?сімдіктерді? сырт?ы орта жа?дайларына бейімділігі. Ыл?ал с?йгіш ж?не су ?сімдіктері. ???а?шылы??а т?зімді ?сімдіктер 3 сынып


Тақырыбы: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі. Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Мақсаты: оқушыларға құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер туралы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару
ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. ІІІ .Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Сурет бойынша жұмыс.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер: Сексеуіл, жантақ, сүттіген
Ауасы мен топырағында ылғал аз жерде өседі. Ондай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады. Жантақ тамырының ұзындығы 15-20 метрге дейін жетеді. Соншама тереңдіктен алған ылғалды үнемді пайдалануы қажет. Сондықтан жантақтың жапырағы ұсақ, әрі сирек, бұтақшалары тікенді келеді. Сүттеген өзінің қысқа, тарамдалған тамыры арқылы түнгі салқында топырақтың бетінде пайда болатын шықтан және сирек те болса жауған жаңбырдан ылғал сіңіріп алады. Осыдан қалын, етті жапырақтарында ылғалдың мол қоры жиналады.
2. Оқулық бойынша жұмыс: оқып, түсіндіру. 3. Сергіту сәті
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу: - Құрғақшылықта өсетін қандай өсімдіктерді білесіңдер? - Олардың ерекшеліктері неде? Құрғақшылықта өсетін өсімдіктердің тамыры қандай болады? Неліктен? 2. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 3.Дәптермен жұмыс:Сексеуіл, жантақ, сүттеген.
VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 118-120 бет оқу. 2. Бағалау