Баяндама Математика саба?ында де?гейлік о?ытуды? тиімділігі


[15.10.2016]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Семей қaлaсы
№47
орта мектебінің математика
пәнініңмұғaлімі
Бәдиева Айгүл Жеңісқалиқызы

Математика сабағында деңгейлік оқытудың тиімділігіМатематика сабағында деңгейлік оқытудың тиімділігіҚазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.Н. Ә. Назарбаев.Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт - бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс - шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару - менің бүгінгі таңдағы басты міндетім. XXІ ғасырдың жан - жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі – бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы - білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай жолдардың бірі – деңгейлік оқыту. Оны меңгеру мұғалімнің өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа идеялар айтатын, математикалық сауаты жоғары мамандар дайындау қажет. Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру - мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Бүгінгі таңдағы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмысын орынды және бүкіл технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын қолдану. Сабақ үрдісінде небір күрделі қиындықтар кездеседі. Қашанда шебер ұстаз барлық қиындыққа төтеп беріп, сабақ үрдісін тиімді ұйымдастырып, тақырыпты жүйелі түсіндіріп отырады. Бүгінгі таңда озат педагог – ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің жаңа тәсілдері жеткілікті. Осындай технологиялардың бірі – профессор Ж. А. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы.Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы дегеніміз – оқушының туа біткен ақыл - ой қабілетінің жеке даму жан - жақтылығына негізделген білім беру жүйесі..Математика пәнінің мұғалімі ретінде менің мақсатым – сабақ барысында оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Өз сабақтарымда деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының әдіс - тәсілдерін жиі пайдаланамын. Әр өткен жаңа тақырыпты оқушыларға шығармашылық ізденіс үстінде меңгертуге тырысамын. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушының ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға үнемі проблемалық сұрақтар қойып отырамын. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Өйткені ол оқушының ойлауын, елестетуі мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде оқушылардың табиғи жеке қабілеттеріне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне және дарындық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады. Оқушыларымның даму деңгейін өзгелермен емес, оқушының өзімен - өзін салыстыру арқылы анықтадым. Бұл дегенім оқушыға деген ізгілік қатынасты көрсетеді. Ал сабақтан тыс уақытта оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру үшін үлгерімі төмен оқушының білім сапасын көтеруге мүмкіндік туады. Деңгейлеп оқыту игерілетін ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл технология оқушының ой - өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсатым – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады.Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады. Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл - ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсыныладыБұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.1 - деңгей - міндетті, оқушылық деңгей - репродуктивтік деңгей:жаттап алуға лайықталған анықтамалар, тұжырымдамалар, аксиома, теорема, т. б;алдынғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауға арналған сұрақтар;тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиісті және өмірмен байланысты болу керек.2 - деңгей - алгоритмдік деңгей - елеулі белгілерді есте сақтау дағдысына бағытталады:өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп, тереңдете пайдалануды талап етеді;логикалық есептер, тапсырмалар,3 - деңгей - эвристикалық танымдық – іздену түрде орындалатын тапсырмалар:анализ бен синтез, салыстыру арқылы тақырыптағы негізгі білімді анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс - тәсілдермен есептер шығару, өздігінен есептер шығару, ребрустар, сөзжұмбақтар құрастыру, диаграмма салу, өлшем жасау, проблемалық жағдайларды шешу, белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға арналған сұрақтар.4 - деңгей - шығармашылық деңгей тапсырмалары:оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару);олимпиада есептерін шығару;берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар қорғау.