Баяндама та?ырыбы: Мемлекеттік тілді сын т?р?ысынан о?ытуды? тиімділігі


Мемлекеттік тілді сын тұрғысынан оқытудың тиімділігі
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің "Ел боламын десең,бесігіңді түзе" деген тағылымы мол сөзі бар.Ол-елінің ертеңі-жас үұрпақты жақсылап өсір,тәрбиеле дегенді білдіреді.Ал елдің келешегі-ұстаз қолында."Ұстаздық қылған жалықпас,үйретуден балаға ''деп данышпан Абай атамыз айтпақшы,ұстаздық атаққа азапты еңбек,шыңдалған шеберлік арқылы ғана қол жеткізуге болады.Соңғы жылдары білім беру жүйесінде өзгерістер молынан көрініс беруде.Жаңа,тың бағыттар,жаңа педагогикалық технологиялар пайда бола болады.Соған сәйкес мұғалімге жүктелер міндет жан-жақты дамыған,ойы ұшқыр,шығармашыл тұлға қалыптастыру.Дәл қазіргі кезде бәсекеге қабілетті,ұлттық рухы мықтыұрпақ тәрбиелегіміз келсе,оқу тәрбие үрдісіндегі жаңа технологияларды,әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып білім сапасын арттыруымыз керек.
"Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек.Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет"деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Ұстаз алдындағы басты мақсат-сапалы білім мен саналы тәрбие беру,оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету.Баланы жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды-машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу,меңгеру,біліктілігін арттыру.Озық ойлы,тапқыр да,нәзік сезімтал,пайымды шәкірттердің іскерлігін,мүмкіндігін ескеріп,бағыт-бағдар беру,ой-өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.
Біздің міндетіміз-дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып,жақсысын тиімдісін ұсыну.Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда.Әрине,дамудың негізі білімде.
Орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімедерінің алдында тұрған негізгі мақсат -тіл үйрету,мемлекеттік тілді меңгеру,осы тілде дұрыс сөйлеу,сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру,грамматикалық ережелер мен сөйлеу құрылысын меңгерту.Өзге тілді оқытуда бірден-бір тиімді әдіс-сын тұрғысынан оқыту әдісі деп ойлаймын.Мұнда мұғалімнің басты міндеті оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес,оұушымен бірлесіп жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып,алға қойылған міндетті түсіндіру,оларды шешудің тәсілдерін жолдарын іздестіру.
Қазақ тілін оқыту-қиын да қызықты жұмыс.Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын жаңа талап технологиялық әдістерді қолдана отырып,сапалы және терең білім беру,олардың ойлау көру қабілеттерін жетілдіру,уақытты дұрыс пайдалану,әртүрлі әдістерді қолдану,сабақты мазмұндыда қызықты өткізу,мұғалімнің жеке басының интелетісін дамыту,өтілетін тақырып мазмұнын аша білу.Сонымен жеке тұлғаны дарынды,білімді дебілікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.
Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі-оқу мен жазу арқылы сын тұрғысын ойлауды дамыту технологиясы.Бұл ішінара іздену,пікір-сайыс,ойын,шығармашылық,өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы.Сын тұрғысын оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді.
Бұның мақсаты -барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынын үйрету.Кез келген қиыншылықтары жеңуге,өз мәселелерін шешуге,әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға,екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға,сапалы шешім жасауға үйрету.
Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметіне ұйымдастыра оқыту,оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады.Бұл стратегия оқушының жекеленген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашыуға бағытталады.Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін,ойлау,есте сақтау қабілетін,әрбір ақпаратқа,сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығында сыни қарауына,шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін төмендегі шаралар орындалуы шарт
1.Сын тұрғысынан ойлау тудыру үшін уақыт беру арқылы мүмкіндік жасау
2.Оқушыларға ойлануға рұхсат беру
3.Оқушылардың әртүрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау
4.Үйренудегі оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау
5.Сенімділік
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Топқа бөліп ой қозғайды
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды
Мәтіндегі ең қажетті,құнды нәтижені анықтауды ұсынады
Ойларын жазуды ұсынады
Қортындылауға бағыттайды
Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі , мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін тандауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Біздің елімізге Джорд Соростың ашық қоғам институты, "Сорос- Қазақстан " қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шыңдалған ойлау.
