Т?уелсіздікке 25 жыл 8 сынып


Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздікке 25 жыл»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау.Патриоттық рухын ояту,елімізге,жерімізге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық:Еркін сөйлеуге,өз ойын ашық әрі нақты айтуға дамыту.Қоғамда өз пікірін нақтылай сөйлеуге дағдыландыру.Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік:Ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге баулу.Ұлтжанды тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі:Ашық сабақ.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:Топтық жұмыс,АКТ,СТО,диалог,пікірталас.
Пәнаралық байланыс:География,Әдебиет,Тарих.
Керекті көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар:Интербелсенді тақта,Слайдтар,оқулық,бағалау парағы,карта,стикерлер,маркерлер.
Сабақтың барысы:
А)Ұйымдастыру кезеңі.
Ә)Сабақтың мәнін ашу.
Б)Бейнебаян көрсету.
В)Постермен жұмыс.
Г)Сұрақ-жауап кезеңі.
Д)Тәуелсіздік туралы «эссе» жазу.
Е)Қорытынды,бағалау.
А) Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу,керекті оқу құралдарын дайындау.Назарын сабаққа аудару.Санау арқылы 3 топқа бөлу.
Ә)Сабақтың мәнін ашу.Мұғалім сөз алып Қазақстан Республикасы мен оның тәуелсіздік жолындағы күресі жайында әңгіме қозғайды.Тақырыптың мәнін ашады.
Б)Бейнебаян тәуелсіздік туралы түсірілген.Онда тарихи даму,азаттық жолындағы күресі туралы көріністер жинақталған.Оқушылар бейнебаянды көріп өз әсерлерімен бөліседі.Ұққандарын айтып береді.
В)Постермен жұмыс:Әр топ біріге отырып,жеке тапсырмаға презентация жасайды.Презентация бейнебаяндағы мәтінге арналады.Өз жұмыстарын қорғап,жұрт назарына ұсынады.
Г)Сұрақ-жауап кезеңі:Әр топқа үш сұрақтан беріледі.Оқушылар топпен ақылдасып берілген сұрақтарға жауап береді.
1 топ.
1)Қазақстан Республикасы қашан өз тәуелсіздігін алды?
2)Қазақ жерін ертеде мекен еткен тайпаларды атаңдар.Олар өз азаттығы үшін кімдермен соғысты.
3)Қазақ жерінде алғаш заңдар жинағын енгізген хан кім?Ол қалай аталады.
2 топ.
1)Қазақстан Республикасының алғаш тәуелсіздігін мойындаған бауырлас ел?
2)Қазақ жерін қорғауда ерекше дарыны мен көзге түскен хан кім?
3)Қазақ хандығы қай жылы құрылды?Ол қай елдің аумағында пайда болды?

3 топ.
1)Қазақстан Республикасы қай жылы БҰҰ-ға мүше болды?
2)Қазақстан Республикасының астанасы Алматыдан Ақмолаға қай жылы көшірілді?
3)Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңдар?Ол қандай мағынаға ие?
Д)Тәуелсіздік туралы «эссе»жазу.
1топ. Туған жер туралы жазады.
2 топ. Тәуелсіздік 25 жыл тақырыбында жазады.
3 топ. Қазақстан 2030 тақырыбында жазады.
Эссе жазуға 7 минут уақыт беріледі.
Е)Тұлғаны тану ойыны:Әр топқа бір қазақ елін басқарған тұлғаның суреті беріледі.Олар сол тұлға туралы өз ойларын ортаға салады.Қай топ көп мәлімет айтса сол топ жеңіске жетеді.
Ж)Қорытындылау.Оқушылар бағалау парағы арқылы өздерін-өздері бағалайды.Оқушылыр стикерлер көмегімен сабаққа рефлексия жазады.Мұғалім сабақты өз сөзімен қорытындылайды.