Бала бойында азаматтылы? пен патриотизмге ?алыптастыруда мектеп пен отбасы ?арым-?атынасы


Бала бойында азаматтылық пен патриотизмге қалыптастыруда мектеп пен отбасы қарым-қатынасы
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.
Жетілген мінез-құлық – бұл үш нәрсенің: жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Егер бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және тек қана жүрегінің айтқанын істейтін болса, онда ол өмірден өз орнын табады да, Жер үстіндегі Адамның қызметін атқарады.
Бұл мақсатқа нағыз Мұғалімдердің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген Мұғалім ғана мейірбан адамның қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге қабілетті.
Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса, кез келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады.
Алайда соңғы кезде үлкен мен баланың қарым-қатынасы, мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасы үнемі байланыспай келгені ешкімге де құпия емес. Балалардың өзінің мұгаліміне деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан қорқыныш, жек-көру, сыйламау сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі кездеседі. Мұның себебі, мұғалім мен оқушылардың жеке бастарының сапасы мен оқу әдістерінің сапасына байланысты болуы мүмкін.
Мұғалім әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін сақтау қажет. Үлкен адам қай жерде болмасын өзі рухани белсенділік танытатын болса, сол арқылы тәрбие бере алады.
Шын мәнінде жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір құбылыстарының бәрін сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады.
Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани – адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар.Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқаны жөн.
Отбасылық тәрбие.
Жүзеге асырылатын міндеттер.
1 . А)Мектеп пен отбасыға талдау жасау. Әлеуметтік қорғауды керек ететіндердің есебін алу.
Ә) Әр отбасында адалдық пен мейірімділік, жасы әр түрлі отбасы мүшелерінің рухани жақындығы мен мақсат бірлігіне негізделген тәрбиені пайдалану.
2. А) Бала тәрбиесінде ауыл тұрғындары мен туыстардың жауапкершілігін арттыру.
Ә) Бала өмірінің кезеңзерін есте қаларлықтай мерейлі, мақсатты түрде атап өту.
Б) Ауыл ақсақалы, ауыл ағасы, беделді туыстардың балаға тәрбиелік әсерін, ықпалын тиімді пайдалану.
3. А) Бала тәрбиесіне қоғамдық , әлеуметтік сипат беру.
Ә) Әр отбасын имандылық, адамгершілік тәрбиесінің ошағына айналдыру.
4. А) Отағасы – шаңырақ иесі, қорғаны, асыраушысы, ақылшы, әйелінің пірі.
Ә) Ананы қадірлеу, сүт ақысын өтеу тағылымын жаңғырту, жаңа мазмұн беру.
Б) Жергілікті билік орындар арқылы үнемі отбасы беделін көтеріп отыру
Жоғарыдағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары мен құралдары.
А) Жиын, жиналыстарда отбасылардағы игі істерді, бастамаларды, тәрбиелік тағылымды, т.б. үнемі насихаттау.
Ә) Беделді отағасы мен өнегелі отбасы өмір жолы мен тағылымын марапаттау, кездесулер өткізу.
Б)«Ұлын ұяға, қызын қияға» қондырған отбасыларды
үлгі - өнеге ету.
В) Әлеуметтік қорғауды керек ететін отбасыларды қамқорлыққа алу.
Г) Бала тәрбиесіне қатысты мекеме, ұйымдардың (милиция инспекторы, мектеп басшылары, ата – ана комитеті, т.б.) есебін тыңдау.
Ғ) Ата – ана жұртшылығына педагогикалық білім беру, ақпараттандыру ісін жолға қою.
Әлемдік қоғамдастық қарсы тұрушылықтың, интолеранттылықтың бірқатар шарттарын атап көрсеткен. Олар:
Заңдылықтар базасының болуы
Білімділік деңгейінің көтерілуі
Ақпараттарға еркін қол жеткізу
Мәселені жеке бас деңгейінде ұғыну және басқалар
Сондықтан, аталып өткен шарттардың ішінен толеранттылық принциптеріне негізделген білімділікке айрықша көңіл бөлінуі қажет. Оқушының толерантты ақыл-есі өзінің ұлттық, халықтық мәдениетін уағыздай алу үрдісінде және басқа да этностар мен халықтардың мәдениетінің даму және жүру құқығын мойындау үрдісінде қалыптасады. Оның кең көлемде болуы балалардың біртекті этникалық ортада, мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде дамып және өсуіне тәуелді. Біздің мектеп ролінен алатын болсақ – ол кіші жастағы оқушыларды мемлекеттік тілде тәрбиелеп, оқыту және «..өз мәдениетін терең білу – басқаларға қызығушылық қарым-қатынастың фундаменті. Ал көптеген мәдениетпен танысу – рухани баю және даму негізі» делінген Қазақстан Республикасының этномәдениетті білімділік концепциясына негізделе отырып, мектептің іс-әрекетінің мақсаты анықталды: этнопедагогика және этнопсихология моральдарының негізінде дүниені тануға қабілетті адамгершілігі мол, рухани бай тұлға қалыптастыру.
Мектептің рухани – адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: өзгені түсіне білуді, жақсылық жасауды, өзара қарым-қатынастардың қоғамдық қабылданған нормаларының бағыт- бағдарларынан адаспау, дау-жанжалды жағдайятты бағалау жолымен шешу және одан этикалы шығуды іздеу біліктерін қалыптастыру.
берілетін бағалар мұғалім қолындағы қамшыға айналмай, баланың дамуына, білім мен дағдыға үйрену ықпалына әсер етуі қажет .
Сонымен, рухани – адамгершілік тәрбиесіндегі мектеп іс-әрекетінің жоғарыда аталған мақсаттары мен міндеттерін іске асырылуы үшін мектепте «1-4 сынып оқушыларының толеранттылық мәдениетін тәрбиелеу бағдарламасы» жасалды. Ол бағдарлама толеранттылыққа оқыту бағыттарын қарастырады, адамдарға қатысты шыдамдылыққа тәрбиелеуге, мектеп өміріне ғана емес, одан тысқары өмірге де табысты бейімделуге бағытталған сынып сағаттарының, ұжымдық – шығармашылық істердің жүйесін ұсынады.