Деңгейлеп - саралап оқытудың басты мақсаты - сынып оқушыларын қабілетті, қабілетсіз жіктерге бөлуді болдырмау.Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы сабақтарда қандай оқушы болмасын қалай оқитынына қарамастан жұмысты бірінші деңгейден бастап орындайды, бірінші деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. Бірінші деңгей тапсырмаларын орындаған оқушы «сынақ есепке алу» жүйесі бойынша білім сапасын көрсетіп, «5» балдық баға жүйесінде «3» бағамен бағаланады. Әрбір оқушы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және одан жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Әдетте 1 - деңгейді орындаған оқушы одан жоғары деңгейлерді орындауға ұмтылады, өзіне - өзі сенім білдіріп, бір деңгейден екінші деңгейге көтерілуге іздене талпына отырып, өз білімін толықтырып жетілдіреді, себебі «4»және «5» бағаларын алу үшін неғұрлым жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындау қажет.Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг ұпай - балл жинау әдісімен бағаланады. Демек, бұл тапсырмалар арқылы оқушылардың біліктілігі мен дағдысынқалыптастыру және оны бағалау деңгейін қалыптастыруға болады. Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының математика пәнінен 100% үлгерімге қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1 - деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктемеге тарту проблемасын шешеді. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес 12 - балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін - өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды. Сабақ барысында әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға” (1 - кестеге) + белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырамын.1 - кестеМатематика пәні бойынша 5 «а» сыныптың «Ашық журналы»(тақтада ілініп тұрады)II тоқсан №5 тақырыпБұл жерде: Ү - үйде орындалған тапсырманы бағалау.Бағалау критерийі: 11 - 12 балл - «5»9 - 10 балл - «4»5 – 8 балл - «3»Мұндай журнал оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етеді, әрі менің бұл журнал арқылы сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі туралы қорытынды жасаймын, бірақ соңғы сөз (қорытынды бағалау) келесі сабақтың басында айтылады. Себебі сыныпта үлгермеген тапсырмаларды әр оқушы үй тапсырмасы ретінде үйде жалғастырып орындайды, демек үй тапсырмасы төрт деңгейлік тапсырмалармен қамтылған. Мен өзіме де жеке журнал арнаймын. Себебі үнемі кол астында әрбір оқушының жетістігінің көрсеткіші болады әрі үлгермей жатқан оқушыларға дер кезінде көмек көрсету қажет болады. Мен сынып журналына қосымша жеке журналы арнаймын. Ол журнал «Ашық журналдың» көшірмесі түрінде толтырылады. Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі “Жеке журналға” және тапсырмаларға сәйкес балдарды “Оқушының даму мониторингі” кестесінде белгілеп отырады. Мысалы,2 - кестеЫбырай Шуақтың жеке журналы3 - кестеЫбырай Шуақтың даму мониторингісіМысалы: 1 - деңгейде 5 сұрақ х 2 ұпай=10 ұпай2 - деңгейде 4 сұрақ х 3 ұпай=12 ұпай3 - деңгейде 3 сұрақ х 5 ұпай=15 ұпай4 - деңгейде 1 сұрақ х 10 ұпай=10 ұпайОқушылардың жинаған ұпайларына қарай төмендегідей баға мониторинг белгіленеді.Мысалы, 1 - деңгейде 8 - 10 ұпай жинаса, «3» баға; 1 - 2 - деңгейде 11 - 12 ұпай жинаса, «4» баға; 1 - 3 - деңгейде 23 - 33 ұпай жинаса, «5»баға; 4 - олимпиадалық деңгейде қосымша жұмыстар орындалу дәрежесіне қарай «4»немесе«5» бағамен бағаланады.Қорытынды жасай отырып, деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі ерекшелігін, ұтымдылығын, тиімділігін сабағымда қол жеткізген төмендегідей жетістіктермен көрсетуге болады:- жаңа материалды оқып - үйренуге және оқып игеруге деген оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырдым;- жаңа білімнің мазмұнын игертуді жоспарлағанда оқушыға берілетін тапсырмаларды оқушының қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп дайындауды үйрендім;- оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды әртүрлі күрделілік дәрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралауды ұйымдастырдым;- білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзі қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы білімін жетілдіре алуды ұйымдастырдым;- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғыздым;- оқушылардың білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалау арқылы оқушының өзін - өзі бағалай алуына қол жеткіздім.Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Егеменді Қазақстанның келешегі, бүгіні жас жеткіншектердің қолында. Дүниежүзі деңгейіндегі қалыптасқан азамат, білімді, жан - жақты тұлға - біздің болашағымыздың жарқын кепілі.