Саба?ты? та?ырыбы: А?ашты к?ркемдеп ??деу технологиясы. А?аш бетіне ою — ?рнек т?сіру.


Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы. Ағаш бетіне ою - өрнек түсіру.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту.Білімділігі: Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, тақтай бетіне өрнек түсіруді үйрену.Дамытушылығы: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы пышақпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.Тәрбиелілігі: Оқушыларды шеберлікке, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас.Сабақтың әдісі: Баяндау, сарамандық.Сабақтың көрнекілігі: Проектор, слайдтар, ағаштан жасалған бұйымдар, плакат, оқулық, ою - өрнек түрлері.Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, сызу, сурет.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Класқа кіру, оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.ІІ. Өткен материалдарды қайталау.А) Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?Ә) Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар.Б) Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды?В) Ою - өрнек түрлерін ата.Слайд арқылы ою - өрнек түрлерін көрсету.ІІІ. Жаңа сабақ.Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан - ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т. б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс - аяқтар жасаған.Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден - ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін - адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі - келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою - өрнектермен әрлеген.Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.Өрнек дегеніміз - кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары
5 - классСабақтың тақырыбы: Мата туралы жалпы түсінікСабақтың мақсаты:Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіру, жаңа сабақ материалдарын өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстар арқылы меңгерту, мата туралы түсінік беруТәрбиелік: оқушылардың көркемдік іс - әрекет дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық көз - қарастарын қалыптастыруДамытушылық: мектептегі еңбекке баулу және технология пәндеріндегі мата шығару және өңдеу сабақтары жайлы түсініктеме беру және оқытуда электрондық ақпараттық технологияларды пайдалану әдістерімен таныстыруСабақтың түрі: Жаңа білімді меңгертуСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, пікір алмасу,Көрнекілігі: интерактивті тақта, топтамаларСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару2. Үй жұмысы: Топырақтану туралы ұғымСөз төркінің тап:Топырақ ең негізгі қасиеті – құнарлылығыҚұм мен құмдақ – ұзақ жылдардың нәтижесінде пайда боладыҚарашірік – суды нашар өткізедіТопырақ – жер қыртысының үстіңгі қабатыСаздақ жер – суды неғұрлым көп өткізедіСуреттер сөйлейді. Оқушылар берілген сурет бойынша өз ойларын айтады.Өсімдіктерді қоректік заттармен, сумен ұдайы қамтамасыз етіп тұру топырақтың құнарлылығына байланысты. Табиғи құнарлылық адамның әрекетінсіз қоршаған ортаның әсерінен пайда болады. Тың топырақтың жарамды құнарлылығын егіншілікке пайдаланғаннан кейін біртіндеп жасандықұнарлылыққа айналады. Жасанды құнарлылық тек адамның ұдайы өндіріс әрекеті арқылы жасалады. Егінге неғұрлым тұрақты әрі мол өнім алу үшін түрлі тыңайтқыштар беру арқылы топырақ құнарлылығын арттырамыз.Топырақтың құрлысы:Қатты бөлшектерден, ылғал мен ауадан құралады.Топырақтың құрамыОрганикалық заттар мен қарашірік боладыТопырақтың қасиетіАуа өткізгіштік және су өткізгіштікРебус шешу.........Мата өнеркәсіпте киім – кешек тігу, төсек орын жабдықтарын тігу кезінде кеңінен қолданыладыМата белгіленуіне қарайТұрмыстық, техникалық арнайыМата жасауМата шығару үшін негізгі шикізат талшық.Талшық - майда, жіңішке затТалшықтың түрлеріТабиғи талшық.Өсімдіктен жасалған зығыр мақтаЖануарлардан жасалған – жүн, жібекМақта – бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің жемісі аппақ ұзын талшықтарға құрамдас қораптан тұрады. Осындай талшықтарды мақта дейді. Мақтаның отаны – Индия, Оңтүстік Америка. Ал бізде Оңтүстік Қазақстанда өсіріледіАдам үшін мақта өсімдігі пайдалы:• дәні (талшық үшін),• бұтағы мен қалдығы (мақта, қағаз, картон)Мақтаның құрылымы:Мақтаның жеке талшықтары өте жіңішке болады. Талшықтардың ұзындығы 6 - 52мм - ге жетеді. Табиғи түсі – ақ, сонымен қатар қоңыр сарғыш, жасыл түстері де кездеседі.Мақтаның гигроскопиялық қасиеті:Өте жоғары.(гигроскопиялығы – қоршаған ортадағы ылғалды өткізу қасиеті) мақта ылғалды тез өткізіп, тез кебеді.Зығыр – зығыр талшықтарын беретін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Зығырдың үш түрі бар: салалы, жабайы, бұйра зығыр. Талшықтарды алу үшін салалы зығыр өсіріледі.Адам үшін зығырдың бәрі пайдалы:• Дәні (техникалық май),• сабағы (мата үшін талшық),• қалдығы (техникалық мақсатқа, кендір).Зығырдың құрлымы:Сабағы тік, биіктігі 1м - ге дейін жетеді. Талшық ұзындығы 15 - 20мм. Түсі ашық сұрдан жабық сұрға дейін болады.Зығырдың гигроскопиялық қасиеті:Ылғалды жақсы өткізеді, оңай жуылады. Мақтаға қарағанда ыстыққа төзімді, мықтығырақ келеді.Сергіту сәтіБар екен дүниеде жалғыз көзді,Сол көзбен дүниенің бәрін кездіӘлемді он сегіз мың киіндіріп,Дүниеден жап жалаңаш өзі безді. (ине)Екі басты жалмауыз,Керіп аузын ашады.Алдына түскен нәрселер,Өзінен өзі қашады. (қайшы)Қимылдаса қос шеберҚыруар істі бітірер (қол)«Жалғасын тап» ойыны.