?рнек т?рлері


Сабақтың тақырыбы : Өрнек түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ою – өрнек түрлерімен таныстыру. Ою – өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін ұштау.
Тәрбиелік : Эстетикалық тәрбие беру, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық : Оқушылардың есте сақтау, жылдамдық, шапшаңдық, көрегендік қасиеттерін дамыту.
Құрал – жабдық, көрнекіліктер: Ою – өрнек түрлері, сурет дәптер, түрлі – түсті қарындаштар.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап,практикалық жұмыс.
Сабақтың барысы :
І . Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, сыныптың сабаққа қатысын тексеру, балалардың назарын сабаққа аудару .
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақты қайталау
Сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлерін білесіңдер?
Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
Сәндік қолданбалы өнерде қандай материалдар қолданылады.
Жаңа сабақ.
Ою – өрнек қайталанатын ритмикалық элементтерден тұратын нақыш. Ою – өрнек сәндік қолданбалы өнерде ыдыс, жиhаз, кілем, киімдерді әшекейлеуде сондай – ақ сәулет өнерінде кеңінен қолданылады.Нүкте, сызық, ирек түріндегі қарапайым өрнектер ерте кезде пайда болған. Қазақтың ұлттық ою – өрнек түрлерінің алғашқы үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінен зерделенген. Шетелдік Куррер, кеңестік С. В. Иванов, В.В.С тасов, Ф. К. Волков, С. А. Давыдов т.б және қазақ ғалымдары Ә. Марғұланның, Т. Бәсеновтың,, Е. Масановтың, М. Мұқановтың т.б зерттеу материалдарын айтсақ та жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою – өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді. Аталмыш зертеулердің көпшілігі әсіресе Шығыс халықтарының ою –өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық денелерге ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға зерттеген. Мысалы геометриялық денелерге ұқсас сынық сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар ( үшбұрыш, төртбұрыш) т.б қайдан шықты дей келіп,біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе,кейбіреулері жан – жануарлардың ішкі – тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінне шықса керек десті.Тағы біреулері өсімдіктердің әртүрлі көріністерінен мысалы сынып жатқан ши, ағаш бұтақтарының, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен шықса керек десті. Ал енді біреулері геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты олардың ой –қиялынан туған дейді.Демек ою –өрнектердің шығу тарихы, олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Ұлттық ою –өрнек түрлері.
Қазақтың ою –өрнегі шығу тегіне қарай екі топқа бөлінеді.
Біріншісі - қазақ халқының өзіне тән, ертеден келе жатқан ұлттық оюлар.
Екіншісі – болса басқа халықтардан ауысқан жаңа, интернационалдық ою – өрнектер.
Қазақ ою – өрнегі дамып, өзгеріске ұшырады, жетілді.Қазір оның 200- ден астам түрлері мен атаулары бар. Өрнек атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға бөлуге болады.
Космоногиялық ай, күн, жұлдыздарға – көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі», «ай - гүл», «ай таңба», «түнгі ай», «үркер» секілді жұлдыздар жатады.
Зооморфты малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер.Бұл ою негізін «қошқар мүйіз» өрнегі құрайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе мойын », «қошқар мүйіз», «қос мүйіз», «арқар мүйіз», «сынық мүйіз», «қырық мүйіз», «көбелек», «құс қанаты», «қаз аяқ», «қаз мойын», «құс мойын», «құс тұмсық » т.б.
Өсімдік бейнелі өрнектер. «Арпа бас », «үш, бес, алты,сегіз, он екі жапырақты гүлдер», «гүл», «жетігүл», «жауқазын», «жапырақ», «шытырман» т.б.
Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер. «шаршы», «ромбы», «төрт бұрыш», «үшбұрыш», «омыртқа», «ирек», «тарақ», «қаңқа», «қос дөңгелек» т.б.
Қару – жарақтар мен тұрыстық керек – жарақтарға байланысты туған өрнектер. «Балта», «түйме», «ожау», «қос тұмарша», «балдақ», «сыңар өкше » т.б.
Оқушыларды төрт топқа бөлу.
І топ

Космоногиялық




Зооморфты

ІІ топ

Өсімдік бейнелі
ІІІ топ


Геометриялық ою - өрнектер

ІV топ
Практикалық жұмыс. Тақтаға ою – өрнектерді іліп қоямын. Оқушыларға космоногиялық, зооморфтық, өсімдік бейнелі , геометриялық ою -өрнектерден әр қайсысынан өздеріне ұнаған екі ою –өрнектен салу.
Ойлан тап. Ребус шешу.

Ою –өрнек
Сабақты қорытындылау .
Ою – өрнектерді зерттеген ғалымдарды атап беріңдер?
Өрнектердің қанша түрі бар және атаулары қандай?
Ою – өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады.
Бағалау . Оқушылардың жұмыстарын салыстырып бағалау.
Үйге тапсырма. Үй тапсырмасына өздеріне ұнаған өрнек түрлерін салып келу.