Технологическая карта на тему: Тиінге арнал?ан жи?аз. Таным. Жаратылыстану.


«Тексерген»
Оқу ісінің меңгерушісі ___________ Сарсенова А.М.
Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Ботақан» ІІ -кіші аралас тобында
Тәрбиеші: Жуманова А.Б.
Күні,айы,жылы: 08.12.2016 ж.
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметінің түрі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Тиінге арналған жиһаз».
Мақсаты:
БМ:Жиһаздар туралы алған білімдерін толықтыру.
ДМ: Дидактикалық ойын ойнату арқылы зейіндерін,логикалық ойларын дамыту.
ТМ:Тұрмыстық заттарды ұқыпты ұстауға баулу.
Әдіс-тәсілдері:Жұмбақ жасыру,ойын ойнату,сұрақ-жауап
Алдын-ала жұмыс:Жиһаздардың суреттерін көрсетіп ,әңгімеге тарту.
Қолданылатын көрнекі құралдар:Бөлме суреті,жиһаз сұлбасы,бөлме нобайы.
Сөздік жұмыс:Жиһаз,дупло дерева.
Билингвальді компонент:Жиһаз-мебель-furniture,тиін-белка-sguirrel,керует-кровать-bed.
Оқу іс-әрекетінің кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Қызығушылығын ояту кезеңі
Жылулық шеңбері.
Қайырлы таң –көк аспан,
Қайырлы таң-жер ана
Қайырлы таң- достарым
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос.
Cандықты көрсетіп,оның ішінде бір жануардың тығылып отырғанын айтамын. Егер жұбақтың шешуін тапса,онда сол жануар сабақта қонақ болатынын айтамын.
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді. Балалар қимыл қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.
Қызығушылығын көрсетеді.
Жұмбақты тыңдайды.
Шешеді.
-Шешуі:тиін.
Іздену ұйымдастыру
1.Білімді өзектендіру.
-Мынау-тиін,ол орманда тіршілік етеді.Ол ағаштың қуысын ұя жасайды.
Ал біз қайда өмір сүреміз?
-Үйлерімізде бөлмелерімізде қандай заттарымыз бар?(Жиһаздар)
-Жиһаз-үйге арналған заттар.Олар:төсек,диван,кітап сөресі т.б.
Бөлме суретін көрсетемін.
-Иә,тиін,біздің үйлеріміздің бәрінде осындай жиһаздар бар.
Тиін:
-Ал менің ұямда ешқандай жиһаз жоқ.Ал мен ыңғайлы жиһаз болғанын қалар едім.Бірақ таңдай алмай жүрмін.Көмектесесіңдер ме?
-Балалар, тиінге жиһаз таңдауға көмектесейікші.Бәріміз дүкенге барайық.
2.Билингвальды компонент: жиһаз-мебель,тиін-белка,керует-кровать.
3. Д/О:«Жиһаздар дүкені»
-Міне,дүкенге де келдік.Енді тиінге жиһаз қарастырайық.Бір бөлмеге жиһаздарды орналастырып көрейік(жапсырмаларды жапсырады).
4.Сергіту сәті.
Қолымызды жаяйық,
Құстай қанат қағайық.
Аяқты бір басыңдар,
Кәне,тағы,тағы да.
Қол соғайық жабыла,
Кәне,тағы,тағы да!
5.Жиһаздар туралы жұмбақ шешу.
Болғанда бір ауызға екі қақпақ,
Еркінде адамзаттың ашып,жаппақ.
Қаншалық өрнек-өрнек азық-ауқат,
Ішінде сол нәрсенің қойған сақтан.
6.Жиһаздар туралы әңгіме жүргізу.
-Тиін,барлық жиһаздарды есіңде сақтап қалдың ба?
Балалар,орманда тиіннің достары көп.Солардың бірі-мына жануар(Аюдың суретін көрсетеді).Таныдыңдар ма?Аюдың көңіл күйі жоқ екен.Оның үйіне біреулер кіріп,жиһаздарын сындырып тастапты.Бұл кім болды екен? Бөліктері жетіспейтін жиһаздарды көрсетемін.Балалар қай бөлігі жетіспейтінін айтады.
-Балалар,жиһаздар неге сынып қалды деп ойлайсыңдар?
-Жиһаз сынбау үшін оны қалай ұстау керек?
Енді аюға көмек беруіміз керек,жиһаздарды орын-орына орналастыру керек.
7.Жеке жұмыс. «Орына қойып шық» ойыны.Магнитті тақтаға жиһаздар бейнеленген суреттер жапсырылады.Өз орнына орналастыу ұсынамын. Сұрақтарға жауап беріп,әңгімеге қатысады.
349885-1772920
Ынталарын көрсетеді.
Қайталайды.
Жиһаздарды таңдап алып,орналастырады.
Сергіту сәтін орындайды.
-Жұбақтың шешуі:шкаф.
Жиһаздарды қалай күтіп ұстау керектігін әңгімелейді.
«Үш аю мен Маша» ертегісін естеріне түсіреді.
Рефлексифті
қорытындылау
Оқу іс-әрекетін қортындылаймын.
-Біздің топта қандай жиһаздар бар?
-Жиһаздар не үшін қажет?
Тиін балалармен қоштасады. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
біледі: жиһаздарды бөлмеге орналастыруға берілген тапсырманы.
игереді: жиһаздар және олардың тұрмыстағы қажеттілігі туралы берілген мәліметтерді.
қолданады: жиһаздар туралы алған ақпараттарды.