Мақал - мәтелдің жалғасын тауып, мәнерлеп айту.1. Әке көрген оқ жонар...2. Еңбектің наны тәтті,...3. Шешеннің сөзі ортақМақтаМақта талшығын колға ұстағанда өте жұмсақ. Жағып тексергенде ашық - сары түсті болып жанып, күйген қағаздың иісі шығады. Мата, тоқыма бұйымдар, тігін жіптер дайындалады. Мақта мата оңай жуылып, тез кебеді, жақсы тазаланады, жеңіл үтіктеледі. Мақта мата біркелкі иірілген жіптен тоқылады, оның беті тегіс болады. Бұл маталар негізгі жіп арқылы созылады, жуылған кезде сол арқылы отырады.ЗығырЗығыр мата мақта матаға қарағанда мықтығырақ келеді. Олар негізгі және арқау жіп арқылы созылады, салмақты әрі қалыңдау келеді. Ылғалды жақсы өткізеді, оңай жуылады. Мата беті тегіс, жылтыр және жіптің жуандығы әр түрлі болады. Таза зығыр матасы тез сетінегіш, мыжылғыш келеді және тез үтіктеледі.Мақтаны алғашқы өңдеуМақта – мақта талшығы - алдын ала тазалау – мақтаның тұқымынан талшықтарын айыру - нығыздауЗығырды алғашқы өңдеу –Зығыр – зығыр сабағын суда жібіту – кептіру және жұмсарту – зығырды сабау – зығыр талшықтарын алуМата қазақ өлкесіне бұрын Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс, Оңтүстік Азия елдерінен, кейін Ресейден тасып әкелінген.Тоқылуына, сапасына, өрнектердің түрі мен әдемілігіне қарай матаның әр түрлі атауы бар. Әсем, жанға жайлы қасиеттеріне сәйкес халқымыз көбінесе қыздарының есімдерін мата атауларымен атаған. Мысалы: Күлдәрі, Ұштап, Мақпал, Қырмызы, Жібек, Дүрия т. б.Ой – толғаныс1. Мата атауларын білеміз бе?Масаты деп қандай матаны айтамыз? (Масатыдай құлпырар жердің жүзі).Масаты – жұмсақ түкті матаШидем дегеніміз не? (Шидем шекпен кигенім, түлкі тымақ).Шидем – түйе жүніне тоқылған матаШай дегеніміз не? (Шолпысы сылдырлап, шайы көйлегі сусылдап)Шайы – үлбіреген жұқа жібек матаБүлде деп нені айтамыз? Үлде мен бүлдеге ораныпМатамын әркез төзімді,Мақтадан алар бөзімді.Үлкендер де кіші де,Сәндікке киер өзімдіКөп жуса тез қысқарам,Қажетімді білер ұстаған.Бүктелсем де сан рет,Үтіктелсем жақсарам. (шыт мата)Сәндік киім тігетін,Қалың түкті матамын.Ұлттық киім нышаны,Қасиетті затқа жатамын.Сондықтан да аналар,Қызына қояр атымды,Атауымды кім табар,Айта ғой қызым атымды (мақпал)Сабақты бекіту: Мақта мен зығыр талшықтарын салыстыруҚасиеттері мақта зығырТүсіБеріктігіЖұмсақтығыЫлғал өткізгіштігіҰзындығыҚалыңдығыИә Жоқ1. Мақтаның түсі ақ па? Иә2. Зығыр мата бұйра зығырдан алынады ма? жоқ3. Мата талшықтан тұрады ма? Иә4. Табиғи талшықтарға лавсан, капрон жата ма? жоқ5. Мақта мықты, жұмсақ, жеңіл ма? иә6. Зығыр мата беті тегіс, жылтыр иә7. Гигроскопиялығы – қоршаған ортадан ауа өткізу қасиеті ма жоқ8. Мақта біржылдық өсімдік иә9. Зығыр жұмсақ мата жоқ10 Мақта талшығын жаққанда қағаз иісі шығады иәХат тасушы ойыны1. Қазақстан Республикасының астанасы?2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қанша жыл толды?3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті?Оқушыларды БағалауҮй жұмысы: “мата туралы жалпы түсінік” оқуМата аттарына байланысты сөзжұмбақ құрастыру
ақырыбы: Құрақ – қиялдың жемісі (8 - сынып)Сабақтың мақсаты:Білімділік: құрақтың құралуы және оны қолдануы жайлы мәлімет беріп, оның әдіс - тәсілдерін үйрету;Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау барысында алған білімдерін, дағдыларын нығайту;Тәрбиелік: құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, төзімділікке, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, көрсету, сарамандық жұмысСабақтың көрнекілігі: құрақ түрлері буклет, дайын бұйым, слайдПәнаралық байланыс: бейнелеу, геометрия, сызуСабақ барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі.Бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Отырыңыздар. Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру. (1 - топ Жұлдызша, 2 - топ Төртбұрыш).ІІ. Үй тапсырмасы.1. Құрақ құру дегеніміз не?2. Құрақтың тарихы қандай?3. Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?4. Құрақ құрауда түстер үйлесімділігінің қандай маңызы бар?5. Құрақ жасау үшін қандай құрал - жабдықтар қажет?6. Құрақтың тұрмыста алатын орны қандай?7. Құрақ қандай геометриялық фигуралардан тұрады?ІІІ. Жаңа сабақ.Құрақ құрау бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі.Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десе, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейміз. Біздің бүгін айтқалы отырған құрағымыз көл жағасында өсетін шөп, өсімдік емес, мата қиындысынан құралып жасалатын көрпе-көпшік ретінде пайдаланатын құрақ. Құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 - ден аса түрі бар. Соның ішіндегі біздің таңдағанымыз төртбұрыш пен жұлдызша құрағы.Сарамандық жұмыс.Қауіпсіздік ережесі♦ Инені киімге қыстыруға болмайды.♦ Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.♦ Инені жіпсіз тастауға болмайды.♦ Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.♦ Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.♦ Үтікті мұғалімнің рұқсатынсыз тоққа қосуға болмайды.♦ Үтікті мата түріне қарай қыздыру қажет.♦ Үтікті арнайы тұтқасынан ұста.♦ Инені ине қадағышқа шаншы.♦ Қайшыны ашық тастама.Құрақ геометриялық фигуралар арқылы құрылады. Осы фигуралар арқылы мата бетіне түсіріп, қырқып аламыз. Екі бөліктерін бір - бірімен беттестіріп, тігіледі. Бөліктерді екі - екіден тігіп алу қажет. Екі - екіден бөліктерді беттестіріп тіккен соң, жан - жағындағы бөліктерін біріктіріп тігеміз.Топ басшыларына сұрақ?