Сын тұрғысынан ойлау-ашық қоғам негізі. Ол-өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту " қарапайымнан күрделіге" деп аталады .
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады . Сабақтың құрылымы :
1.Қызығушылықты ояту:
Бұл кезенде оқушының тақырып туралы не білетіндегі анықталады, белсенділігін арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа тарту. Бұл қызуғушылықты ояту кезеңі - "жаңа білімге көпір салу". Бұл сәт "бүгін біздің өтетін тақырыбымыз" деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіріп, жаңа білімге көпір салу болып табыады.
2. Мағынаны ашу.
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: ойлан, жұптас, ортаға сал, өзара,сұрақ қоя білуді т.б. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану кезеңі ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
3.Ой толғаныс:
Оқыуды қортындылау.
Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп,өзара пікір алмасады.Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды,топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса,өздері дәлелдейді,көрсетеді,бағалайды немесе "Эссе жазу,бес жолды өлең" т.б стратегияларды қолданып ойын қортындылайды.
Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады.Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар да бар."Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын"өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жиі қолданамын.Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру немесе мағынаны тану кезінде түртіп алу немесе INSERT стратегиясын пайдаланамын.
"INSERT" стратегиясын мәтінмен жұмыс жүргізгенде қолданамыз.Оқушы ең алдымен тақырыпты оқиды,таныс мәліметтерді белгілейді,өзі білмеген мәліметтерді табады да кестені толтырады,білмегенін мұғалімне сұрайды,нені білгісі келетінін айтады.
Білемін Білдім Білгім келеді
Оқушы өзін-өзі дамытуында білімнің жеткіліксіз екенін сезініп білімнің қажеттілігіне деген қызығушылығы артады.
"ДЖИКСО"әдісінде мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады.Өз тобында келгенде оқығанын айтып беру үшін әлсіз оқушылар да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болды.Мұның өзі жауапкершілік.
Ой қозғау стратегиясында" Бұл туралы не білетін едік,есімізге түсірейікші?"−деп2-3 минут оқушыларды ойлана білуге бағыттаймын.Ой толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер алғанын, қандай ой түйгенін жазуға үйренеді.
"Сын тұрғысынан оқыту"бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін,ойлау қабілетін,шығармашылығын жан-жақты дамытатынын көруге болады.Осы әдістерді қолдану −жеке оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің ашылуына жол сілтейді.Ең бастысы-сабаққа деген қызығушылығы артып,олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу,еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады.Өздеріне сенімсіздік білдіріп,бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп,еркін айта бастайды.
Бұрын шығарма,мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге,әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.
Қазіргі күнде өтілген тақырыптан соң оқушылар ой-толғанысын жасап өз ойларын анық білдіре алады.
Міне,осылар арқылы оқушылар бұрынғы білімді пайдалана отырып,жаңа мәселені шешуге тырысады,талдайды,зерттейді,өз бетімен шығармашылық жұмыстар жүргізеді. Осыдан келіп баланың дарыны ашылады.Демек оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып,ынталандыру үшін,сын тұрғысынан оқытудың маңызы зор.
Ұлы Абайдың "Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,білім,ар,мінез деген қасиеттерімен озады"деген сөзі еш заманда мәнін жойған емес.Озық ойлы білімді адамдар өзіне ғана емес қоғамға да пайда әкеледі.
Оқушыларға жаңа технологиялармен сапалы білім беру,олардың білімге ынтасын арттыру,қызығушылығын дамыту-бүгінгі күннің басты мақсаты.