?МЖ ?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ау


Тақырып: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауМектебі: Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп
Мерзімі: 08.02.2017 жылМұғалімнің аты-жөні: Иманалиева Рымгуль СейсеновнаСыныбы: 8 «Ә» сыныбыОқушы саны:
Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттарыӨткізгіштерді тізбекке жалғаудың әдістері жөнінде түсінік беру, тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды оқып үйрену, талдау жасау, саралау қабілеттерін дамыту.
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар: Тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды біледі
Оқушылардың басым бөлігі; тізбекті жинауды тәжірибелер жасау арқылы түсінеді
Кейбір оқушылар: Приборлардың аттарын біледі, қолдана алады.
Тілдік мақсаттарОқушылар заряд, аттас, әраттас зарядтар, нейтрал, элементар заряд, нүктелік заряд, электрлену, тұйық жүйе, Кулон (Кл), диэлектрлік өтімділік, суперпозиция терминдерімен танысады, заряды бар немесе заряды жоқ денені ажырата алады, электрленген денені анықтап ажырата аладаы.
Пәндік лексика және терминология:
Зарядталған- заряды бар, бейтарап (нейтрал)-зарядсыз, аттас зарядты-бірдей таңбалы зарядты, әр аттас- әртүрлі таңбалы зарядтар, элементар заряд-ең кішкене заряд шамасы, электрлену-дененің электр зарядын алуы/беруі, диэлектрлік өтімділік-заттың электрлік қасиетін, ортадағы әрекеттесу күшінің шамасын көресетедіАлдыңғы білімдеріШартты белгілерді білу жаттауСабақ барысыСабақтың жоспарланған кезеңдеріМұғалімнің іс - әрекетіОқушылардың іс - әрекетіРесурстарБасы
10 мин І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру; 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. (сыныпты үш топқа бөлу)Сөз шешу: І топқа - кот, ІІ топқа - декергі, ІІІ топқа - керуен (берілген сөздің дұрысын жазу) 1. Шаманың атауы 2. Белгіленуі 3. Формуласы 4. Өлшейтін құрал 5. Өлшем бірлігі 6. Өлшейтін құралдың шартты белгіленуі 7. Өлшейтін құралдың тізбекке жалғануы 8. Ашқан ғалым кім? Плакат маркер
Ортасы
10 мин

7 мин
5 мин ІІІ.Қысқаша маглұмат беруТехникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар:қыздыру шамдары,үтіктер,электр пештері,электрқозғалтқыштары және т.б.электр құралдарын пайдаланады.Бұлар түрліше жалғанады.Практикада қолданылатын электр тізбектерінің құрамында бірнеше электр энергиясын тұтынушы элементтер болуы мүмкін. Бұл элементтер бір-бірімен әрқалай қосылады, мысалы тізбектей немесе параллель. Тізбектей жалғауда:
-1905236220000
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
I = I1 = I2 = … = In;
U = U1 + U2 + … + Un ;
R = R 1 + R2 + … + Rn. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншініғң соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей қосу деп атайды.