Қазақ халқының дәстүрінде шеберлік құрақ құраумен ғана емес сөз жарысында да байқалады. Олай болса мына мақал - мәтелдерді шешейік. Жалғасын тап.1. «Өнерлі болу – зейнетӨнерсіз болу...». (бейнет)2. «Әке асқар тауАна -... (бауырындағы бұлақ)Бала -...». (жағасындағы құрақ)3. «Жеті рет өлшеп,...». (бір рет кес)4. «Рақаттың түбі кеңіс,Еңбектің түбі...». (жеңіс)5. «Шебердің инесі деКүймесі де -...». (алтын)6. «Ағаш көркі жапырақ,Адам көркі...». (шүберек)7. «Шебердің қолы ортақ,Шешеннің тілі...». (ортақ)8. «Шешеннің сөзі мерген,Шебердің... мерген». (көзі)9. «Байлықтың атасы – еңбек,Анасы -...». (жер)10. «Істегенің еліңе жақсы,Үйренгенің... жақсы». (өзіңе)11. «Еңбекке үйренем десең, ерінбе,Өнерге үйренем десең,...». (жерінбе)12. «Еңбек қылсаң ерінбей,Тояды қарның...». (тіленбей)Мақал - мәтелдерді айтып кеттік енді құрақ дегеніміз әр елде әр қалай айтылады, соны айтып кетсек.Қазақ тілінде құрақ құрау өнері –.... (құрақ)Орыс тілінде құрақ құрау өнері –.... (лоскутное шитье)Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері –.... (пэчворк)Жапон тілінде құрақ құрау өнері –.... (сашико)Жұмыстарын қорғау.ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.Құрақтан құралған қиял.Балалар өз қиялдарындағы құрақты салады және оны қорғайды.Ү. Сабақты қорыту.Қазақта аналар өз қолдарымен қыздарына құрақ көрпе жасаған. Біріншіден құрақ құрау қызына қандай да бір үнемшіл бол, бірді екіге құрай біл десе, екіншіден әлем ақыл, сана, мейірімнен құралғанын түйсіндіру. Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі ана ендеше халқымыздың салт - дәстүрінің қаймағын бұзбай келер келешекке жеткізетін де өздеріңіз. Қорыта келетін болсақ, біз сіздермен құрақ құраудың түрлерімен, пішілуін, тігілуін үйрендіңіздер. Енді өздеріңіз құрақтың түр - түрін тіге аласыздар.ҮІ. Үйге тапсырма. Құрақты аяқтап тігу, қиялдарыңыздағы құрақ түріне мата, ине - жіп алып келу.ҮIІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып сұрақтарға жауап беруіне және сарамандық жұмыстарына қарай білімдерін бағалау.ҮІІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру.
Тақырыбы: Өлшем алу. Әйелдер шалбарын модельдеу.Сабақтың мақсаты: оқушыларға өлшем алуды және шалбарды модельдеудіүйретуБілімділік: Оқушыларды шалбар түрілеріне шолу жасатып, фасонына байланысты шалбарлардың пішінді бөлшектерінің ерекшеліктеріне тоқтап, таныстыру, үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін, ой — өрісін дамытуТәрбиелік: Болашақ мамандыққа қызығушылығын тәрбиелеу, жұмыс барысында белгілі тәртіпережесін сақтау, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеуСабақтың түрі: аралас, сарамандық.Сабақтың әдістері- Түсіндірмелі – суретті (дидактикалық материалмен жұмыс, көрсету), Жартылай ізденіс; Нұсқаулық; зертханалық, өз бетінше жұмыс.Көрнекі құралдар мен құрал - жабдықтар: оқулық, өлшем алу ережелері, нұсқаулық карталар, шалбардың үлгісі, сантиметрлік таспа, дәптер, слайд.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1. Амандасу, жоқ оқушыларды түгендеу2. Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу.3. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Шалбар дегеніміз не?Шалбардың қандай түрлерін білесіңдер?Неге шалбарларды белдік киімдерге жатқызады?Классикалық шалбар мен күліш шалбарлардың айырмашылығы?ІІІ. Жаңа сабақ.Шалбарды конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Шалбар тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерінен белгілейді.Мысалы, айналым – А, жартылай айналым – Жа, ені – Е, биіктік – Б, ұзындық – Ұ. Бас әріптің оң жағындағы әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді. Мысалы,Жартылай бел айналымы – Жба,Жартылай мықын айналымы – Жма,Шалбардың ұзындығы - Шұ.Балақ ені - Бае.Отыру биіктігі - Об.Өлшем алғанда белді белбеумен алдын ала буып алады. Сантиметрлік таспаны қатты тартып ұстауға немесе бос ұстауға болмайды.Шалбар — сырт киім. Шалбар жүріп - тұруға ыңғайлы пішімделеді де, тізеден төмен жері тар, бел тұсы қапсырылған, балағы кең, ышқыры бітеу етіп тігіледі. Ғалымдардың көпшілігі оны кем дегенде ерте темір дәуірінде мал шаруашылығымен және аңшылықпен айналысқан көшпелі тайпалар ойлап тапқан деп есептейді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шалбар қалтасыз әрі кең етіп тігілген. Ол тұрмысқа (мініске, малдас құрып отыруға, тағы басқа) қолайлы болу үшін жасалынған. Балағы кейде етік қонышына салынатындай тар немесе сыртқа шығарылатындай кең болады. Көшпелі тұрмысқа ыңғайластырылған Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі. Оның атқа мініп - түсуге кедергі келтірмеуі үшін ешқандай түймесі, ілмешегі жоқ, белдік орнына бау пайдаланылды. Қазақ қоғамы шалбарды жаздық және қыстық деп екіге бөледі.Кез келген бұйымды жасау процесі эскизден, болашақ модель суретінен басталады. Бұл кезең көркем модельдеу деп аталады.Техникалық модельдеу бірнеше кезеңнен тұрады:- модельдің сыртқы түрін зерделеу- модель материалының қасиеттерін зерделеу- базалық лекалоларды таңдау (сызба)- сызбаға фасондық сызықтар түсіру.Кім тапқыр ойыны.Әрбір сұрақта мағыналары әртүрлі, бірақ айтылуы және оқылуы бір анықтамалар берілген (омонимдер)1. Бұйымға пайдаланатын фурнитура немесе тыйым етістігі (түйме)2. Мата қиындысынан дайындалатын бұйым немесе көл жағасындағы өсетін өсімдік (құрақ)3. Су өтетін арық немесе іс - қимыл етістігі (жап)4. Қамырды дайындау процессі немесе құмырсқаның ұясы (илеу)5. Спорт түрі немесе ерлердің шаш үлгісі (бокс)6. Өсімдік мүшесі немесе мектептегі оқыту процессі (сабақ)7. Жұқа синтетикалық мата немесе көгілдір отын (газ)8. Иірім жіп немесе конфет атауы (ирис)9. Қыздың бұрымы немесе іс - қимыл етістігі (шаш)Сарамандық жұмыс. Өз дене бітімінің өлшемін алу.