Технологическая карта на тему: ??рта?анды киіндіреміз. Таным. Жаратылыстану.
«Тексерген»
Оқу ісінің меңгерушісі ___________ Сарсенова А.М.
Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Ботақан» ІІ -кіші аралас тобында
Тәрбиеші: Жуманова А.Б.
Күні,айы,жылы: 15.12.2016 ж.
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметінің түрі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Құртақанды киіндіреміз».
Мақсаты:
БМ: Төрт жыл мезгілінде ауа райы әртүрлі болатындығын түсіндіру.
ДМ: Маусымдық өзгерістердің адамдардың киім кию үлгісіне әсерін тигізетіндігін түсіндіру.
ТМ: Әр мезгілге байланысты киім кию үлгісіне әсерін тигізетіндігін түсіндіру.
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ –жауап, әңгімелесу, ойын, сергіту, мадақтау, қорытындылау.
Алдын-ала жұмыс: Құртақандар туралы әңгіме жүргізіп,суреттер көрсету.
Қажетті көрнекі құралдар: жаздық, қыстық киім үлгілері көрсетілген заттық суреттер, сандық, киім түрлерінің суреттері, үлестірмелі матералдар.
Билингвальді компонент: құртақан-гном-gnome,киім-одежда-clothes, тон-шубa-fur coat, мойынорағыш- шарф-scarf, етіктер-сапоги-boot.
Оқу іс-әрекетінің кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Қызығушылығын ояту кезеңі
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне барлығымыз шеңбер болып тұрып өлең жолдарын айтайық.
-Күннің шапағаты қандай керемет!
Сәлем, достым,
Мен ғой досың!
Таңғажайып сәт. Ортаға сандық алып шығамын.
-Балалар, мына сандықты кім әкелген?
Сандықта жазу бар екен, кәне оқиық.
«Мен ғажайып сандықпын. Кәне, достым, қақпағын аш!»
Сандықты ашамын, оның ішінен құртақанды алып шығамын.
-Балалар, мына құртақан қонаққа бармақ.
Бірақ қандай киім киерін білмей жатыр.
Құртақанға киім таңдап берейік. Балалар амандасады.
Балалар шеңбер болып тұрып өлең жолдарын айтады.
Сандыққа қызыға қарайды.
18351520955
Іздену ұйымдастыру
-Білімді өзектендіремін.
Бір-бірлеп сандықтан киімді алып шығамын.
Мынау не?
-Бұл заттарды бір сөзбен қалай атауға болады?
-Осы киімдеді бір сөзбен қалай атауға болады.
-Осы киімдерді құртақанға кигізуге бол ма? Онда оған қандай киім керек?
Киім туралы жұмбақтар шешу.
-Сандықта тек жаздық киімдер ғана, ал қыстық киімдер туралы жұмбақтар бар екен.
Енді оларды шешу керек.
Есігі-біреу,
Бөлмесі-бесеу. (Қолғап)
Мойынға ол оралып,
Жылулықты сақтайды.
Аяздан бізді қорғайды. (Мойын орағыш-шарф)
Осыдан кейін тәрбиеші сандықтан жұмбақтардың шешулері болған киімдердің суреттерін алып шығады.
-Ал мына киімдерді құртақанға киуге болама?
-Киімді қалай күтуге болады?
Саусаққа арналған жаттығулар.
Музыка әуенмен кеудешелерінің түймелерін ашып, қайтадан салулары керек.
Сұрақтарға жауап береді.
-Сарафан, жейде, шолақ шалбар.
-Киім
-Жоқ, болмайды.
18351582550
-Қолған
-Мойынорағыш
-Болады. Бұл қыстық киімдер.
-Киімді кірлетпей кию керек.
Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.
Рефлексифті
қорытындылау
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін қортындылаймын. Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: маусымдық киімдерді ажырата алуға арналған тапсырмаларды.
игереді: маусымдық өзгерістердің адамдардың киім кию үлгісіне әсерін.
қолданады: қыстық киімдерді жаздық киімдерден ажырата білу дағдыларын.