Урок на казахском языке Жабайы а?дар


Шаттық шеңбер:
-Балалар,бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?
-Ендеше,жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Жыл мезгілдерін атап шығыңдаршы?
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Кім атап шығады күз айларын?
-Бір аптада неше күн бар?
-Кәне, апта күндерін атап шығындаршы?
-Бүгін аптанын нешінші күні?
-Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :
Жабайы аңдардың тірішілігі.Жабайы аңдар қайда мекендейді.
-Орманда
-Онда біз орман туралы өлең шумақтарын айтып кетейік:
Орманда ,жап-жасыл орманда,
Орманды отаушы болмаңдар.
Орман мен отан жұп,бір ұғым,
Орман мен отанды қорғаңдар.
Балалар қимыл-қозғалыспен көрсетіп,қайталайды.
-Сондықтанда орманға от салуға болмайды ,егер орман жанып кетсе табиғат ластанады,аңдар мекендейтін жер болмайды.Орман мен отанды қорғандар.
(Әуен ойналады,хабарлама келеді)
-Балалар естідіңдер ме,бір дыбыс шыққан сияқты.Бұл не екен?
1 слайд:Хат.
Балалар бізге бейне хат келіпті.Кімнен келіпті екенің көрейікші .
Тәр:-Балалар бұл бейне хат тіл дамыту патшайымы Дарадан келіпті.
2 слайд:
Дара:-Сәлем балалар.
-Балалар тіл дамыту патшайымы сендермен амандасып жатыр.
-Сәлем
Дара:-Көңіл-күйлерін қалай?
Тәр:Балалар біздің көңіл-күйіміз қалай екен .
-Жақсы
Дара:-Мен жабайы аңдар туралы бейнефильм түсірдім ,осы бейнефильммен сендерді таныстырғым келеді.
3 слайд:-Жабайы аңдар дыбысымен.
Дара:- Жабайы аңдар елсіз далада болады. өз азығын өзі тауып жиді. Ол күннің суығында да, ыстығында да далада жүріп өмір сүреді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі көп. Олардың ішінде пайдалысы да, зияндысы да бар.
Қасқыр мен түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал.Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды.
Ал аюға келетін болсақ аюдың екі түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю- суда мекендейді. Суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю, тоғайда, орманда мекендейді. Жеміс-жидектерді теріп жейді.
Қоян- ең қорқақ аң. Қоян ағаштардың қуысында қыстайды. Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды.
Дара-Мен сендер мен көлеңкесін тап ойынын ойнағым келеді.
4 слайд аңдар көлеңкесін тап және төлін ата.
-Балалар жауабы.
-Балалар бұл жануарлар қандай ертегіде кездеседі.
-Осы ертегілердегі аңдардың мінез – құлықтары туралы сөзжұмбақтар кім құрастырады.
«Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймаймыз»
1.Ит сияқты пішіні,ұнатпайды кісіні.
2 .Өзі айлакер,өзі қу
Жүрген жері айқай да шу.
3 .Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
4 .Өзі қорқақ,өзі жасық
Безек қағып,дыбыстан қашады.
5 .Басы үлкен,мысық сияқты.
Сергіту сәті: Тіл ұстарту жаттығуы әуенмен.
ЯН –ЯН--ЯН-----ұзын құлақ қоян.
Ю-Ю-Ю----аңқау аю.
ҚЫР-ҚЫР-ҚЫР—көкжал қасқыр.
КІ-КІ-КІ---қу түлкі.
ТАН-ТАН-ТАН—бұл мықты арыстан.
Дара :-Балалар сиқырлы шеңбер арқылы аңдардың құйрығын,мекенің тап.
атты менің тапсырмамды орыңдандар.
(әр баланың алдына сиқырлы шеңбер беріледі. )
Сиқырлы піл ойының ойнату,балалар қолдарымен ұстап,сипап сезу арқылы не ұстап тұрғанын сипаттап және де бұл қай аңдардың қорегі екенін айтып береді .
Дара:-Балалар өте тамаша ,сендермен ойын ойнаған маған ұнады бірақ та маған әрі қарай жол жүру керек.Сау болыңдар.
5 слайд:-Дара қоштасады.
-Сау болыңыз.
-Аңдар айтысы (шаттық шеңберде тұрып)
«Аңдардың айтысы»
Кәрі еменннің түбіне
Бір-біріне үңіле
Айтысуға жиналды
Жан-жануар біріге.
Түлкі -Даиана:
Түлкімін,
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлаң-бұлаң, құйрығым
Текке өтпейді бір күнім.
Бәрін маған жетпейсің
Алдымнан кесе өтпейсің.
Менен басқа қуың жоқ
Күніңді көріп ептейсің.
С.Алихан:
Әй, түлкіжан, мақтанба
Сиқырланып ақталма
Күшіңді сенің көрейін
Қасекең келе жатқанда.
Елдар:
Қасқырбай сөйтіп, аттанды
Өз деміне апталды
Қорқып тұрған қоянды
Тап беруге шақ қалды.
Қасқыр-Бейбарыс:
Қорқынышты атағым
Қалың қопа жатағым
Қой қораға түсетін
Бар ғой аздап шатағым.
Аю-Х.Аружан:
Балпаң-балпаң, басамын
Алтын қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.
Кірпі-Қ.Аружан:
Мен кірпімін, кірпімін
Көрінбей тұр кірпігім
Балаларға ұнайды
Жүретінім түртіліп.
Қоян- Асылхан:
Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.
Жолбарыс -Арсен:
Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын
Ормандардағы аңдардың
Жайратып салар күштімін.
Арман:
Табиғаттың баласы
Болмас ағы, қарасы
Тындап тұрсақ бәрінің
Әңгімесі жарасты.
№18 балабақша
«Жабайы аңдардың қысқы тірішілігі.»
Даярлық «А» тобы
Өткізген :Н.Т.Жагипарова

2014ж