Жұмыс барысы1. Нұсқаулық картамен танысыңдар.2. Өлшем алып, кестені дәптерлеріңе сызып толтырыңдар.Өлшем аттары. Әріппен белгіленуі. Өлшем орындары. Өз өлшемдерін алуАғымдағы нұсқаулық. Сарамандық жұмысты оқушылар топ – топқа бөлініп орындайды. Қыздар бір - бірінің өлшемін алып үйренеді.- жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру;- сарамандық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру;- техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;Пысықтауға арналған сұрақтар:1. ЖМа өлшемінің қолданылуы? Бұл өлшем қалай алынады.2. ЖБа өлшемінің қолданылуы?3. Бұ өлшемі қалай алынады?Соңғы нұсқаулық.Сабақты қорытындылау:Жаңа сабақты қорытындылай келе оқушыларды мадақтау және бағалау.Үйге тапсырма: Әйелдер шалбарын модельдеу.
Технология 9 сыныпСабақтың тақырыбы: Алқа тоқуСілтеме Е. В. Ермилова, И. А. Товченик. Технология 9 сынып Алматы «Мектеп» 2012, интернет материалдары, нұсқау карталар.Жалпы мақсаттар Оқушылардың бисермен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу. Алқа түрлерімен таныстыру. Алқа тоқудың әдіс - тәсілдерін меңгерту.Оқыту нәтижесі Алқа тоқудың жолдарын үйренеді. Жұптық, топтық жұмыс жасауға үйренеді.ТапсырмаларІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясыІІ. Жаңа сабақ. «Ой қозғау» стратегиясыІІІ. Тапсырма. «Ішіне - сыртына» стратегиясыІҮ. Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойыныҮ. Сабақты бекіту. Тест жұмысыҮІ. Қорытынды. ББҰ стратегиясыҮІІ. Үйге тапсырмаҮІІІ. Бағалау. Кері байланысСабақ барысыМұғалімнің іс - әрекетіI. Ұйымдастыру кезеңі.І. Ұйымдастыру кезеңі- сәлемдесу;- оқушыларды түгелдеу;- оқушылардың сабаққа даярлығын құрал - жабдықтарын қадағалау;- сыныпты топқа бөлу; Алқаның суреттері қиындысы арқылы бөлемінБағалау критерийлерімен таныстыру. Бағалау парақшасы таратылады.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. "Ойлан, жұптас, талқыла" стратегиясы1. Бисер деген не?2. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?3. Бисермен тоқу нені талап етеді?4. Бисер қай кезден бастап пайда болды?ІІ. Ой қозғау стратегиясы1. А - Мойынға тағатын әшекей? (Алқа, 1әріп)2. Л - Ресейде бисерді өз тәжірибесімен жасаған кім?(Ломоносов, 1 әріп)3. Қ - Жарқылдаған қос қылыш,Қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы, 1 әріп)4. А - Бисерді неден жасайды? (металл, 4 әріп)5. Т – Бисердің түрі? (таяқша, 1 әріп)6. О - Бисерді көп шығарған ел? (Жапония, 4 әріп)7. Қ - әйел баскиіміне тағатын үлкен маржан моншаққалай аталады? (былқылдақ, 9 әріп)8. У - «Бисер» сөзі арабтың қандай сөзінен шыққан?(буера, 2 әріп)ІІІ. Жаңа сабақ. Алқа тоқу.Қазақ зергерлері көбінесе қыз - келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ, әйел бас киіміне тағатын үлкен моншақ маржанды - былқылдақ, сәукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын моншақтарды - жырға деп атаған.Алқаны бисерден, алтын, күмістен соғып домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды.Алқа бөлшектерінің атауы: алақан - алқаның ортаңғы негізгі бөлігі тақтасы, аяқ - алқаның салпыншағы, тойнақ - алқаның екі ұшын біріктіретін топса.Алқаны қандай материалдан жасағанына байланысты: лағыл (рубин), маржан (коралл), меруерт (жемчуг), жарқылдауық тасты (самоцвет) алқалар деп атайды.Соның ішінде біздің бүгінгі сабағымызда тоқитынымыз бисерден алқа тоқу.Алқа мойынға тағылатын сәндік бұйым. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан жасалған. Ежелгі Мысырда, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда шыныдан жасалған.Моншақ сөзінің шығуы "Мойын - шақ" немесе "мойын - тақ" деген сөздерден құралады деген пікір бар.Қазіргі кезде халық шығармашылығында бисермен әшекейлеу жаңа өрлеу үстінде. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру қазіргі ұрпақ біздердің алдымызға қойылған мақсат болып отыр.Бисермен сәндік бұйымдар: алқа, сырға, білезік, тұмарша тоқуға болады.Жұмыс орнын ұйымдастыру:Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі қарқынды жүру үшін, тек құрал - саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын ыңғайлап алу, әсіресе ол жерде бисерді қалай орналастыруды ойластыру өте маңызды. Ол үшін бір бедерлі, фанельді жастықшаға ұсақ төрт бүктеп, түрлі - түсті бисерді үйіп қою керек. Кей жағдайда өте терең емес ( 5 - 10 мм ) тарелкеге салғанда ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тарелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Бисермен жұмыс істегенде жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10 - 15 минут үзіліс жасау қажет.Сондықтан оны әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.
