Бастауыш сыныпта дамыта о?ытуды? тиімділігі


«Бастауыш сыныптардадамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі»
«Бала дамуының ең шарықтау шегі –
бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
Л.С. Выготский Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» — деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы  сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.«Даму»  ұғымы сөздікте «… мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі.  «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды.
Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.   В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Элькони – Давыдов технологияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негіздене отыра құрылған.Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады.Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі.Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық перспективаға көшуден тұрады.л технологияда ұжымжық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау менпрактикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1.     Оқу мақсаттарының қойылуы.
2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы”, «Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы”, «мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1.     түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2.     оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3.     олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4.     оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5.     оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6.     оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы,
шығармашылық белсенділігі артады;
7.     жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.
Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.
Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану.
Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқытутехнологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс — әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л:С Выготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.
В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» — дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік -зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:
Оқу міндетін қою сабағы
модельдеу сабағы
түсінікті нақтылау сабағы
нақтылау сабағы
бағалау сабағы
Дамыта оқыту белгілері:
1.     Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға
дамуымен тығыз байланыста.
2.     Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
3.     Балаға іс — әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4.     Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
5.     Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6.     Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде
оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды
проблеманы шешу жолын іздестіреді-жаңаны өздері табады-ақылдасады, кеңеседі
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары
І. Әдістемелік іс — әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі
Сабақтың мазмұны
Оқу жағдайын ескеруӘдістемелік тәсілдерді қолдану
ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлауСабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)
Сабақтың әр этапындағы оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау
Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін таңдау.
ІІІ. Сабақты жүргізу.
Әр сабақтағы баланың іс — әрекетін ұйымдастыру
Оқушымен жанама қарым-қатынас
Жұмыс барысын бақылау жұмысы
IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)
Қойылған мақсатқа жетуТақырып бойынша өзгерістер енгізуОқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)
Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:
- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.
1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс — әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?
1)     Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.
2)     Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
3)     Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4)     Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5)     Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
6)     Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай сеніммен айта алатындай болу керек. Ол үшін Оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрыс мақталып, қатесі еппен түзетіліп отырады. Оқушыға кішкентай бала деп қарамай оның пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына зор әсер етеді.Дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.
Сондықтан осы технологияның әдіс- тәсілдерін өз тәжірибемде кеңінен қолданып келемін. Бірнеше сабақтың үлгілерінен мысалдар келтірейін.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың жазбаша тілін дамытуда, сөздерді байланыстырып сөйлем құрастыруда алуан түрлі жазба жұмыстары әсіресе мазмұндама мен шығарма жазу үлкен жауапкершілікті, көп ізденуді, шеберлікті талап етеді.
Оқушының коммуникативтік – лингвистикалық қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды «Дамыта оқыту технологиясы» бойынша қолдану….

Оқушының қабілетін деңгейін байқауға және ойлауын дамытуға арналған мұндай жаттығулардың орны ерекше. Сабақта тек тақырыпқа байланысты жаттығуларды ғана меңгертіп қана қоймай, сонымен қатар ойлауын арттыратын жаттығуларды пайдаланған жөн.
Сыныптағы оқушылардың ұнатып ойнайтын ойындарының бірі – «Диалог-ертегі» Ойынның шарты: мұғалім не бір оқушы ойдан шығарып кез-келген әңгіме немесе ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар бір-бір сөйлемнен әрі қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды: «Ертеде бір байдың еркетотай қызы болыпты» 1-оқушы: «сол қызы көгалда гүл теріп жүріп адасып кетіпті»- десе ,2-оқушы одан ары жалғастырады. Міне ертегі осылай жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс.
Мына ойынның түрі оқушының пәнге қызығушылығын, өзіне деген сенімін арта түседі. Ойынның аты: «Сұрақ-жауапқа құрылған хат». Бұл ойынды италиян жазушысы Д.Ж.Родари ойлап тапқан. Ойынның шарты:
6 оқушыға 6 түрлі сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға оқушылар жазбаша түрде жауап береді. Бірақ бұлар кез-келген сұрақтар емес. Белгілі бір қалыпқа түскен тұрақты сұрақтар.
