О?ушы бойында ???ы?ты? т?рбие ?алыптастыруда мектеп пен отбасы серіктестер.


Сабақ тақырыбы: Оқушы бойында құқықтық тәрбие қалыптастыруда мектеп пен отбасы серіктестер.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылықтың алдын – алуда ата -
аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру.
Күтілетін нәтиже: Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы артады. Оқушылар,
мұғалімдер, ата-аналар арасында құқықтық жүйелі
қарым-қатынас қалыптасады.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: маркер, ақ қағаз
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Топқа бөлу.
ІІ. Кіріспе. Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелелрдің бірі бұл жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын – алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. құқықты ұғындырумен қоса әрбір баланы заңды құрметтеуге, қорғауға дағдыландыруымыз керек. құқықтық тәрбие отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Отбасындағы келеңсіз жағдайлар көбінесе құқық бұзушылыққа әкеп соғады. Балаға отбасының жылулығы, мейірімділігі жетіспеушіліктен, ата- ананың балаға көп көңіл бөлмейтіндігінен, баланың киімі бүтін, қарны тоқ деп жұмыс басты болып оның ішкі жан-дүниесіне үңілмей, тәрбие ісіне мән бермегендіктен бала бойында жағымсыз қылықтар қалыптасып құқық бұзушылыққа әкеледі. Сондықтан ата-ана үйде баламен тығыз қарым-қатынаста, бір-бірін түсініп,сыйлай білсе, мектеп пен тығыз байланыста болса ешуақытта құқық бұзушылыққа жол берілмейді.
Ал енді сабағымызды бастайық.
Постермен жұмыс. Әр топ өз құқықтарын сызба арқылы қорғайды.
А) мұғалімдер –азаматтық құқық
32340556985000-3355592641600
Ә) ата-ана - міндетін
32245303302000-4527553429000
Б) балалар - өз құқықтарын жазып қорғайды.
337312010795000-2698754191000
65930816357600
Міне, бүгін біз өз құқықтарымызды тағы бір рет есімізге түсіріп алдық. Енгіде жерде бұнымен шектеліп қоймай әрі қарай келесі сабағымызда жалғастырамыз.
«Сергіту сәті».

Ойын: «Бәтіңкедегі тас».
Мақсаты: адам өз бойындағы ашу- ызадан арылудың бір жолын үйрену.
Әр топтан бір –екеуі оқиды да умаждап себетке тастайды. Міне біз бойымыздағы жағымсыз қасиеттерді, ашу- ызамызды шығарып тастадық. Қандай қиындық болса да сабырлылық, шыдамдылық танытып дұрыс жолмен шешейік.
Ойын: «Өтінемін». Мақсаты: ата- аналар мен бала арасындағы қарым – қатынасты жақсарту, бір- біріне көңіл бөліп, тыңдай білуге үйрету.
Шарты: өтінемін сөзін айтқанда ғана тапсырманы орындау керек.
Секіріңіздер
Отырыңыздар
Өтінемін алақанмен қол шапалақтаңыздар.
Өтінемін жымиыңыздар
Бір-біріңізге қараңыздар
Күліңіздер
Сөйлеңіздер
Өтінемін қолдарыңызды көтеріңіздер
Бір-біріңізбен амандасыңыздар
Өтінемін оң қолыңызбен сол құлағыңызды ұқалаңыздар
Қолдарыңызды ұстаңыздар
Өтінемін бір – біріңізбен қол ұстасып үлкен көңілді шеңбер құрайық.
33878776085800-3949706032500
Міне, бүгін біз жасөспірідер арасында құқық бұзушылықтың алдын – алудың бір аз жолдарын біліп алдық. Бүгінгі сабағымызды В.А. Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек ата-аналармен бірге күш – жігерімізді біріктіру арқылы мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін». Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар.