Математика 1 сынып «?ріпті ж?не санды ?рнек. ?айталау.»
Математика 1 сынып
Тақырыбы: Әріпті және санды өрнек. Қайталау.
Мақсаты:
Оқушылардың әріпті және санды өрнек туралы алған білімдерін тиянақтау, есепті өз беттерімен шығаруға машықтандыру;
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Құстарға қамқор болуға, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу;
Көрнекіліктер:
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын тексеру.
Компоненттерді ата
10 санының құрамы
Жаңа сабақ
Жылдың қай мезгілі?
Көктемнің ерекшелігі
Олай болса бүгінгі сабаққа жыл құстары сендерге арнап тапсырмалар әкеліпті.
Орындайсыз ба?
Қазақстанда 600-ге жуық құстар бар.
1-тапсырма: «Ұзақ» Ұзақтың келгені көктемнің белгісі
Азайтқышы 8 болатын айырма жаз, мәнін тап.
10-8=
9-8=
8-8=
2-тапсырма: - менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, жұрттың бәрі ағайыным «көп болып көмектесіп, ұя салып берер» - деп келіспейді.
Қай ертегі?
Бұл ертегіден көкекті қандай құс деп сипаттаған?
Көкек туралы айту.
а – 8а=8,9,10 а=7 болуы мүмкін бе?
а – 8 қандай өрнек?
3-тапсырма: Жұмбақ жасыру.
Тұмсығын балға етіп,
Тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)
Оқулықпен жұмыс: Қыз – 2
Ұл – 8
Барлығы: ?2+8=10
Сергіту сәті.
«Ұшты-ұшты» ойыны
4-тапсырма. «Қарлығаш»
Мына құс туралы не білесіңдер?
Қарлығаш туралы қандай ертегі білесіңдер?
Аңыз айту. «Төле бидің жұртта қалуы»
«Қызықты шаршылар» 9,6
Қорытындылау
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақ несімен ұнады?
Сендерге қай тапсырма ең қызықты болды?
Үйге тапсырма.
152 бет №4 есеп, логикалық тапсырма (жасыл қоршау)
Бағалау.