?сімдіктерді ?сіру технологиясы. 6 сынып


Амангеді орта мектебі
Дощанова Жанылсын Айткуловна
6 сынып
Тақырыбы: Өсімдіктерді өсіру технологиясы.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер бөлімінен алған білімдерін жинақтап қорытындылау және бір-бірімен білім алмастыру арқылы толықтыру.Білімдік мәні: Өсімдіктер бөлімі жөніндегі теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc- жүзінде қолдануға үйрету.Дамытушылық мәні: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз-қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.Тәрбиелік мәні: Өсімдіктер бөліміндегі білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.Міндеттері: Органикалық дүниенің ерекше бір тобы- өсімдіктер, олардың мүшелерінің сыртқы, ішкі құрылысы, түрлері, көбеюі, табиғаттағы маңызы жөніндегі теориялық білімін практикада пайдалануды іске асыру.Көрнеклік құралдар: Кеппешөптер, табиғи материалдар. Комьютерлік слайдтар, видио фильм.Сабақ әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы:Сабақтың құрылымы:Топтар өздерін таныстыруы.I. «Қызығушылықты ояту» кезеңінде «РАФТ» әдісі қолданылады.II. «Мағынаны ашу» кезеңінде «Қызықты репортаж» көрсету.III. «Ой толғаныс» кезеңінде «Экипаж» ойыны. Қосымша деректер.І. Әр топ өздерін таныстырады, өсімдік аттарына байланысты, өз ұрандары болады. І.«Қызығушылықты ояту» кезеңінде өз ойларын дәптерге жазып, ортаға салады.ІІ. РАФТ әдісі. ( Р- Рол- өсімдік, А – Аудитория- адамдар, Ф – Форма- хат, арыз, мінездеме, Т – Тақырып- Өсімдікті қорғау.) Өсімдіктер атынан адамдарға жолдау.ІІ Мағынаны ашу мен Ой толғаныс кезеңінде ІІІ. «Қызықты репортаж» әр топтың видео көріністері. І топ «Қыстағы өсімдік көрінісіне тоқтау»ІІ топ. «Бөлме өсімдіктері»ІІІ топ «Дәнді дақылдар» Қорытынды: Біз бүгін өсімдіктер бөлімінен алған білімдерімізді қорытындылап, толықтырдық, бір-бірімізден білім алмастырдық. Сонымен өсімдіктер дүниесінің бірлесітігін Флора дейміз. Ал енді біз жануарлар дүниесінің бірлестігін Фаунаны қарастырамыз. Осыны дәптерлеріңе жазып алыңыздар.Үйге тапсырма: Жануарлар дүниесінің Фаунасы жайлы қызықты деректер жинақтаймыз. Жекеленген оқушыларға: 1. Ш.Қ.О. бойынша «Қызыл кітапқа» енген жануарлар туралы деректер. 2. Жануарлар суреттерін жинақтау.Қолданылған әдебиет.Энциклопедический словарь юного биолого. 7 класс оқулығы. Биология салауаттылық негізі.ІV «Экипаж» ойыны. Оқушылар карточка таңдау арқылы топқа бөлінеді:І. топ. Сайлау, ІІ топ. Барлығы, ІІІ. топ. Делегат, ІV топ. Сенім . осы топтар бойынша мұғалім оқушылардың білімін тексереді.1. Сайлау карточкасын алған топтан мұғалім бір оқушыны өзі сайлап, сұрақ береді.2. Барлығы карточкасын алған топтан барлық оқушыдан сұрайды.3.Делегат карточкасын алған топ іштерінен бір оқушыны дайындап, өздері делегат ретінде сабақ айтуға жібереді.4. Сенім карточкасын алған топ жетекшісі оқушылардан сұрайды, бағалайды, мұғалім сенеді. Қойылатын сұрақтар:1.Төменгі сатыдағы өсімдіктерді атап, біржасушалы және көпжасушалы өсімдіктерді салыстыр.2.Споралы өсімдіктердің түрлері, сипаттама беріңіз.3.Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктері.4.Жабық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліңтері.5.Даражарнақты өсімдіктер деп аталуы, тән ерекшеліктері.6.Қосжарнақты өсімдіктер деп аталуы, тән ерекшеліктері.7.Итмұрын, картор, асбұршақтың гүлдерінің формуласын жазып талдау.8.Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарын ата.
Церопегия құрғақтыққа төзімді келеді. Оны суарылуы қиын жерге де отырғызуға болады, бұл тіпті ол үшін жағымдырақ. Одан басқа, қыста церопегия 10С дейінгі температураны жақсы көтереді. Дегенмен, барлық суккуленттер сияқты, оған да күн сәулесі қажет.

Тағы бір суккулентті өсімдік, халық арасында маймыл не ақша ағашы деп аталып кеткен жасаңшөп (толстянка) те төзімді және күй таңдамайды. Оның жапырақтары қалың және сабағы қатты, ағаш тәрізді. Оның күтімі өте қарапайым. Қыста ол үшін 6-10С температура жеткілікті. Сәйкесінше, судың да қажеттілігі азаяды. Бұл өсімдікке құрғақ ауаның зияны болмайды. Жазда да олардың күтімі қиындамайды, олар таза ауада жақсы өсе береді.

Эчеверия түрлері сырт пішінімен бір-бірінен өте қатты ерекшеленеді. Дегенмен, олардың ортақ сипаты бар: бөл өсімдіктердің күтімі жеңіл. Барлық суккуленттер тәрізді, эчеверия ылғалды жақсы сақтайды. Эчеверияға крассуле мен жасаңшөппен бірдей күтім қажет.
. Үй тапсырмасы
Әр топ дайындаған тамақ өнімдерін таныстырып, жасалу технологиясын түсіндіреді.