?НШІ БАЛАПАН 1-4 сынып аралы?ы
«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Әнші балапан
(сайыс)
Дайындаған: Г.Хамитова
2016 оқу жылыӘнші балапан
1-жүргізуші:Құрметті көрермендер, ұстаздар, «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер!
Көңілдері марқайып бір қалсыншыӨнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
2-жүргізуші:Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен
1-жүргізуші:Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.Ендеше біздің мектебімізде осындай оқушылар барма?
2-жүргізуші:Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық. Байқауымызды бастамас бұрын қатысушыларға баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық.
Музыка пәнінің мұғалімі - Тилепбергенова Жұмагүл
Тәрбие жұмысының орынбасары- Космуратова Гүлбаршын
Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Бисенгалиева Улмекен Қабиқызына береміз.
Сахнада ән сап жүредіАйымды бәрі біледіҚазіргі бізге тартуыӘсем ән «Бала тілегі»3 «б» сынып оқушысы Қабиева Айымның орындауында «Бала тілегі» әні
1-жүргізуші:Бал дәуренім тәтті балдайОтаным менің әсем қандайЕркін елім еркелеткенМен қызымын жазық маңдай
2 «б» сынып оқушысы Сафи Диананы «Ақ мамам» әнімен ортаға шақырамыз.
2- жүргізуші:Мұңға батқан жүректі ән оятарТәтті үннің әсері жан оятарЖанға қуат жүрекке шаттық сыйлапЖас балаша көңілді жадыратар
Келесі кезекте Досжан Бағдәулетті «Жаяу» әнімен қарсы алайық.
1- жүргізуші:Ертең-ақ мен ержетіпӘнші ағадай боламынҮлгі тұтып жақсыныМенде әнге саламын,-дей келе 1 сынып оқушысы Изгалиева Аружанды «Айта берсін»әнімен қарсы алыңыздар.
2- жүргізуші:Орындап ата-ана өсиетінӘлиханмын үлкенге бас иетінПаш етем ер жеткен соң бар әлемгеЖаңарған нағыз қазақ қасиетін-, дей келе 2 «А» сынып оқушысы Жұмабаев Әлиханды«Қазақ жастары» әнімен ортаға шақырайық.1- жүргізуші:Келесі қатысушымыз «Әке-Ана» әнімен Аманай Алтынбекті қарсы алыңыздар.
Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.Ендеше осы өнер қайдан шығады.2- жүргізуші:Ерхат, сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек.1- жүргізуші: Әрбір ғажап әлемге арнапӘсем бір ән айтайын - дей келе Аманкелдіқызы Хиуазды «Көңілді күн» әнімен ортаға шақырамыз
2- жүргізуші:Уа ,туған жер, дариға алтын бесікЖүрегім дүрсілдейді атыңды естіпБір шумақ саған арнап ән жазбасамСағыныштан кеудеме келеді өксік дегендей«Сәлем саған Туған жер» әнімен Сағын Ақниетті шақырамыз2- жүргізуші:Ауылымның аңсаймын таңғы жұпар ауасынШаршағанда жаныма өзің ғана дауасыңЖас дәуірдің түлегімізӘке деп соққан жүрегімізӘрқашанда аман бол,Осы біздің тілегіміз - дей келе сахнаға «Әкешім» әнімен Оңаев Бейбарыстың өнерін тамашалайық
2- жүргізуші:Достық, достық жасасыншы мәңгілікДостықты жүрейік тек ән қылыпТатулық пен достық біздің ОтандыЖарастырсын бейбітшілік сән құрыпСахнада « Жаса Қазақстан » әнімен Мұрат Қуатты қарсы алайық.
1-жүргізуші:Соңғы сайыскеріміз Биғали Мәулетті «Анашым» әнімен ортаға шақырамыз.2- жүргізуші:Енді «Әнші балапан» байқауының жеңімпазын анықтау үшін әділқазы алқаларына сөз кезегін береміз. ------------осымен бүгінгі «Әнші балапан» атты сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!