1 сұрақ: «Кім?, не?» (яғни 1 оқушы зат есімнен болған кез-келген сөзді қағазға жазады).2 сұрақ: «Қай жерде?» (яғни жатыс септігінде тұрған зат есімді екінші оқушы жалғайды).3 сұрақ: «Не істеді?» (оны 3-оқушы жазады).4 сұрақ «Ол не айтты?» (бұл сөйлем төл сөз түрінде берілуі қажет. Оны 4-оқушы орындайды).5 сұрақ: «Адамдар не деді?» (Бұл сөйлемде төл сөзінде берілуі шарт. Ол 5-оқушының міндеті).6 сұрақ: «Оқиға немен тынды?» (Бастауышы жоқ бір ақ сөйлем. Оны 6-оқушы орындайды).
Бір қызығы әр оқушы жолдастарына қандай сұрақ берілгенін білсе де, олардың қандай жауап жазғанын білмеуі тиіс. Әйтпесе ойын шарты бұзылады. Жаттығу аяқталғаннан кейін мұғалім әр оқушының жауабы біріктіріп, тұтас мәтін құрайды да балаларға оқып береді. Сол кезде әрі қызғылықты, әрі күлкілі оқиға шығуы мүмкін. Мысалы:
- Құмырсқа- Қонақта- Топырақ жеді- Ол айтты: «Мен бақыттымын»- Адамдар: «Ғұмырың ұзақ болсын», деді- Құмырсқа жарылып өлді.
«Сұрақ-жауапқа құрылған хат» ойыны – өте тартымды ойын. Әсіресе сабақ үстінде жүргізсе оқушылар сергіп қалады, сабаққа деген зейіні арта түседі.
Тіл дамыту сабақтарында мәтінмен жұмыс кезінде мынадай тапсырмалар оқушының логикасын дамытуға бағытталады:
1.Қате құрылған мәтінді, сөйлемдерді орын-орнына қойып, логикалық жүйелікті сақтап, қайта құрастырып жазу керек. Мысалы: Тышқан не айтарын білмейді де, жылды кім бұрын көрсе сол жыл басы болсын деп бір қулық ойлап табады. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты. Өзі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты. Олардың әрқайсысы адамға тигізетін пайдасын айтып, өздерін жыл басы болуға лайықпын деп дәлелдейді. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. Сонан соң тышқан жылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.
Бұл жерде балаларға әдейі сюжеті таныс ертегі беріліп отыр. Мұның себебі, оларға ертегіні қалай басталып қандай оқиға болатынын, соңы немен аяқталатынын білетіндіктен, сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелі түрде жазып беру жеңіл болады.
2.Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айту.
Мысалы: Қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақ математика болатын. Мұғалім үйге қиын тапсырма берген еді. Сыныпта Мұраттан басқа ешкім қалған еді. Ол Айдостың отырған партасына барып, сөмкесін ақтара бастады.
Оқиғаны әр бала бірін-бірі қайталамауға тырысып, өз ойларымен аяқтауға қажет. Әңгіме соңынан Мұраттың іс-әрекетіне баға беріледі. Мұраттың орнынада сендер болсаңдар не істер деіңдер? Деген сұраққа оқушылар дәлме-дәл нақты жауап беріп жатты.
Оқушының коммуникативтік-лингвистикалық қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.
Оқушының қабілетін деңгейін байқауға және ойлауын дамытуға арналған мұндай жаттығулардың орны ерекше. Сабақта тек тақырыпқа байланысты жаттығуларды ғана меңгертіп қана қоймай, сонымен қатар ойлауын арттыратын жаттығуларды пайдаланған жөн. Мұндай тапсырмаларды жаңа сабақты сыныптастарынан бұрын игеріп отырған дарынды балаларға да беру өте қолайлы. Ана тілі дұрыс жазу ережесі үшін ғана емес, сонымен бірге шығармашылығын, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажет. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасына байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс»,-деп көрсеткен болатын К.Д.Ушинский.
Барлық сөзі бірдей әріптен басталатын мақал-мәтел, нақыл сөздер жазу тапсырмасы:
1. Б…б…б… Білімді бәрін біледі2. А…а…а… Ақымақтың аузы ашылар3. Ж…ж…ж… Жақсылыққа жақсылық жаса4. С…с…с… Сыпайы саспай сөйлейді5. Ы…ы…ы… Ырыс ынтымақты ықыластан
Түсінік: Оқушы берілген жауаптан да басқа жауап беруі мүмкін. Ол оқушының логикалық ойлауына байланысты. Тек мағыналы ой түйіндесе болғаны. Оқушы берілген жауаптардан басқа да жауап беруі мүмкін, тек үшеуі де мәнді сөз болуы тиіс.
