Сандар тізбегі ж?не оларды? берілу т?сілдері. 
           Қызылорда  облысы,  Қазалы  ауданы , Қазалы  қвлвсы.
         Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің  математика пәнінің мұғалімі Өтеулі Ұлдай
           Пәні:   Алгебра.                 Сынып:  9  .                 
 Сабақтың  тақырыбы:   
 
                                        Сандар тізбегі  және  олардың берілу тәсілдері.
   Сабақтың  мақсаты:  
Білімберушілік:  Сандар тізбегі  ,  тізбекің мүшесі ,    тізбекің беру тәсілдері , тізбекің  түрлерін үйрену.    
Дамытушылық: Сандар тізбегінің мүшесін  табуды үйреніп ,       есептер шығара  білуге дағдыландыру.
 Тәрбиелік:  Оқушыларды  есептер шығару  барысында  ұқыптылыққа  тәрбиелеу  және  өз  бетінше жұмыс  жасай  білуге  тәрбиелеу. 
   
   Сабақтың   міндеттері: 
      а )    танымдық қабілеттерін  қалыптастыру.
      б)  деңгейлік   тапсырмалар  арқылы  оқушылардың  білімін саралау.
Сабақтың    типі:    Жаңа сабақты меңгеру.
  Оқыту  әдісі:       Деңгейлеп – саралап  оқыту. 
  Сабақтың    көрнекілігі:           интерактивтік  тақта ,  слайд  презен- тация ,  деңгейлік  тапсырмалар. 
  Сабақтың    барысы: 
                I  .  Ұйымдастыру  бөлімі.
Оқушылардың сабаққа  катысуын қадағалау,  сабаққа  назар  аудару.
Үй  тапсырмасын  тексеру.
Жаңа сабақ .
Көшенің оң жағындағы орналасқан үйлер. 1-үй 2-үй 3-үй 4-үй ........ 50-үй
Үй нөмірлері. 1 3 5 7 ....... 99
Көшенің оң жағындағы орналасқан үйлер. 1-үй 2-үй 3-үй 4-үй ........ 50-үй
Үй нөмірлері. 2 4 6 8 ....... 100
                
I  кестеде тақ сандар : 1;3;5;...;99.
                I I  кестеде жұп сандар : 2;4;6;...;100.
 1;2;3;4;...;п;....   натурал  сандар тізбегін қарастырамыз.   (1)
тізбегінің әрбір мүшесін оған кері санға ауыстырсақ ,онда келесі тізбекті аламыз.
   1; ; ; ; ... ;  ;.... (2)        (1) тізбектің әрбір санын 3-ке көбейтсек ,мынандай тізбек шығады:  3;6;9;12;15;....;3п;...
Анықтама. Натурал аргументті функция сандар тізбегі , ал тізбекті  құрайтын сандарды тізбектің мүшелері деп атайды.
   а1;   а2;   а3;   а4;......;ап;....
  а1    саны  тізбектің  бірінші мүшесі;
  а2   саны  тізбектің  екінші мүшесі;
  а3   саны  тізбектің  үшінші мүшесі;
..................................................................
ап саны  тізбектің   п-ші мүшесі;
...................................................................
  Сандар тізбегі әр түрлі  тәсілдермен  беріледі:
Баяндау тәсілі.    Мысалы:  Натурал сандар  қатарының квадраттарынан тұратын тізбекті  жазыңдар.
Аналитикалық  тәсілі.      Мысалы:   ап =2п  формуласы арқылы тізбектің  кез  келген  мүшесін анықтауға болады.
Рекуренттік  тәсілі.    Мысалы:   ап+1 = 4ап – 1  және        а1 =1. Тізбектің бесінші  мүшесін табу  керек.
Графиктік  тәсілі.  
Сандар тізбегінің  түрлері:
Шекті тізбек.   Мысалы:   10;20;30;40;50;60;70;80;90.
Шексіз  тізбек.   Мысалы: 1;2;3;…..;п;…  
Өспелі тізбек. 
 Кемімелі тізбек.
 Тұрақты тізбек.  Мысалы:   2;2;2;2,…..
Оқулықпен  жұмыс.     А тобы. № 148;149;150 есептер. 
                                                 В тобы. № 154;155 есептер.
Үйге  тапсырма беру. .     А тобы. № 151  есеп. 
                                                 В тобы. № 156 есеп.
 Бағалау, қорытындылау.
           Қызылорда  облысы,  Қазалы  ауданы , Қазалы  қвлвсы.
         Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің  математика пәнінің мұғалімі Өтеулі Ұлдай
Пән: алгебра.                        Сынып: 9 
        Сабақтың тақырыбы:  Тригонометриялық функциялардың қос және жарты бұрыштарының формулалары.
Сабақтың мақсаты:
1.Білім берушілік: Тригонометриялық функциялардың қос және жарты бұрыштарының формулалары.
2.Дамытушылық: Тригонометриялық функцияларды тепе-тең түрлендіру кезінде қолдану.
3.Тәрбиелік:  Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа  сабақ
Сабақтың  көрнекілігі: кестелар, интерактивтік  тақта ,  слайд  презен- тация ,  деңгейлік  тапсырмалар. 
Сабақтың барысы:
           І .Ұйымдастыру кезеңі:
а)  Сәлемдесу             
ә)  Оқушылар тізімін тексеру        
б)  Сабақтың мақсатын нұсқау
     ІІ.  Өткен тақырыпты қайталау:
- Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
- Келтіру формулалары
- Қосу формулалары
        ІІІ. Жаңа сабақ
                 
                            
                     
                        
                           
   ІV .Дамыту кезеңі. Өрнектің мәнін табыңдар:
, егер                      , егер 
Ықшамда:
,      ,      ,       tg – sin – tg  sin      
,          2cos 20°cos 40°–cos 20°
     
