Сынып са?аты Т?уелсіздікке та?зым


"Тәуелсіздікке тағзым"
ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мектеп оқушыларына арналған сценарий
Сахна патриоттық үлгіде безендірілген. Түрлі түсқағаздар, шарлар ілінген.
Ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
2-жүргізуші:
Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тағзым» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен,
25 жыл! Құтты болсын егемендік!
2-жүргізуші:
Иә, тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Мереке құтты болсын!
1-жүргізуші:
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
2- Жүргізуші:
Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. ҚР-ның президенті болып елбасы Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Атаң заңға сай елдің бірлігі мен келешегі үшін тер төгуге жол алған елбасының елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына 25 жыл!
1-жүргізуші:
Ендеше, қарсы алыңыздар!
Алдары4ызда « » әнімен 5 а сынып оқушысы Акимжан Еркен
2-жүргізуші:
«Ән көңілдің ажары» демекші, қол соғып қошеметтеп отырыңыздар. 25 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-роликке назар аударыңыздар! (2-4 минуттық слайд немесе бейне-ролик)
1-жүргізуші:
Керемет! 25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз.
2-жүргізуші:
Бабалардан қалған мынау оң мұра,
Отырайын ал тізеге қондыра.
Қос ішегі сөйлесінші қазақтың,
Шанағынан күй төгіле домбыра.
Алдарыңызда 6Ә сынып оқышыларының орындауында күй « »,
1-жүргізуші:
Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті өлеңдерге берсек. (ақындар тәуелсіздікке арнау өлеңдерін оқиды)
1-жүргізуші:
Шабыттарыңыз шарықтай берсін, ақындар! Ал құрметті ұстаздар, оқушылар өлеңге сусындап алған болсаңыздар, ортаға мың бұралған бишілерді шақыруға рұқсат етіңіздер.
(Ортаға шығып қыздар би билейді, билеп жүріп шашу шашады сол кезде жүргізуші сөйлейді.)
2-жүргізуші:
Шашу! Шашу! Ағайын! Бұл еркіндіктің, тәуелсіз елдің шашуы. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
1-жүргізуші:
Ортада тағы да бір әсем ән болсын. Ән шашу.
2-жүргізуші:
Құрметті мектеп ұжымы, ұстаздар, қонақтар және де оқушылар. Бүгінгі «Тәулесіздікке тағзым» атты әдеби-сазды кешіміз мәресіне жетті.
1-жүргізуші:
Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар!