О? ж?не теріс сандар. Координаталы? т?зу та?ырыбына ашы? саба?
Пән: математика
Сынып: 6
Мерзімі: 14.10.16
Сабақтың тақырыбы: Оң және теріс сандар. Координаталық түзу
Мақсаты:
Білімділік: Сабақ барысында оң сандар мен теріс сандар ережелерін пайдаланып шамалардың өзгерістерін оң сандармен және теріс сандармен жазу және координаталық сәуледе сандарды белгілеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру; теориялық білімін практикада қолдана білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: - Оң және теріс сандарды бір –бірінен ажырата біледі;
- Кейбір шамалардың сан мәндерінің оң санмен немесе теріс санмен жазуды үйренеді;
- Координаталық сәуледе оң және теріс сандарды белгілеуді біледі;
- Координаталық түзу, сан түзуі, координаталық ось, сан осі ұғымдары бір мағынаны беретінін біледі.
- Күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады.
- Оң сандар мен теріс сандарды өлшеу, есептеу жұмыстарында пайдалана алады.
- Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.
Сабақ түрі: практикалық
Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбер, сергіту сәті
Сабақ көрнекілігі: сұрақтар, смайликтер, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі Жұмыс түрі, әдістері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін шаттық шеңберге тұрғызып, «Сәлемдесу» тренингін ұйымдастырамын. Сәлемдесу тренинг
Салем достым! (амандасады)
Сен қалайсың?(иықтарынан қағады)
Қайда болдың?(құлақтарынан тартады)
Мен сені сағындым!(қолдарын жүректеріне қояды)
Сен келдің (қолдарын жаяды)
Жақсы болды (құшақтайды) Оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызады Оқушылар тренинг арқылы көңіл-күйі көтеріліп, сыныпта жағымды атмосфера орнайды
Үй тапсырмасын тексеру
Миға шабуыл
1.Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды? (нөл).
2.Сан мәнінің алдына «+» таңбасы қай кезде қойылады?
(Шаманың тура мағынасының сан мәнінің алдына «+» таңбасы қойылады. Мысалы: ұтыс ұпайы).
3.Сан мәнінің алдына «-» таңбасы қай кезде қойылады?
(Шаманың қарама – қарсы мағынасының сан мәнінің алдына «-» таңбасы қойылады. Мысалы: температураның төмендеуі).
4.Кез келген теріс сан оң саннан қандай? (кіші).
5.Координаталық түзу дегеніміз не?( Координаталық түзу – дегеніміз санақ басы О нүктесі болатын және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу )
6.Бірлік кесінді дегеніміз не? ()
7.Нүктенің координатасы? ()
Координата – координата — coordination
Түзу – прямая — straight Оқушыларға доп лақтыру арқылы сұрақтар қою Оқушылар сұраққа жауап береді
Кестемен жұмыс
Ойлан-жұптас-бөліс» Қала атауларыжылысуық
Астана
Қостанай
Шымкент
Алматы
Петропавл
30 м биіктік25 градус суық 25000 тг шығын 3 ұпай ұтылыс 15000 тг кіріс……. Шаруашылық пайдасы 35000 тг— 30000 Кәсіпкердің …. 30000 тг+30°С 26 тамызда күндіз….. болды……. Ойпат теңіз деңгейінен 13 м төмен орналасқан
1 оқушыға: 2016 жыл 14 қазан күні Қазақстан қалаларының ауа –райы;
2 оқушыға: шамаларды мағынасына қарай оң немесе теріс санмен жазу;
3 оқушыға: бос орындарға оң немесе теріс сандарды жазыңдар және тиісті сөздерді қойып жазу тапсырылады. Оқушылар А4 қағазға сызылған кесте толтыру
Оқулықпен жұмыс №295; 296; 309; 313 Дәптерге орындау
Сергіту сәті Көрсетілген қимылдарды қайталап билеу. (Видеоролик көрсетіледі.) Оқушылармен бірге сергіту сәтін орындаймын Сергиді
Сәйкестендіру
(интерб. тақта)
1-3
2-8
3-10
4-2
5-1
6-4
7-6
8-9
9-5
10-7
1. Тура бағытты білдіретін сандар
2. Кіріс 120000тг;
3. 16 градус суық;
4. Бәйтеректің биіктігі 97м;
5. 16 градус ылы;
6. Шығын 120000тг;
7. Қарама-қарсы бағытты білдіретін сандар
8.7 ұпай ұтыс
9. Су асты қайығы 97м тереңдікте жүзіп жүр;
10. Олар ойынды 7ұпай
ұтылыспен аяқтады 1.16
2. 97
3.оң сандар4.-120000
5.-97
6.теріс сандар7.-7
8.120000
9.7
10.-16 Оқушылар сәйкестендіру тесті бойынша дәптерлеріне жауап береді, бірін-бірі тексереді
«Білгенге маржан» 1.Назерке, Меруерт, Әлихан, Жандос және Бауыржан бір – бірімен қол алысып сәлемдесті. Олар неше рет қол алысып сәлемдесті? (10 рет)
2. Математикалық амалдарды пайдалану” ойыны
КО+ОР+ДОР —ОР+ИНАС-С+ТА+ЛЫП—П+Қ = КООРДИНАТАЛЫҚ
ТҮС – С+ЗП — П+У= ТҮЗУ логикалық есеп шығару
Рефлексия Оқушының аты-жөні:
1.Мен бүгінгі сабақта білдім:_________
2.Мен бүгінгі сабақтан түсіндім:______
3. Мен үшін қызықты болды:_________
4. Мен үшін қиын болды:____________ Қима қағаздарды таратамын Оқушылар сөйлемдерді аяқтайды
Үй тапсырмасы №297; 301; 310; 314 Бағалау Қорытынды баға Өзін-өзі бағалау
Оқушының аты-жөні:
№ Жұмыстың түрі 3 4 5
1 Үй тапсырмасы 2 Кестемен жұмыс 3 Оқулықпен жұмыс 4 Сәйкестендіру Оқушының аты-жөні:
1.Мен бүгінгі сабақта білдім:___________________________________________________________
2.Мен бүгінгі сабақтан түсіндім:________________________________________________________
3. Мен үшін қызықты болды:___________________________________________________________
4. Мен үшін қиын болды:_____________________________________________________________________