 Есептер шығару:
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №364, №365, №366
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №367, №368
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үйге тапсырма: § 23         №369 - №371 
Бағалау
 
           Қызылорда  облысы,  Қазалы  ауданы , Қазалы  қвлвсы.
         Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің  математика пәнінің мұғалімі Өтеулі Ұлдай
Пәні:   математика .       Сынып 6
Сабақтың тақырыбы:                Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу  тақырыбы бойынша алған білімдерін  жинақтау, есептер шығару.
2.Тәрбиелік: экономикалық сауаттылыққа, үнемшілдікке, жинақылыққа, жаңа қоғамға сәйкес тәрбиелеу
3.Дамытушылық: шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға,  өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма
Сабақтың көрнекілігі: топтарға берілетін тапсырмалар, жетондар, интербелсенді тақта
Сабақтың жүрісі:  І.Ұйымдастыру.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді І топ «Халықтық Банк»
                                                                  ІІ топ «Альянс Банк»
                                                                  ІІІ топ «АТФ Банк»
Әр топтың бастапқы капиталы 5000 теңге.
ІІ. «Біліміңді сынап көр»-акциялар сату, құны – 1000 теңге
                        (Өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары)
1.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу анықтамасы
2.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі
3.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің 1 қасиеті
4.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудегі а,в,с нені білдіреді
5.ах+ву=с теңдеуіндегі х пен у қалай аталады
6.Мына мәндер жұбының қайсысы 2х+у=8 теңдеуінің шешімі болады (2;4),(3;-2),(-1;-6)
ІІІ. «Білімді мыңды жығады» - тұтынушылар  тарту
                                               Деңгейлік тапсырма
«Халықтық Банк»
         1000 теңге: х+у=5 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы өрнектеп, теңдеудің кез-келген шешімін тап.
         3000 теңге: Сәкеннің 50 теңгелік және 100 теңгелік монеталардан 400 теңге ақшасы бар. Сәкеннің неше 50 теңгелік, неше 100 теңгелік монетасы бар?  
         5000 теңге: ах+3у=6 теңдеуінен х=-3; у=4 болғандағы а ның мәнін табыңдар
«Альянс Банк»
 теңге: х-у=10 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы өрнектеп, 
     теңдеудің кез-келген шешімін табыңдар.
               3000 теңге: 7-ге еселік және 13-ке еселік екі санның қосындысы 61-  
     ге тең. 7-ге еселік санды табыңдар
              5000 теңге:  ах-2у=11 теңдеуінен х=3; у=-1 болғандағы а ның мәнін
     табыңдар
«АТФ Банк»
  теңге:  х+у=-20 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы 
    өрнектеп      теңдеудің кез-келген шешімін табыңдар
теңге: Жанар 7 теңгеден қарындаш, 10 теңгеден дәптер сатып 
     алып барлығы 111теңге ақша төледі. Жанар неше қарындаш, неше дәптер 
     сатып алды.
                5000 теңге: 3х-ву=7 теңдеуінен х=3; у=2 болғандағы в ның мәнін 
     табыңдар.
ІV. «Өнерді үйрен де жирен»
                                  Әрбір банк мүшесіміз
                                  Игі істе біз біргеміз - тәжірибе алмасу, топтық жұмыс
 «Қарлы кесек» ойынының 2 нұсқасы (есептің жауабы бойынша өз жұмыстарын тексеріп, бір-біріне түсіндіреді)
І нұсқа тапсырмалары.
1.   7х+2у=14 теңдеуінің шешімі (1; 3) сандар жұбы бола ма?
2.   Сызықтық теңдеулерді көрсет:
       А) 2х+5=у                    Ә) х+3=                        Б) 2+х+у=0
3.    Сызықтық теңдеудегі а,в,с сандары коэффициент деп аталады.
4.    у-ті х арқылы өрнекте       3х+2у=5
5.    8х-2у=16 теңдеуіндегі х=1 болса, у неге тең болады?
 ІІ нұсқа тапсырмалары. 
1.   2х+7у=20 теңдеуінің шешімі (3; 2) сандар жұбы бола ма?
2.   Сызықтық теңдеулерді көрсет
      А) х+у =                   Ә) 2х+= 5                       Б)  3х = 5-у
3.   Сызықтық теңдеудегі х-абсцисса , у- ордината деп аталады.
4.    у-ті х арқылы өрнекте 2,5х+у = 4 
5.   3х+5у = 25 теңдеуіндегі у = 2 болса, х неге тең болады? 
ІІІ нұсқа тапсырмалары.
1)  5х+4у = 15 теңдеуінің шешімі (3; 0) сандар жұбы бола ма?
2)  Сызықтық теңдеулерді көрсет
     А) 5х+у = 3                 Ә) 2ху+3у = 18                     Б)  5х= 6-28у
3) Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге кез-келген санға көбейтуге және 
     бөлуге болады.
4)  у-ті х арқылы өрнекте 5х+у = 10
5)  6х+5у = 30 теңдеуіндегі х= 5 болса у неге тең болады?               
V.  «Ел ертеңі білімді ұрпақ» - жарнама (әр топ өз банктерін жарнамалап, белгілі бір тақырыпқа ой толғап, таныстырады)
VІ. Бағалап, бекіту (бағалау оқушылардың жинаған қорларына байланысты қойылады)
VІІ. Үйге тапсырма §46. №1446, №1447,  №1448
VІІІ.Жекелеген оқушыларға берілетін қосымша тапсырма:
 Оқушы 11 дәптер сатып алатын болса, онда оның 5 тиыны қалады. Егер 15 дәптер сатып алу керек болса 7 тиын жетпейді. Сонда оқушыда қанша тиын бар?