Тақырып: Киіз басудың жаңа технологиясы (жүнмен суретті бейнелеу)Мақсаты:1. Халқымыздың қолөнер қазынасы – осы киіз туралы түсінік беру, білімдерін дамыту; құрғақ және дымқыл киіз басудың жаңа технологиясымен танысу; жүнді киіз басу техникасында панноны өздігімен дайындауды үйрету;2. Киіз басудың техникасы мен технологиясын меңгерте отырып, шеберлігін дамыту, өнерге деген ынта – қабілетін арттыру;3. Жас ұрпаққа осы заман талабына сай өзгеріп келген жүнмен жұмысты үйрету негізінде ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.Сабақ әдісі: теориялық білімді практикамен байланыстыруКөрнекілігі: түрлі - түсті жүндер, ине, поролон, рамка, пинцет, суреттер, нұсқау карта, презентация.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Қайталау (тестпен жұмыс)1. Жүн матаны көбіне қай жүннен өңдейді?а) ешкінің; ә) түйенің; б) қойдың.2. Жүннің алғашқы өңдеуін бірізділігін дұрыс белгілеп бер.а) сорттайды; ә) тазалайды, түтеді, қопсытады; б) іріктейді;3. Матаның сапасы неге байланысты?а) талшықтардың сырт көрінісіне; ә) талшықтардың құрамына; б) талшықтардың атауларына.4. Жүн матаның ылғал, шаң және жылу өткізгіштігі матаның қандай қасиетіне жатады?а) технологиялық; ә) физика - механикалық б) гигиеналық 5. Жүнді ылғалды жылумен өңдеген кезді өлшеме кішірейеді матаның қандай қасиетіне жатады?а) технологиялық; ә) физика - механикалық б) гигиеналық6. Қандай маталардың гигиеналық сапасы төмен болғанымен гигроскопялық қасиеттері жоғары болады?а) синтетикалық маталар; б) зығыр маталар; ә) жүн маталар; 7. Қандай маталар адам организміне экологиялық әсерін тигізеді?а) макта мата маталар; ә) синтетикалық маталар; б) жүн маталар.8. Табиғи талшық неден өңделеді?а) мұнай; ә) тас көмір; б) жүн;9. Негізгі жіп қалай орналасады?а) матаның жиегінде; ә) матаның ұзына бойымен; б) матаның көлденеңінен.10. Арқаулық жіп қалай орналасқан?а) матаның көлденеңінен; ә) матаның шетінен; б) матаның ұзына бойымен.ІІІ. Жаңа сабақ (теориялық бөлімі)Киіз басу – Жердегі меткелді дайындаудағы ең көне техника. Археологтар бірінші киіз басылған бұйымдардың пайда болуын 8000 жылдық мерзімді болжайды.Жалпы, киіз басу ежелден келе жатқан дәстүр, бұл өнердің біздің заманымызға дейінгі ғасырларда қазақ даласына кеңінен таралып кеткені мәлім. Бұл жерлерді мекен еткен ата - бабаларымыз киізден түрлі бұйымдар жасайтын болған. Мысалы, Пазырық елді мекенінен киізден жасалған бедерлі, мүсінді бұйымдар табылған. Сол себепті де киіз басу дәстүрін осы құтты мекенде пайда болған деп топшылауға толық негіз бар. Бүгінгі күні пима киіп, үйіне текемет төсейтін қазақтар жоқ болғанымен, киізден жасалған бұйымдарға деген сұраныс бар. «Киіз басу» қазақтың төл өнері. Сондықтан да оны қолданыстан шығып қалды деуге болмас. Керісінше, заман өзгеріп, қолданыстың жаңа формасына енді. Яғни қолдану аясы ғана өзгерген.Киіз – түрік тілінен «жамылғы», ағылшын тілінде – felt, неміс тілінде – filtz. Барлық осы атаулар киіз басу тарихы кезінде пайда болды. Бұның бәрі Нұх заманында аңызға сәйкес басталды. Бірінші басылған кілем Нұх кемесінде пайда болды. Сол кемемен жүзген қойлар тар қораларда ұсталды. Олардың бүйірлерінің жүндері жерге түсіп, су болып қалатын, тұяқтарының астында тапталып, ұрылатын. Қойлар кемеден шыққан кезде, жерде әдемі жүнді кілем қалып қоятын. Археологтар бірінші басылған бұйымдарды пайда болуын біздің заманымызға дейін VI - V ғасырдағы мерзімді айтты. Түлеу кезінде жиналған жабайы жануарлардың жүндерін баса отырып, ежелгі адамдар бірінші қарапайым киімді дайындады, тек бір ғасыр өткеннен кейін ғана олар иіруді, тоқуды және өруді үйренді. Әлемді мәдениетке киіз еуразиялық далалардың көшпенділерінің, Тибеттің, Памирдің, Алтайдың, Кавказдың тау мал өсірушілердің өнертабысы ретінде кірді. Ең көп таралған орыс киіз басылған бұйым, бұл әрине пималар болып табылады. Сонымен қатар Ресей жерінде пималарға қоса, олар шұға және шаруашылыққа қажетті киіздерді, киіз басылған бас киімдерді, темекілерді сақтау үшін арналған дорбаларды дайындайтын. Ал енді өзіміздің қазақ халқымыздың өнеріне тоқталсақ, халқымыздың жүнді пайдаланып киіз басу, арқан, жіп есу, құр ызу сияқты қолөнерінің тарихының әріден басталғанын көреміз. Киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы VII – ші ғасырда кеңінен пайдаланғаны жайлы жазба деректерде жазылған. Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Баспанасына жабынды, басына сая, еденіне төсеніш, үстіне киім, сән - салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы ретінде қадірледі.Ал қазіргі кезде жартылай ұмыт болған киіз басу қол өнері соңғы он жылда сән индустриясында өрлеп келеді.
Технология 8 сыныпСабақтың тақырыбы: Құрақ құрау әдісіБілімділік мақсаты:Оқушыларға құрақ құрау әдіс туралы түсіндіріп, құрақтың түрлерін дайындау жолдарын үйрету.Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың ізденімпаздық шығармашылық қабілетін дамытып,, сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, іскерлікке, көркемдік талғамын қалыптастыра отырып, ата - бабаларымыздың салт - дәстүрін, қолөнерін білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Білім мен іскерлікті игеруСабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндауЖаңа сабақты түсіндіру. Құрақ құрау әдісі.Құрақ құрау өнері ХІҮ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына қарай кең дамыған қолөнер бұйымдары.Жалпы құрақ құрау Қазақстанның барлық облыстарына тән қолөнер. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған, қазақ қолөнерінің қарапайым да, қайталанбас түрі қиыстырып құрақ құрау. Құрақтың қымбат құндылығының бір айғағы, құрақтан жасалған бұйымдар ұзатылған қыз жасауына еніп, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтатады. Ертеде аналарымыз «Тіл көзден аман болсын» деген ырыммен қырық құрақ көрпе құрап баланы құрақ көрпеге ораған. Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 - ден аса түрі бар. Соныңішіндегітөртбұрыш, сегізсай, мүйізқұрақ, қиықшақұрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүлқұрағы, майдақұрағы, жұлдызшақұрағы ел ішіндекеңінентараған. Құраққұраутехникасыекібағыттадамыпкеледі
 Жүн  және  жібек  маталардың   құрылымын  талдау
                                                                                  
