Жа?а ба?дарламаны? жеті модулін ы?палдастыра о?ыту



Айгерім Құрақбаева Батырбекқызы
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы
Тереңөзек қыстағы, Ә. Тәжібаев атындағы
№36 мектеп – лицейінің бастауыш сынып
мұғалімі екінші категориялы мұғалім
aiqera_b@mail.ru
«Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз».
Л.Н.Толстой
Жаңа бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра оқыту
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады», – деген екен К. Д. Ушинский. Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясатына байланысты қоғамымыздың барлық салаларына түбегейлі өзгерістер енгізіліп, жаңа талаптар қойылуда. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатында білім мазмұнына да жаңаша қарау басты міндеттердің бірі болып саналады. Қазіргі таңда білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Оқу - білім бағдары, заманының бағбаны демекші, сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш екендігі баршамызға мәлім. Олай болса, бүгінгі мектеп партасында отырып білім алып жатқан оқушылар – ертеңгі күні ел тағдырын шешетін азаматтар. Оларды сапалы біліммен қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті.
Міне, біз танысып отырған «Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылып өткен ұстанымдарға негізделген. Яғни, мұнда бала - өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы болып табылады. Жеті модуль арқылы іске асатын бұл тәсіл басқа технологиялардан ерекшеленеді.
Бағдарлама бойынша біз жеті модульдік негізімен танысып, оларды өз тәжірибемізде қолдануды мақсат еттік. Олар:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Бұл жеті модульді өз тәжірибемде қалай пайдалансам болады? Екінші модульдің, яғни оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің элементтерін жаңа бағдарламаны игергенге дейін өз сабақтарымда пайдаланып жүргенмін. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» атты модульдің диалогтік әдісі де қолданыста болды. Мерсер мен Литлтон (2007) өздерінің еңбектерінде «Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығымен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады» - деп жазған. Ал, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану жылдан – жылға даму үстінде. Қазіргі заман талабына сай сабақта интербелсенді тақтаны қолданып, оның мүмкіндігі шексіз екенін ұғынып, игеру әр ұстаздың басты міндеті саналады. Оқытуда Бағдарламаның теориялық негіздерін басшылыққа алып, берілген модульдерді терең игеріп, оқыту жүйемізге енгізу басты мақсат болып отыр. «Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді. Сындарлы оқытудың басты мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету» (МАН, 6 – бет). Бұл бағдарламаның міндеттерін игере отырып, өзіміздің тәжірибемізді жетілдіріп, бағалау үрдісін бір жүйеге келтіретін боламыз.
Кембридж университеті білім беру факультеті мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының үшінші (негізгі ) деңгейін игеру барысында модульдерді толық түсініп, тәжірибемізде қалай қолдана алатынымызды үйрендік. Сабағымда бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыру туралы тәжірибеммен бөлісе кетсем, жұмысымда Блум таксономиясын негізге ала отырып қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрдым.
Сабақтың тақырыбы: Алтын балта
Сабақтың мақсаты: Алтын балта туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері: Балтаның атқаратын қызметін түсіну, түрлерін ажырата білу.
Сабақтың жалпы мақсаты: Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау, топтық жұмысқа жұмылдыру. Оқушылар ертегіден бай мен кедей арасындағы әңгімені оқып, мазмұнын өздері аша алады. Өзін – өзі бағалауға және өзара бағалауға ынталандыру. Көре алмаушылық, дүниеқорлық сияқты жаман қасиеттерден сақтандыру.
Жоспарланып отырған іс – әрекет: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру, «Пазлдар» арқылы топтарға бөлу, «Аукцион», «Ыстық орындық» әдістері, топтық жұмыс, постермен жұмыс, оқулықпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, топ басшысының бағалау парағы, кері байланыс «бағалау терезесі».
Сабақ басында сыныптағы оқушылар арасында жайлы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылар бір – біріне ілтипат білдіріп, жағымды сөздер айтты. Сабақ кезінде оқушы мен ұстаз арасындағы сыйластық қарым – қатынасты орнатуда маңызды. Сыныптағы оқушыларға жылы сөйлесек, оларды өзімізге тартамыз. Сондықтан «Сіз білесіз! Сіздің қолыңыздан келеді! Мен сізге сенемін!» – деп әр оқушыға сенім артып тұрсақ, олардың білімге деген құштарлықтары артатынына көзім жетті.
