оқып, ерінбей еңбек етуінен көрінді. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы оны қатты қызықтыра білді. Каспий теңізі, итбалық, медуза туралы кітаптар мен баспасөз материалдарын ғылыми жұмыстарына пайдалана отырып, мектеп кітапханасы мен ауыл әкімшілігі кітапханасынан талмай іздену жұмысын жүргізді. Ол көптеген ғалымдардың ғылыми еңбектерімен, ғылыми әдебиеттерімен таныса отырып, өзінің ұсынысын тағайындады.
Базарбаева Шандоздың ғылыми жұмысы табиғат үшін маңызды тақырып болғандықтан, қорғауға жіберуне болатын жұмыс деп жоғары бағалаймын.
Сондықтан қадамын жаңа бастаған жас ғалымға ғылыми ізденіс жұмыстарында сәттілік тілей отырып, болашақта Шандозға жергілікті мамандардың қатысуымен жұмысын толықтырады деп сенім білдіремін.
Пікір беруші:«_____» ________________ 20__ж. қолы _________
Мұнайлы ауданының № 11 орта мектебінің
10 –сынып оқушысы Базарбаева Шандоздың
қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау
секциясы бойынша «Каспий теңізіндегі итбалықтардың
бөгде түрдің әсерінен қырылуы»
атты ғылыми жобасына
ПІКІР
Касипий теңізінің экологиясына әсер ететін факторлар жайлы мәліметтер мен зерттеулер көпшілік қауымды қызықтыратын тақырып болып саналады. Оның өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды. Ғылыми жоба тақырыптың мазмұнын ашуға арналған 3 тараудан тұрады. Оларда Каспий теңізінің итбалықтарының қырылу себебтері жан - жақты қарастырылған. Әсіресе медузаның әсерінен итбалықтардың қырылуы, адам денсаулығына әсері жайлы мәліметтер әркімді де қызықтыратыны айқын. Жобада Каспий теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы, ондағы биоресурстардың азаюына әсер етуші факторлар, медузаның итбалықтардың ғана емес адам денсаулығына әсері жайлы мәліметтер , деректер сарапталған. Автордың тілі жатық, сөз қоры мол. Әр тарауға тұнымды ой пікір, түйін жасалған жоба өзіндік зерттеу мүшелігі бар туынды болып қалыптасқан. Сондықтан мен бұл жобаны барлық сұранымдарға жауап беретін ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалап, оны облыстық, республикалық жарыстарға ұсынуға әбден лайық деп санаймын.
Пікір беруші:
«_____» ________________ 20__ж. қолы _________
Сауалнама
Каспий теңізінің итбалықтарының қырылуына бөгде түрлердің әсері бар ма?
_________________________________________________________________________
2. Қандай бөге жәндік итбалықтардың азаюына әсер етіп отыр? _____________________________________________________________________________
3. Бұл бөгде жәндіктің (медуза) қоршаған ортаға әсері жайлы не білесіз?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4.Бұл бөгде түр (медуза) Каспий теңізіне қалай келгендігі туралы білесіз бе ? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________5.Итбалықтардың қырылуына қоректік қорының азаюы себеп болып отырғандығын білесіз ба?
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

6.Итбалықтарды сақтап қалу үшін не істеуге болады? _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сауалнамаға жауап бергеніңізге рахмет!