Атаева  Гуляйм  Мауленқызы
Қ.Әбдіғұлов  атындағы
№34  орта мектеп  гимназиясының
технология  пәнінің  мұғалімі
Алматы  облысы,  Талғар  ауданы,
Талдыбұлақ  ауылы,
 
Сабақтың  мақсаты:
                                          Білімділік :   жүн  және  жібек  маталардың
қасиеттері,талшық  құралы,оларды  тұрмыста
тиімді  қолдана  білу  ;
                                          Дамытушылық :   оқушыларды  халқымыздың  ата
дәстүріне,қолөнеріне  терең  үңілтіп,,дүниетенымын
кеңейту;
                                          Тәрбиелік :  ежелден  келе  жатқан  ұлттық  өнерді
қастерлеуге  баулу.
 Сабақтың  типі :  аралас  сабақ
Сабақтың  түрі  : сайыс  сабақ
Сабақтың  әдісі : топпен  жұмыс,түсіндіру,сарамандық  жұмыс.
Сабақтың  көрнекілігі: оқулық,маталар,сөзжұмбақ,ою  қиындылары,мақал-мәтелдер
Пән  аралық  байланыс:  сурет,сызу,физика,химия,биология,жантану.
Сабақ  барысы:
Оқушыларды екі  топқа  бөлу: «Өнер», «Шебер»
  І .Ұйымдастыру  кезеңі:
Оқушылармен  амандасу,түгендеу. Оқушылардың  сабаққа  дайындығын  тексеру.
Сабаққа дайындығын  тексеру, карточка  тарату.
 