Топқа бөлу. Мерсердің (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым – қатынас оқуда маңызды рөл атқарады деген тұжырымын негізге ала отырып, сабақта оқушыларды топтастыру барысында, әр түрлі балта құралдарының суреттері бейнеленген қағаздарды топ құрамындағы оқушылардың саны бойынша қиып, оларды араластырып, партаның үстіне теріс қаратып қойдым, оқушылар қиындылардан балта түрлерінің суреттерін құрастырып, сол бойынша топ құрды. Топ атаулары: «Алтын балта», «Күміс балта» және «Қара балта». Топ мүшелері өздеріне топ басшыларын сайлап алды.
Үй тапсырмасы. Жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын екі әдісті пайдалану арқылы өткіздім. Үйге берілген тапсырма: «Ажалдан құтқарған асыл сөз» ертегісіне сурет салып келу және сол суреттеріне қарап ертегінің мазмұнын түсіндіріп беру. Оқушылар салған суреттерінен көрме көретіп және үздігін таңдап «Аукцион» – ға салды. Бұл суреттерді оқушылар қағаздан дайындалып жасалған 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңгелік ақшалармен бағалады. Әр топтағы жақсы бейнеленген суретімен 5000 теңгеге бағаланған оқушылар «Ыстық орындық» әдісімен ертегіден түсінгендерін өз сөздерімен мағынасын толық аша алды. Ыстық орындыққа отырған оқушыға басқа оқушылар өтілген материалдар бойынша сұрақтар қойды, ал оқушы жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қоюшы өзі жауап бере алу мүмкіндігіне ие болды. Топ басшылары бағалау парағы арқылы өз тобындағы оқушыларды әр тапсырма үстінде бағалап отырды. Бұл жерде мен Бағдарламаның «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» және «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін пайдаландым.

Үй тапсырмасынан көріністер
Сабақ кезеңдерін оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға баули отырып, бағдарламаның басқа да модульдерін бір – бірімен ықпалдастыра отырып өткізуге тырыстым.
Жаңа сабақ. Ой шақыру. Жаңа сабағымды ашу үшін мен оқушылардың ойын жұмбақ беру арқылы ой шақыру әдісін пайдаландым.
Жұмбақ.
Тоғайға барса, ауылға қараған,
Ауылға қайтса, тоғайға қараған. (Балта)
Қызығушылықты ояту. Білу.

Балтаның суреті берілген. Оқушылар «Ассоциация» әдісін пайдаланып, оқушылар балта жайлы білетінін жазды. Бұл жерде мен оқушылардың жауаптарына қарап Блум таксономиясының бірінші сатысы бойынша білетіндерін байқадым. Оқушыларым бастауыш сынып оқушысы болғандықтан АКТ – ны жақсы пайдалана алмайтындықтан аздаған қиындықтар болды. Болашақта бұл кемшіліктерімді жою мақсатында көптеген жұмыстар жүргізу керек екенін байқадым.
1 – тапсырма. Түсіну.
Мәтінді бөліктерге бөліп, оқытып, талдау. Әр топта топ басшылары оқушыларды ертегіні рөлдерге бөліп беріп, талқылауға әрекет жасады. Топ басшыларының өз тобындағы оқушыларды рөлдерге бөліп отырғанынан, топта талқылау жүргізу барысында көшбасшылық жасап отырғанына көзім жетті. Үш топтан да жүйелі, мағыналы ойлар туды. Оның ішінде екінші топтың постерге салған суретінің идеясы жақсы болды. Бұл жерде кейбір оқушылар тек тыңдаушы, постерді әрлеуші болды. Бірқатар балалардың ортамен тіл табысып, байланысқа түсе бастағанын, ашылып өз ойын ашық айта бастағанын байқадым. Диалогтің топпен жұмыс кезіндегі пайдасының зор екенін аңғардым. Осы тапсырма арқылы мен оқушыларымды сыни тұрғыдан ойлантып, тың идея тудыра алдым деп ойлаймын.