Сөз туынды шешу, артық сөзді алып таста.
1. я,м,а,у,и,ғ,а (Мағауия)2. й,а,қ,ы,б,а,л (Ақылбай)3. қ,ш,у,ы,а,н,т,а (анықтауыш)4. о,й,а,д,а,ғ (одағай)5. й,ө,е,м,с,л (сөйлем)
Түсінік: Оқушы берілген әріптерден әр қатар бойынша бір-бір сөз шығаруы тиіс ол сөздерден мағынасы бөлегін шығаруы тиіс. Яғни артығын алып тастау керек.
Буынды тап.
1. жұм…ша (бақ) жұмбақша2. тыр…ша (нақ) тырнақша3. дом…ра (бы) домбыра4. қар…ғаш (лы) қарлығаш5. жел…сан (тоқ) желтоқсан
Түсінік: Оқушы бір-бір сөз шығаруы тиіс ол сөздерден мағынасы бөлегін алып тастау керек.
Сөз тізбектерін жазу (ассоциация)
1. мектеп… парта, орындық, мұғалім2. оқушы… дәптер, мектеп, кітап3. Қазақ тілі… жаттығу, сөйлем, тыныс белгісі4. теледидар… үй, диван, ата-ана5. мұғалім… жаңа сабақ, жетекші, ақылшы
Оқушы берілген тапсырмаға қауымдасатын басқа да сөзде жазуы мүмкін, егер ол қауымдастыққа кіретін болса, берілген жауаптағыдай болу керек деген ұғым болмасын. Ол оқушыға, мұғалімге нұсқау ғана.
Көп жағдайда танымдық процесстердің өте маңызды мәселелерді, қиындықтарды ескермеу салдарынан таным дұрыс қалыптаспайды, ол тек сабаққа ғана емес, сонымен қатар танымдық іс-әрекетке де кедергісін тигізеді. Мысалы: Балалар үндемегенді қалайды, өзін енжар ұстайды және сабақ тапсырмаларын жиі орындамайды. Осы себептен баланың жаңа тақырыпты меңгеруі төмен болады ды балада қажетті білімді дұрыс меңгере алмайды. Сонымен қатар мектептегі оқу процесі ойдағыдай дәрежеде жүргізілмеген жағдайда мысалы, төменгі сынып оқушысы сабақтың мазмұнын жаттап алып бірақ мағынасына түсінбейтін болса, өз бетімен пікір айтып қорытынды жасай алмайды.
Бұл мәселе жөнінді В.В.Давыдов, В.Слободчиков, Г.А.Цукерман еңбектерінде «адам өзін өзгерту үшін оның білім алуы керек, ол біріншіден өзінің білімді меңгеру шегін білуі қажет, екіншідін, өз мүмкіндіктерінің шекараларына өте алуы қажет»-дейді.
Бастауыш мектеп оқушысы үшін дамытатын жаттығулардың кешенді орындауы олардың танымдық іс-әрекетінің барлық түрлерін қамтиды. Дамытатын танымдық жаттығулардың мақсаты: мектептегі оқытудың интеллектуалдық потенциалын көтеру, және әр сабақты оқушының танымдық құқықтарын меңгеруге бағыттау, тапсырманың шешу жолдарын талдау, тапсырманың орындалуына түрлі тәсілдер іздеу, өзінің шешімін құрбыларының жұмысымен салыстыру өзінің дәлелдеген шешімін үйрету болып табылады.
Грамматикалық алғашқы мағлұматтардың мазмұны ашылып, дамытуы жағы қарастырылады. Сонымен қатар оқушының оқып отырған пәнге қызығушылығын арттырып сабақты танымдық жаттығулар арқылы игеру мақсаты көзделеді.
Екінші сыныптың қазақ тілін оқыту бағдарламасындағы (тіл және сөйлеу) тақырыбы бойынша өтілген сабақты қорытындылау үшін «Сөйлемді толықтыр» танымдық жаттығу әдістемесін пайдаландым. Мұнда «ит үреді» сөз тіркесін қарастырып, сөйлемді күрделендіру қажет.
- қара ит үреді- жерде қара ит үреді- аспанға жердегі қара ит үреді
Жаттығуларды орындау барысында балалардың сөздік-мағыналық ойлаудағы бір сөйлемге шоғарландыра отырып ойлауына мүмкіндік жасайды.