 
 
 
  ІІ.  Психологиялық   дайындық.
Сөзжұмбақ  шешу  арқылы  келесі  жаңа  сабаққа  көшу. Оқушылар   сөзжұмбақты  шеше   отырып  жаңа  сабақ  қандай  тақырыпта  өтетінін  анықтаймыз.
Ш
Е
К
П
Е
Н
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.Жүн  және  жүннен  жасалатын  бұйымдар?
2.Түйе  жүнінен  жасалатын  бұйым?
3.Жабағы  жүннен  жасалатын   зат?
4.Матадан  жасалатын  бұйым?
5.Күзем  жүнінен  жасалатын  зат?
6.Жылқының  жал  құйрығынан  есілетін  бұйым?
 
ІІІ . Жаңа  сабаққа  мақсат  қою .
Жүн,жібек  маталардың  қасиеттерін,талшық  құрамын  білу,оларды  тұрмыста  тиімді  қолдана  білу.
Мата – талшықтан тұрады,талшықтардан  шығу  тегіне  қарай- табиғи  талшық,химиялық  талшық  болып  екі  топқа  бөлінеді.
Жаңа  сабақты  түсіндіру  кезеңі :
Жаңа  сабақ  жоспары
Жүн және  жібек  маталардың  құрылымын  салыстыру.
Жүн,жібек маталардың  құрылымын  үшке  бөлінеді.
Физикалық –механикалық қасиет
Гигиеналық қасиеті
Технологияның қасиеті.
     