2 – тапсырма. Бұл жерде барлық оқушыларға жеке жұмыс ретінде шығармашылық, дейгейлік тапсырма берілді. Шарты: берілген үш деңгейдің бала қайсысын орындай алса, сол тапсырманы орындайды. Бірінші деңгейде оқулық бойынша мәтіннен «Балта» сөзіне сөйлем құрастыру, екінші деңгейде «Балта не үшін қажет?» деген тақырыпта шағын эссе жазу. Үшінші деңгейлі тапсырмада «Алтын балта» тақырыбына өлең шумағын шығару болатын. Бұл тапсырмаларды оқушылар сыни тұрғыдан ойлана, диалогқа түсе отырып орындап шықты. Ал сабақ барысында деңгейлік тапсырмалар бере отырып, дарындылықты, көшбасшылықты анықтауға болатынына көз жеткіздім. Сабақ барысында тапсырмаларды орындау кезінде белгілі болып отырады екен.
Сергіту сәттерін жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алдым. Сергіту сәтін сабақтарда үнемі қолданып отыру, олардың сабаққа деген ынтасын күшейтеді, шаршағандарын басады. Сабақтың өн бойында мұғалім көшбасшысы болатыны белгілі, сергіту сәтінде де көшбасшы екендігімді көрсете білдім.
3 – тапсырма. Қолдану. Жұппен жұмыс.
Адам бойындағы қасиеттерді танып білу. Ертегідегі жағымсыз кейіпкерді негізге ала отырып өз жұбының бойындағы жағымсыз бір қасиетін «Түйнек» сызбасына түсірді.
4 – тапсырма. Талдау.
1 – топ. Кесте толтыру.
Ертегі кейіпкерлері
Балтаның қожайыны Балта кімнің қолына тиді?
Балтаны алуға жәрдемдескен кім?
Балта
Сыйға тартқан
Не үшін?
Алтын Күміс Қара Алтын Қара Ақкөңіл Дүниеқоңыз
Кедей Диірмен шал Бай 2 – топ. Бес жолды өлең.
• Не? Балта• Қандай? Алтын, күміс, темір.• Не істеді? Алды, түсірді, берді. • Сөйлем. Алтын балтаның иесі – кедей. • Мағыналас сөз. Құрал
3 – топ. Күн сәулесін ертегі кейіпкерлерімен беру. Күннің әрбір сәулесін қандай бояумен бояр едіңдер? Неліктен?
Жинақтау.
Бағалау.
Оқушылар алдымен өздерін формативті бағалаудың ынталандыру түрінде смайликтермен бағалады. Әр топтан топ басшылары бағалау парағы бойынша өзінің тобындағы оқушыларды критерийлер бойынша бағалай алды.
Үйге тапсырма:
«Алтын балта» ертегісін мазмұндау.
Ертегіні әрі қалай жалғастырар едің ......
Рефлексия.
Сабақ қорытындысында рефлексия кезеңінде стикерге бүгінгі сабақтан нені үйреніп, одан не ұнағанын немесе ұнамағанын, нені үйренгісі келетіндерін жазып ілді.
Оқушыға сапалы білім беруде мұғалімнің рөлі зор екендігі белгілі. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолданып, бір сарынды сабақтар өткізе беруден құтылғанда ғана мәселелер шешілері сөзсіз.
Болашақта осы бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, сабақтарымды түрлендіре өткізіп, оқушылардың білім деңгейлерін көтерсем деген алдыма мақсат қойып отырмын. Алдағы уақытта ұзақ мерзімді жоспар, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар жасау дағдымды да жетілдіремін. Бастауыш сынып оқушыларына уақытты тиімді пайдалануға дағдыландырып, диалог негізінде оқыту, өз ойларын еркін білдіре алатын, сыни тұрғыдан ойланатын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін де дамыту алдағы мақсаттарымның бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімдері:
Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей 2012 ж
«Әдебиеттік оқу» 3– сынып, «Атамұра» баспасы 2012 ж
Таратпа материалдары.
Интернет материалдары.