Бір ?атар саптан екі ?атар сап т?зеу ашы? саба?
«Манашы орта мектебі» ММ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Бір қатар саптан екі қатар сап түзеу
Сыныбы: 4 «В»
Өтетін орны: Спорт зал
Дайындаған: Нугманова Қ.
2015 – 2016 оқу жылы
Күні: 26.11.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Бір қатардан (саптан) екі қатар сап түзеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыны ептілікке, шапшаңдыққа үйрету. Спортқа баулу, ынтасын арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына, дене бұлшық еттерінің шынығуына ықпал жасау. Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кедергілер, ысқырық, секіргіш, доп.
№ Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқау
І Кіріспе бөлімі:
Сапқа тұру, рет – ретімен саналу, рапорт беру. Амандасу, сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатын түсіндіру.
Бір орындағы саптық жаттығулар – Оңға, солға бұрылу, кері айнал жаттығуларын орындау. 3 мин Сапқа тұрғызу.
Оқушының сабаққа даярлығын тексеру
Санауды нақты орындау.
ІІ Дайындық бөлімі:
Саптық жалпы дамыту жаттығулары.
Жүгіру.
Аяқтың ұшымен жүгіру
Қол белде – табанмен жүгіру
Қалыпты жүгіру.
Дем алу жаттығулары
Жалпы дамыту жаттығулары.
Мойын жаттығулары – Басты оңға, солға айналдыру.
Иық жаттығулары – қолды иыққа қойып айналдыру.
Қолға арналған жаттығулар – Білек айналдыру, шынтақта айналдыра, оң – сол қолды жоғары керіле орындау.
Бел жаттығулары – басты оңға, солға айналдыру.
Аяққа арналған жаттығулар – тізе айналдыру, оң – сол аяқта секіру. Бір орында секіру. 15 мин Саптық жаттығуларды қадағалау
Қолды жоғары көтеру
Қалыпты орындау
Екпінмен жылдам жүгіру
Терең тыныстау
Басты жоғары ұстау.
Көзді ашық күйде орындау
Қолды иыққа толық жеткізіп ұстау
Денені тік ұстап орындау
Тізені бүкпеу
ІІІ Негізгі бөлім:
Бір қатардан (саптан) екі қатар (сап) түзеу. Бір қатардан екі қатар түзеу былайша орындалады. Алдымен бір қатарда тұрған оқушыларға (бірінші – екінші нөмір бойынша санаңдар!) деген бұйыру беріледі. Осыдан кейін (екінші қатар түзіңдер!) деп бұйыру беріп, әрі арай (бір ) дегенде , екінші нөмірлі оқушы сол аяғын бір қадам артқа аттап, (екі) дегенде оң аяғын бірінші нөмірлі оқушының артына қояды; (үш) дегенде сол аяғын оң аяғының жанына әкеледі.
Бір саптан екі сап түзеу былайша орындалады. Жоғарыдағы екі бұйыруды бергеннен кейін, (бір ) дегенде, екінші нөмірлі оқушы оң аяғын бірінші нөмірлі оқушының оң жағына қояды; екі дегенде сол аяғын оң аяғының жанына әкеледі. Бір қатардан екі қатар түзеудің осы екі тәсілін де керісінде орындаса, екі қатардан бір қатар түзіледі. 25 мин Жай ғана лақтырып беру
Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтау
Допты дұрыс алып жүру
Жеңімпаздарды атап өту
IV Қорытынды бөлім. 2 мин Сапқа тұру, сабақ барысын қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру. Қорытындылау. Үздік топты , ерекше көзге түскен оқушыларды марапаттау