Параллель жалғау:
-5080635381000
Өткізгіштерді паралель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбәр өткізгіштің кедергісінен кем болады.
U = U 1 = U 2 = … = Un
I = I 1 + I 2 + … + In 1R = 1R1 + 1R2 + … + 1Rn Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғаса, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды.
IV. Тест тапсырмасын беру.
І топ
Ток күшінің өлшем бірлігі не?
а) 1 А в) 1 В с) 1 Ом д) 1 Ом * м
2. Химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын элемент.
а) Вольта элементі в) Гальвани элементі с) Нейтрондар д) Иондар
3. Аккумулятор қай елдің сөзі?
а) Латын в) Грек с) Ағылшын д) Итальян
4. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі қайсысы?
а) 1В в) 1 Ом * м с) 1 А д) 1 Ом
5. Дененің электрленгенін анықтайтын құрал:
а) Реостат в) Амперметр с) Электроскоп д) Вольтметр
6. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы:
а) U = IR в) I = UR c) R = p ƖS д) R = UI7. Кедергілері 4 Ом және 6 Ом болатын өткізгіштер параллель жалғанған. Жалпы кедергісін тап.
а) 2,4 Ом в) 3,7 Ом с) 4,2 Ом д) 5,8 Ом
ІІ топ
Мыналардың қайсысы кернеудің өлшем бірлігі?
а) 1 В в) 1 Ом с) 1 А д) 1 Ом * м
Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады?
а) Ток күші в) Кернеу с) Кедергі д) Заряд
3. Төменде электр тогы жүріп тұруы үшін қажетті шарттар келтірілген. Дұрыс емес шартты анықта.
а) Тізбекте конденсатордың болуы
в) Өткізгіш ішінде тұрақты электр өрісінің болуы
с) Электр тізбегінің тұйықталған болуы
д) Потенциялдар айырмасының болуы
4. Электр тогының жұмысын есептейтін формула.
а) Q = I2 Rt в) A = FS с) A = Nt д) A = IUt5. Өткізгіштерді тізбектеп қосқанда қай шама бірдей болады?
а) Ток күші в) Кернеу с) IU көбейтіндісі д) Заряд
6. Кернеу қандай құралмен өлшенеді?
а) Вольтметр в) Амперметр с) Ватметр д) Реостат
7. Жұмысы 400 Дж ток күші 40 А өткізгіштің 3 мин ішіндегі кедергісін есепте:
а) 0,015 Ом в) 0,011 Ом с) 0,0014 Ом д) 0,012 Ом
ІІІ топ
Ток күші қандай шама?
а) Векторлық в) Скалярлық с) Екеуі де д) Дұрыс жауап жоқ
2. Электр тогының қуатын есептейтін формула:
а) U = At в) p = UI c) p = At д) p = IUq3. Кедергінің өлшем бірлігін көрсет:
а) 1 Ом * м в) 1 В с) 1 Ом д) 1 А
4. Электр тогын электр станцияларында ................................ арқылы алады.
а) Қорғасынды аккумулятор в) Генераторлар с) Қышқылды аккумулятор д) Сілтілі аккумулятор
5. Өткізгіштің меншікті кедергісі.
а) р = RSI в) I = ER+r c) p = mV д) p = 3PU26. Бірдей таңбалы электр зарядтары бар денелердің әсерлері қандай?
а) Әсерлеспейді в) Тартылады с) Тебіледі д) Әсерлеседі
7. Қуаты 24 Вт кернеуі 4 Вт шамның ток күші неге тең?
а) 6 А в) 3 А с) 10 А д) 12 А
V. Оқулықпен жұмыс:
І топ – 20 - жаттығу ( )
Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36Ом өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1=9B. Кедергісі R2=64Ом болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.
Бер:
R1=36 Ом
U1=9B
R2=64 Ом
U3=120В
I=I1=I2= I3
I1=U1R1; R3=U3I; U2=I∙R2R3-?
U2-? Ж: 480 Ом; 16В.
ІІ топ – 20 - жаттығу ( )
Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Ом өткізгіш арқылы I1=5А ток өтеді. I2=0,8А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.
Бер:
R1=44 Ом
І1=5А
І2=0,8А Шешуі:
U=U1=U2
І1· R1= І2· R2
R2=I1∙R1I2=5∙440,8=275 ОмR2-? ІІІ топ – 20 - жаттығу ( )
Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?
Бер:
R1=20 Ом
R2=30Ом
U1=24В Шешуі: тізбектей жалған кездегі ток күші
I=I1=I2 =UR=2450=0,48A
R= R1+R2=20+30=50 Ом
Параллель жалғаған кездегі ток күші
I=I1+I2=UR1+UR2=2420+2430=2 AIT-?
IП-? Дәптерге жазады
Тест жасайды, бір – бірімен ауысып тексереді
Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып есеп шығарады
Презентация «Power Point»
Соңы 9 мин VI. Топпен жұмыс:
І топ. а) суреттегі шамдар қалай жалғанған?
ә) Сұлбасын сызып көрсетіңдер.
ІІ топ. Сұлбасымен салыстыра отырып түсіндіріңдер.
ІІІ топ. 79 – суретте берілген сұлбаларда жіберілген қателерді табыңдар. Жинап, қорғау Сұлбалар және керекті приборларБағалау 1мин Бағалау парағыБағалау парағын толтырады Бағалау парағы
Рефлексия
1 мин Блоб баспалдағын пайдаланады
Үйге тапсырма
1 мин §41. 9.4 Венн диаграммасын толтыру. Есептер шығару
Қосымша мәліметДифференциация – қосымша көмекті қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз? Бағалау –оқушылардыңбілімін бағалауды қалай жүзеге асырасызПәнаралық байланыс.
Денсаулық және қауіпсіздік. АКТ-ны қолдану.
Барлық оқушылар: Заряд ұғымын біледі, екі тегін біледі, әсерлесуін біледі, тізбекті параллель және тізбектей жинай алады, есептер шығары алады.
Оқушылардың көпшілігі: Формулаларды түрлендіре алады, жатқа біледі, мағынасын түсінеді, есептер шығара алады.
Оқушылардың кейбірі: Күрделі есептерді шығара алады. 1.формативті бағалау, суммативті бағалау, қолдау, мадақтау.
2. Жеке бағалау, бір-бірін бағалау, топты бағалау Биология, математика, информатика
Электр қауіпсіздік ережелерін сақтау, жауапкершілікке, бір-бірін сыйлауға үйрету, АКТ-мен жұмыс істеуді және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескеру.
SWOT талдау Сұрақтарға жауапКүштіСабақ мақсаттары орындалды . Сабақ жүйелі өттіӘлсізУақытты дұрыс пайдалана алмадыМүмкіндікЕсептерді шығарғанда оқушыларға қолдау көрсетсек пәнге деген қызығұшылығы артадыҚауіптіСабақ өту барысында оқушылардың белсенділігін көтеру