Матаның   негізгі  құрамына   физикалық-механикалық ,гигиеналық  және  технологиялық  қасиеттері  кіреді.Бұл  құрамдар  бұйымның   сәнін  таңдағанда,өңдеуде ескеріледі.Физикалық – механикалық  құрамына  матаның  мықтылығы,қыртыстануы,төзімділігі  жатады. Матаның   беріктігі  талшықтың  мықтылығына,жіптің  иірілу  мен  толқылуына  байланысты. Матаның  қыртыстануы   талшықтың  серпімділігіне, созылғыштығы  мен  жіптің  иірілуіне  байланысты. Матаның  гигиеналық  құрамы  ауа  өткізгіштігімен, жылу  сақтағыштығымен, ылғал  мен  шаң  өткізгіштігімен  ерекшеленеді. Мата  қолдануына  қарай  тұрақты  гигиеналық  құраидарға  жауап  беру  керек. Мысалы,сырт  киімге  арналған  маталардың  әсіресе  қыс  мезгілінде   жылу  сақтағыш  қасиеті  жоғары  болу  керек. Мысалы,сырт киімге   арналған  маталардың  әсіресе  қыс  мезгілінде  жылу  сақтағыш  қасиеті   жоғары  болу  керек. Ал  іш  киімдерге  арналған  маталар  ауа  мен  ылғалды  жақсы  өткізеді.
Ылғал  өткізгіш-  матаның  қоршаған  ортадан  ылғалды  қабылдау  қабілеті .Жылу  сақтағыштық- адам  денесінен  бөлінген  тұрақты  жылуды  сақтау.
Шаң  өткізгіш- матаның  щаңды  тез  қабылдауы.Бұл  қасиет  көбінесе  матаның  оң  бетінің  тығыздығына  байланысты.  Егер  матаның  беті  тегіс   ,тығыз   болса   ,онда  ол  аз  кірлейді. Неғұрлым  бос,тесіктері  көп  болса ,керісінше  ,керісінше  кірлегіш  келеді.
Матаның  технологиялық  құрамы  тігін   бұйымдарын  дайындау  кезінде  байқалады. Ол  матаның    отыруы,тез  сетінегіштігі,тігістерде  жіптің  ыдырауы  және  ылғалды-жылумен  өңдеуде  пішінінің  өзгеруі  арқылы  білінеді.
Матаның  отыруы (шууы)-ылғалды  жылу  өңдеуде,жуған  кезде  матаның  өлшемі   кішірейеді.
Матаның  сетінеуі  мен  жіптің  ыдырауы-жіптің  серпімділігі  мен  тегістігіне,жіптердің  айқасуына  байланысты.Мұндай  қасиеттерді  көбінесе  денеге  жабыстыра  тігілетін   киімдерді  ескеру  қажет.
 
 
 
 
                                     
                                             Матаның     құрылымын    салыстыру
                          Матаның   құрылымы                                        Маталар
                 Жүн               Жібек
 Физикалық — механикалық   қасиеті
Беріктігі
 
Қыртыстануы  
мақта   матадан  төмен
 
орташа  
жоғары
 
жоғары
 Гигиеналық   қасиеті
Ылғал   өткізгіштігі
Шаң   өткізгіштігі
Жылу   сақтағыштығы  
айтарлықтай
жоғары
жоғары
 
 
   
айтарлықтай
төмен
мақта  матадан  сәл  жоғары
 Технологиялық  қасиеті
Отыруы (шууы)
Сетінеуі
Жіптердің  тігісте  ыдырауы  
айтарлықтай
орташа
орташа  
айтарлықтай
орташа
орташа
Сарамандық  жұмыс «Кім  жылдам?»  ойыны
Қиылған оюды   құрастырып , суретін  салу.
Талшықтар сөзінен  сөз  құрастыру
Еңбекке қатысты  мақал-мәтелдер  жарысы.
Сабақты  бекіту.Сөзжұмбақ  шешу.
1.Өсімдіктен  алынатын   талшық.
2.Шөптің   түсі
3.Ең  қымбат   жібек  мата
4.Маталар  қолдануына   қарай  қалай  бөлінеді.
М
А
Т
А
 
 
 
 
 
 
Оқушыларды  бағалау.
Үйге   тапсырма:   мата  түрлерін   алып  келу.