«Сөйлем» тақырыбында өтілген сабақты қорытындылау үшін «Сөйлем ойла, тез ойла» әдістемелік жаттығуды пайдалану тиімді. Бір-біріне ешқандай қатысы жоқ кез-келген үш сөз беріледі. Оқушылар берілген уақыттың ішінде осы сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құраулары қажет. Мысалы:
- Аю, өзен, қарындаш- Аю қарындашты өзенге ағызды- Бала қарындашпен өзенге шомылып жатқан аюдың суретін салды.- Аю қарындашпен өзеннің суретін салды.
Мұндай танымдық жаттығулардың негізінде мұғалімдердің сабақ өтудегі әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, іскерліктерін шыңдау және оқушыларға жаңа берілетін білімді саналы да терең беруде көмек көрсетуге бағытталады.
Дамытатын танымдық жаттығуларға психологиялық талдау көрсеткіші арқылы ішкі теориялық іс-әрекет қатарының жалпы күші сыртқы практикалық іс-әрекетінің жеке құрылымдық элементері арқылы бір-біріне әсер етіп отыратындығы дәлелденді. Сонымен өнімді оқыту әдістемесінің негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту және оны ұйымдастырудың тиімді жолын табу мәселесі жатыр. Л.С.Выготский ойлауды белсендетуді «ойлауды ойлау ойламайды, адам ойлайды» мұндай екпінді бәрінен бұрын жеке оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендете түсу қажеттігі аңғарылады. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына дамытушы ойындар арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастыруда олардың психикалық қабілеттерін ескере отырып тапсырмаларды жеңілдете беру керек. Сондан ғана оқушылардың бойында білімді сіңіруге деген түрткі қалыптсады. Осындай түрткілердің қалыптасуы балалардың сабақты қызыға тыңдауын тапсырмаларды құлшына орындауын туғызады. Тапсырмаларда берілген сөздердің мағыналарымен білдіретін ұғымы бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін сай болуы керек. «Қазақ тілі» сабағында дамытушы ойындарға қолданылатын сөздер әрі таныс, әрі түсінікті, әрі мағыналы болу керек.
Бастауыш сыныптарда дамытушы ойындарға берілетін тапсырмаларды жинақтағанда олардың оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруға негізделуін ескерген жөн.
Тапсырмаларды оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру тұрғысынан іріктеу қажет. Баланың белсенділігі сабақта білімді игеруге, білімді сыртқа шығаруына негіз болады. Дамытушы тапсырмалар балаларда күнделікті сабақта ерекше басқа жағдайда өтетіндіктен, балалардың сабаққа деген қызығушылығын оятады, әрі жалықтырмайды. Мұндай сабақтарда игерілген білімдерінің бала бойында 75 пайызына дейін қалатындығы айтылып тұр. Сондықтан дамытушы тапсырмалар қолданылып өтілген сабақтарда балалардың оқу белсенділігі артып, білімді игеруі жылдамдатылады.
Сонымен қатар өз тәжірибемде білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым. «Әріптерді сөйлет» ойнында әріптерден сөз құрау тапсырылады. «Адасқан сөздер» дидактикалық ойнында оқушылар орны ауысқан сөздерден сөйлем құрайды. «Не артық?» ойыны барысында ерекшеленіп тұрған әріпті атау тапсырылады. Сондай-ақ, сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сауаттылығын арттырумен бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр. «Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Білімді тиянақтау кезеңінде кесте бойынша сұрақтың дұрыс жауабын табу сәйкес номерін жазу керек деп тапсырылады. Сөзжұмбақ шешу, сөзжұмбақ құрастыру, ребус шешу, құрастыру. Логогрифтер, шарада, метаграммалар, филворд, т.б.
Математика сабағында логикалық есептер, шығармашылық тапсырмалар қолданамын. Сонымен қатар оқушылар математикада басқатырғалар, ребустар, лабиринттер, сиқырлы шаршылар шешеді. Дүниетану сабағында семантикалық картамен жұмысты кеңінен пайдалануға болады.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.
Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р:1.ҚР Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарттары; Жоба, /12 жылдық білім беру, 2006ж/.
2.Бастауыш мектептегі дамыта оқыту технологиясы / Әдістемелік нұсқаулық, 1999 ж /.Эльконин-Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы» 
3./ Педагогикалық шығармалар, 1998 ж/.4.Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері / Психологиялық ғылым және білім беру №1/2003 ж /